Үнді-будда мәдениетінің қалыптасуы

Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі – Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті.
Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б.2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі – Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңіне тарата бастады. Ведалар дегеніміз – діни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Үндінің атақты жасушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді «Халықтың қуаныш-шаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поэтикалық куәгері».
Шамамен б.з.б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді – арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Өйткені, упанищадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән – мағынасы, адамды ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып келеді. Ең бастысы – упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапты. Брахман – абсолютті шындық, абсолютті руханилылық, бұл дүниеде одан тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда.
Бір-бірімен өзара тығыз байланыста, ірі табиғи бірлікте болуына қарамастан үнді философиясының алты классикалық мектебі де адамның әлемге дүниетанымдық қарым-қатнастарының сан саласын қамтып, танып-білудің түрлі әдістерін қарастырады. Құрбандық шалу – адамның құдай алдындағы өз парызын (дхарма) өтеуі болып саналады, онсыз «карманың» құрсуынан адам еш уақытта да шыға алмайды. Кең мағынада алғанда карма дегеніміз - әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады.
Кей жағдайларда, жоғарыда атап көрсеткен «мимансаны» атеистік ілімге де жатқызады, өйткені ол дүниенің атомдардан тұратындығын мойындайды. Сөйтіп дүниені материалистік тұрғыдан сипаттаудың арқасында құдайды мойындаудың мәні жойылады.
«Веданта» брахманизмде ерекше орын алады, тіпті қаншама ғасыр өтсе де оның бүгінгі таңда да көптеген жақтаушылары бар. Х1Х ғасырда Веданта мәселелерімен үндінің атақты ғалымы Вивеканада, ал ХХғ.Р.Тагор, тіпті мемлекет қайреткері Д.Нерудің өзі де айналысқан. Веданта дүниенің жаратылуын Брахманмен байланыстиырады. Бұл күйде Атман деп атайды, ол адамды ажалдан құтқарады. Сөйтіп өліп бара жатқан тіршілік иесі қайтадан жаңғарады. ....
Рефераттар
Толық