Құқық | Құқық нормалары

Құқық жалпы ұғым болып табылса, құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратын, дара ұғымдарының көп сандағы жиынтығы. Құқықтық нормалар құқықтың формалық болмысы, өмір сүруінің тыныс-тіршілігі, объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы өмір сүреді, қоғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады.
Норма сөзі латын тілінен аударғанда «үлгі», «ереже» деген мағынаны білдіреді. Құқықтық нормаларды қабылдау, бекіту әр уақытта мемлекет тарапынан болды және олардың мазмұнында қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің мінөз-құлықтары, әрекеттері туралы информация бекітіледі. Субъект өмірдегі сан алуан ситуацияларға тап болған жағдайларда оның сол сөттегі әрекеттері құқық нормаларымен реттеледі, немесе қорғалады. Мысалы, субъект үйін сату үшін нотариустың қатысуымен сату туралы келісімшарт жасауы тиіс, некеге тұру үшін кәмелеттік жасқа толу керек т.б. әрекеттер.
Құқықтық нормалардың өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:
1. Құқықтық нормалар бекіткен үлгі, талаптар бәріне бірдей қолданылады. Құқық нормаларының мәтінінде көрсетілген информация ситуацияға түскен субъектілердің әрекеттерін реттейді, шешімін бекітеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 23-бабы (нормасы) он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмлелерді олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды деген ережені бекіткен. Яғни, бұл норма 14 жасқа толмағандардың бәріне бірдей болып табылады.
2. Құқық нормаларында халықтың, таптардың, топтардың, тіпті жеке адамның еркі де бекітіледі. Адамзат тарихында жеке адамның еріктерінің құқықтық нормаларында бекітілуі көп бол¬ған. Мысалы, коммунизм идеологиясының негізін қалаушы Карл Маркс өзінің «Коммунистік партияның манифесті» деген еңбегінде буржуазиялық қоғамдағы мұрагерлік туралы заңның өте қатаң талаптарын жоюды өз өмірінен алған. К.Маркс өзінің құдай қосқан әйелі бола тұрып, отбасында қызметші болған Ленхен деген әйелмен көңілдес болып, бала туғызған. Әйелінен сескенген К.Маркс Ф.Энгельске сәбиді «менікі» дегізеді, бірақ оған өзінің мұрасын бөліп беруді армандайды. Өкінішке орай сол көздегі заң бойынша заңды некеден туған балаларға ғана мұрагерлік берілген. Социалистік идеологияны жазу барысын¬да К.Маркс «Коммунистік партияның манифесінде» қатаң мұрагерлік заңын жоққа шығаруды талап етті.
3. Құқықтық нормалар қажет болған жағдайларда мемле¬кеттік күшпен қамтамасыз етіледі. Сот, прокуратура полиция және басқа да мемлекеттік органдар құқық нормаларын бұрмалаған немесе орындамаған субъектілерге күш қолданады, жауапқа тартады.
Құқықтық норма дегеніміз мемлекет бекіткен, бәріне бірдей, формаларды — айқын және орындалуы, сақталуы, қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін мінөз кұлықтың үлгісі. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқық нормаларын іc жүзіне асыру

Заң шығару, құқық нормаларын қабылдау қоғамдық қаты¬настарды реттеудің тек басы ғана. Сол қабылдаған нормативтік - құқықтық кесімдерді іс жүзіне асыру, қоғамдық қатынастарды тиімді реттеу, нормаларға қозғалыс, жан беру ең күрделі мәселелердің бірі. Іс жүзіне асырылмаған құқық нормалар тек ғана жақсы тілек ретінде қалып қояды, жансыз нәрсе ретінде қабылданды. Құқық нормалары қабылданғаннан кейін мемлекеттік аппараттың барлық буындары оларды іс жүзіне асыруға белсенді қызмет атқарулары тиіс, құқық жасаушы органдардың қоғам¬дық қатынастарды реттеудегі алдына қойған мақсаттары орындалуы тиіс. Сондықтан құқық нормаларын іс жүзіне асыру құқық нормаларының функцияларының формасы, олардың қоғамдық қатынастарды реттеудегі қызметі. Егер қабылданған құқықтық нормалар іс жүзіне асырылып жатса, онда олардың әрекеті және қүші бар деген мағананы білдіреді. Ал, қоғамдық қатынастарды реттеуде әрекетсіздіқ танытып жатса қағаз жүзінде қалып қояды. Сондықтан құқық нормаларын іс жүзіне асырудың мәні өте зор....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқық нормаларын талқылау

Құқық нормалары мемлекеттің бекіткен әмірі ретінде құқықтық қатынас субъектілерінің мінез-құлықтарының жал¬пы сипаттамаларын жол-жора, ереже ретінде ғана айқындайды. Себебі, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өмірде жасалатын барлық іс-әрекеттерін құқық нормаларына сиғызу мүмкін емес. Мысалы, ұрлық құдайдың құтты күні сан алуан түрде, әр түрлі сипатта жасалынады. Түнде, күндіз және заттар үйден, қоймалардан, қалтадан, гараждан, мейманханадан, автомобильден, магазиннен, базардан ұрланады. Заң шығарушы орган ұрлықтың құрамының барлық сипаттамаларын құқықтық нормада бекітпейді тек нағыз мазмұнын, қоғамға қауіпті ерекше сипаттарын ғана белгілейді. Объективтік жағынан ұрлық тек қана «бөтен мүлікті жасырын ұрлау» деген іс-әрекетті бекіткен. Адамды жауапқа тартуға біреудің мүлкін жасырын ұрлағаны жеткілікті. Ал, қай жерден, кімнін мүлкі екені көрсетілмейді. Бір сөзбен айтқанда заң шығарушы органның құқық нормаларында субъектілерінің бекітілген мінез-құлықтарын толыққанды, терең түсіну үшін әділетті мағынада іс жүзіне асыру және дұрыс қолдану үшін оларды талқылау қажет. Бұл процесс ойлау арқылы болады және соның нәтижесінде құқық нормасының мәні айқындалады. Жалпы құқық нормаларын талқылаудың тарихына көз жүгіртетін болсақ заңның нормаларын, оның сөздік мәнін түсіндіруге тыйым салынғанын аңғарамыз. Кезінде Юстиниан, Пий IV, Наполеон I, ШЛ.Монтескье, Ч.Беккарна сияқты ірі қайраткерлер заңға түсінік беріп, оны талқылауға тыйым салуды талап еткен. Олардың ойынша мұндай әрекеттер заңның мазмұнын бұрмалауға әкеп соқтырып, заңсыздықка тікелей жол ашады.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқық туралы түсінік және оның мемлекетпен өзара байланысы

Кез келген қоғам өзін-өзі реттегіш жүйе ретінде танылатыны баршамызға мәлім. Өйткені, қоғам өзіндегі тәртіпті әр түрлі құралдармен реттеп отырады. Мемлекет пайда болғанға дейінғі аралыкта тәртіпті рулық тайпалықк әдет-ғұрып нормалары арқылы реттеп отырған. Сондықтан да болар оларды орындау әр рудың, тайпаньщ азаматтық борышы боп қалыптасқан. Орна-тылған тәртіпті орындамағандарға өте катаң жаза колданылып отырған, ен ауыры - рудан, тайпадан қуып жіберу, мұның өзі өліммен пара-пар болатын, өйткені жалғыз адамның өмір сүруі о кезде күмәнді, сезік тудыратын. Бертін келе өндірғіш күштердің күрделенуіне байланысты қоғамның әлеуметтік күштерінің де күрт өзгерілуіне душар болды. Сөйтіп, бара-бара алғашқы қауым ыдырап, мемлекеттің пайда болуына әкеп соқтырды. Ендіғі жерде бұрынғы тайпалық, рулык әдет-ғұрыптар арқылы қоғамдағы тәртіпті сақтап тұру мүмкін еместі. Сөйтіп, қоғамның объективтік қажеттілігінен, яғни, жеке адамның сана-сезіміне байланысты емес туындайтын катынастарды реттеу - құқықтық ережелер болып табылады. Мұндай объективтік қажеттіліктің жаңа түрін құқық нормалары немесе құқықтық нормалар деп атаймыз. Бұлардың алғашқы тапсыз қоғамдағы әдет-ғұрып ережелерінен өзгешелігі олардың мемлекетпен ты¬ғыз байланыстығында. Құқық нормалары - бұл экономикадан туындайтын әдет-ғұрып сияқты өздігінен стихиялы түрде пай¬да болмайтын, кұкыкшығармашылык деп аталатын мемлекеттің айрыкша органдарының арнайы тағайындайтын қоғамдағы адамдардың мінез-құлық (тәртіп) ережесі, өйткені олар құқық нормаларын шығарады. Сөйтіп, мемлекет өзіне қажетті құқық нормаларын тудырады. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқық ұғымы

Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерге көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады.
Құқық дегеніміз – мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.
Құқық нормалары өзара үйлесімді жұмыс істеуі қажет. Осы мақсатта олар салаларға, салашықтарға және құқық институттарына бөлінеді. Мұндай құрылым құқық жүйесі деп аталады.
Құкық жүйесі құкық нормаларынан тұрады, аталған нормалар құқық саласын кұрайды, салалар ішінде құқық нормалары құкық институттарына топтастырылады. Біркатар іргелі құқық салалары құқық, салашықтарына бөлінеді.
Кез келген құкық саласы өзінің пәні мен құкықтық реттеу әдістеріне ие. Құкық нормалары арқылы реттелінетін біртектес қоғамдық қатынастар құкықтық реттеу пәні болып табылады. Құкықтық реттеу әдісі дегеніміз - біртектес қоғамдық қатынастарды сапалы құкықтық ретттеуді жүзеге асыруға көмектесетін заңдық тәсілдер.
Құкықтық реттеудің мынадай негізгі әдістері бар:
 имперактивті (тегеуірінді түрде) - тыйым салу, міндеттеу және жазалауға негізделген жазбаша өкім әдісі;
 диспозитивті - рұқсат етілуге, үйлестіруге, бостандық пен теңдікке негізделген тараптардың тең құкықты әдісі.
Сондай-ақ қосымша әдістер де болалы:
 көтермелейтін – құрметтеуге лайықты іс-әрекет үшін марапаттау әдісі;
 ұсынылатын - мемлекет пен коғам үшін лайықты мінез-құлықты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі.
Конституциялық құқық ұғымы
Құкық жүйесінің басты саласы - конституциялық құқық болып табылады (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқык, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, каржы құқығы және т.б. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Қоғамды басқаруда мемлекет пен құқық сан алуан нормативтік актілерді өмірге әкеліп, ескіргенін жаңартып, кемшіліктері болса толықтырып отырады. Бұл процесте заңға көп күрделі талаптар қойылады. Заң неғұрлым мазмұны жағынан өмір талаптарына сәйкес, халықтың ойы мен негізгі мүдделерін терең қамтыса, нысаны жағынан да әбден жетілсе соғұрлым ол тәуелсіз демократиялық мемлекет құру күресіне тиянақты үлесін молынан қосады, заңның беделі артады. Сол себепті заң жобасын жасауға оны жан-жақты талқылауға көпшілік халықтың, қоғам ұйымдарының белсене қатысуы біздің жалпы халықтық мемлекетімізде заңдылыққа айналды. Өте маңызды заң жобалары халықтың талқылауына түседі. Заң қабылдайтын орган – Парламент көпшіліктің ұсыныстарына жіті көңіл бөледі, оның тұрақты комиссияларында мұқият тексеріліп, Парламентке арналған ұсыныстар алынады. Демократияның қағидалары осылайша заң қабылдау саласында іс жүзіне асады. Заң жобасы туралы пікір айтуда азаматтарға, олардың қоғамдық ұйымдарына шек қойылмайды. Мұндай ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарда жан-жақты қаралады. Заң жобасын ұсынудың ерекше түрі бар, оны депутаттар тобы мен мемлекеттің Үкіметі ғана жасай алады. Олардың ұсынған заң жобалары Парламенттің талқылауына түседі. Заңға тәуелді нормативтік актілер де осылай жан-жақты талқылаудан өтіп барып қабылданады.
Құқық шығармашылық процесінің сапасын жақсартуға екінші зор үлес қосатын еліміздегі сан алуан нормативтік актілерді топтастырып, жүйе-жүйеге, сала-салаға бөліп реттеп, отыру. Қоғамның диалектикалық даму барысында мемлекеттік органдардың құқықтық нормаларын жасақтау міндеті де күшейе түседі.....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚҰҚЫҚҚА САЙ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ

Қоғамдық қатынастар құқық нормаларымен реттелетін құқықтық қатынастарды қалыптастырады. Құқықтық қатынастар арқылы құқық нормалары іс жүзіне асады, қоғамдық қатынастарды реттеу және қорғау функциялары қалыптасады. Қоғамдық қатынастардағы субъектілердің мінез-құлықтары сан-алуан, көп жағдайда құқыққа сай келмейтін мінез-құлықтарды қалыптастырады, құқыққа қайшы келетін іс-әрекеттер жасалады. Құқық бұзушылық қоғамға, мемлекетке жалпы басқару ісіне өлшеусіз нуқсан келтіреді, орны толмас, ешқандай өлшеммен өлшенбейтін зардаптар мен адам психологиясын мәңгі жаралайтын іздер қалдырады. Сондықтан қоғамның, мемлекеттің стратегиялық мақсаты барлық әлеует, мүмкіндіктерді пайдалана отырып, адамдардың құқыққа сай мінез-құлықтарын қалыптастыру болып табылады. Бұл өте күрделі процесс. Себебі субъект, жеке адам тек ғана әлеуметтік жан ғана емес, сонымен қатар биологиялық қасиеттерге ие табиғаттың да ажырамас жаны бар организмі. Сондықтан жеке адамның құқыққа сай мінез-құлқын қалыптастыру үшін аталмыш жағдайларды бөліп зерттемей, бір мағанада, тұтастық ұғымында тану ғана ақиқатты ғылыми нәтиже бермек.
Құқыққа сай мінез-құлық деп жеке адамның ішкі сезімінің психологиялық бағыттарынан, сырттан қабылданған информациялық-тәрбие және әлеуметтік-экономикалық, микро, макро орта әсерінің тиімді нәтижесінде қалыптасқан мінез-құлықты айтады.
Е.К.Нүрпейісов өзінің зерттеулерінде құқыққа сай мінез-құлықты әлеуметтік бағыттағы құқыққа сай мінез-құлық жеке бағыттағы құқыққа сай мінез-құлық және эгоистік бағыттағы мінез-құлық — деп бөліп қарайды. Құқыққа сай мінез-құлықтың формалды нышаны құқық формаларының талаптарын сақтау, ап теориялық мәні күрделі тартыстар мен шиеленістерден қалыптасады.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну

Қандай да бір ғылым болмасын,оның ішінде,әсіресе,қоғамдық және гуманитарлық ғылымның әлеуметтік жағы басым болды.Ғылым қоғам мен адамның қандай қажеттілігінен,мұқтаждығынан пайда болғанын,ғылым осы қажеттілік пен мұқтаждықты қалай іске асырып отыр,оның қоғамға тиімді жақтары неде,халықтың материалық,мәдени,рухани дамуына қандай деңгейде және қалай әсер етіп отыр,оның басқа қоғамдық құбылы-үдірістерімен,ғылымдар мен байланыс-қатынастары,болашақ даму бағыттары,қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай,т.б., бұл мәселелер әрбір ғылымның әлеуметтік жақтарын құрайды.
Бұл тақырыпта жалпы әлеуметтанудың арналуы теориялардың бірі – құқықтың әлеуметтік аспектілері сөз болмақ.Құқтық әлеуметтану жалпы әлеуметтанудың жан-жақты терең дамуымен, оның жалпы құқық ғылымы мен іштей тығыз байланыстарының нәтижесінде пайда болады.
Құқықтық әлеуметтану теориясы өте күрделі. Сондықтан ол осы уақытқа өз деңгейінде қалыптаса алмай келеді, өйткені, ғалымдардың арасында бұл мәселе бойынша қалыптасқан ортақ ой – пікір әлі жоқтың қасы.Ой салыстыру, таластар әлі күнге дейін қызу жүріп жатыр.
1962-ші жылы Ү Халықаралық әлеуметтану Конгресінде құқық әлеуметтануы ресми түрде ғылыми білімнің бір саласы ретінде танылған болатын, бірақ оның табиғи мәні, зерттейтін объектісі, пәні және оның қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар арасында алатын орны осы уақытқа дейін әр түрлі талқыға түсіп келеді.Осы тұрғыдан алғанда шетелдік әдебиеттерде құқықтық әлеуметтануды жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясы деп қараса, Ресей құқықтанушылары құқық әлеуметтануын жалпы құқық ғылымның бір саласы және ол құқықтық ғылым деп санайды. Ал Ресей әлеуметтанушылары Э.В. Тадвосян, С.В. Боботов, т.б. шетелдік әлеуметтанушылардың көзқарастарын жақтайды. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықтық нормалар.

Адамдар қоғамдық өмiр сүрiп жатқандықтан, олардың өзара қатынастары сол қоғамның саналы қызметiнiң нәтижесi болып табылатын олардың өздерiн ұстау ережелерiмен реттеледi. Жалпыға бiрдей мiндеттi осы ережелердi сол қоғамда өмiр сүрiп жатқан адамдардың бірi сақтауға тиiстi. Адамда өзiн және әлемдi тани бiлетiн ақыл бар, қабiлет бар. Сондықтан ол өзiнiң және өзгелердiң әрекеттерiне баға бере алады және олардың салдарларын алдын ала көре алады. Адамдардың өзара қатынастарында қалыптасқан нормалар қоғамның рухани даму үрдiсiнде жетiле келе жалпыға ортақ мiндеттi әлеуметтiк тәртiптердің жиынтығы моральдың қалыптасуына алып келеді. Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздер ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз (грек.socitas - қоғам лат nopma.- ереже).
Әлеуметтік нормалар адам өмірінің барлық жағын оның қоғамдық қызметін атқару кезінде немесе тұрмыстағы өмірінде өзге адамдармен қарым-қатынас жасау үрдісіндегі сөйлесу, өзін ұстау, қимылдауда ұстанатын құндылық бағдарларын қамтиды.
Сыпайылық ережелер адам мен адамның арақатынасын көрсететін жүздесу формаларын айқындайды. Дәстүр, мораль, құқық және этикет біріге адамдардың әр топтарының тәртібін ретке келтіретін, жалпыға бірдей әлеуметтік нормаларды құрайды.
Әлеуметтік нормалар құқық және мораль болып, үлкен екі салаға ажыратылады. Әлеуметтік нормалардын мемлекеттің пәрмен мен заңдастырылған бөлігі құқықты, мемлекеттің пәрмен мен зандастырылмаған бөлігі моральді құрайды. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықтық жүйе

Қоғамда құқық жасаушылық барысында қабылданып, қалыптасқан құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде бір-бірімен тығыз байланыста болады. Оларды жеке бөліп алып қарауға болмайды және қабылданған құқық нормалардан қалыптасқан нормативтік құқықтық келісімдер хаос пен ретсіздікке болмайды. Олардың барлығы жеме-жемге келгенде мемлекетте бір жүйелі құқықты кұрайды. Осыған орай әр мемлекеттің құқықтық жүйелері бірнеше жағдайларға байланысты қалыптасады. Атап айтқанда халықтың этникалық ерекшеліктері, мемлекеттің экономикасының өсу дәрежесі, қоғамдағы саяси, әлеуметтік жағдайлар, әдет-ғұрып, дін және басқа да қоғамдық қатынастардан туындайтын факторлар тікелей әсерін тигізеді. Бірақ, қандай экономикалық саяси жағдайлар болмасын мемлекеттің құқықтық жүйесі бір бағытта дамып отыруы қажет, олардың арасында қарама-қайшылықтар болмауы тиіс. Міне, осыған байланысты құқық жасаушылықпен шұғылданатын мемлекет органдардың негізгі міндеттері құқықтық жүйеге ғылыми тұрғыдан талдау жасап, зерттеп отырып, олардың арасындағы кемшіліктер мен қарама-қайшылыктарды тез арада жойып отыру болып табылады.
Құқықтық жүйе дегеніміз бір-бірімен тығыз байланыстағы құқық нормаларының, институттарының және құқық салаларының қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғауға бағытталған ішкі құрылымы. Құқықтық жүйе белгілі бір тәртіппен топтастырылған құқықтық нормалардың жиынтығы, оның қалыптасуы қоғамның даму ерекшеліктеріне тікелей байланысты болады. ....
Рефераттар
Толық