Экономика | Қазіргі заман мәдениеттің дамуы

БҮГІНГІ әлемдегі мәселелердің ішінде Қазақстанға да қатысы бар мына бір көкей¬кесті проблема бой көрсетіп тұр. Мәселе адамзатты тұщы сумен қамтамасыз ету туралы. Халықаралық сарап¬шылардың соңы болжамдары бойынша, ХХІ ғасырдың аяғына қарай әлемде ауыз су энергетикалық және шикізат ресурстары сияқты ең құнды ресурсқа айналады. Өйткені, Жер шарын¬дағы су қорларының 97,5 пайызы ащы су да, тек 2,5 пайызы ғана тұщы су, ал оның өзі іс жүзінде мұзарттар мен жер асты қойнауларында шоғырланған. Ал адамзатқа қолжетімді өзендерде, көл¬дерде, су қойма¬ларындағы сулар жер үстін¬дегі судың 0,007 пайызын ғана құрайды. Мамандардың пікірі бойынша, 2015 жылға қарай Орта және Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия және Солтүстік Қытай үшін ауыз суды бөлу негізгі мәселеге айналады. Сарап¬шылардың пікіріне қарағанда, болжамалы болашақта бұл мәселе шетін сипат алып, әртүрлі шиеленістердің көзі болып, таяу арада адамзат үшін аса өзекті мәселеге айналады.
Бүгінде жаңа әлемнің қоғамдық-саяси өмірінің саяси, әскери, экономикалық, мәдени және экологиялық салаларында өзін¬дік ерекше ахуал қалыптасты. Және олар бір-бірімен өзара тығыз қатынастар жүйе-сінде. Міне, дәл осы фактор қазіргі әлем келбетінің ерекшелігін бейнелейді әрі оның дамуын ынталандырады. Сондықтан, қазіргі жаңарған әлемді капитализм дамуының экспансионистік логикасымен, америкалық бұқаралық мәдениеттің әлемге жаппай таралуы¬мен немесе әскери экспансиямен түсін¬діру біржақты, жеңіл әрі тар өрісті болып табылады. Қазіргі кезеңдегі әлем дамуының жаңа кезеңін тану және білу үшін осы заманғы жаһандық, әлемдік құбылыс¬тардың жай-күйі, олардың өзара қимыл бірлігі мен байланыстарының динамикасын тереңнен пайымдау қажет.
ХХ ғасырдың аяқталуымен саяси басқару мен дүниежүзілік саяси ұйымның негізгі нысаны болған империялардың орнына халықаралық реттеу мен басқарудың көп¬салалы, тарам-тарам аймақтық және әлемдік жүйелерімен бірге олармен көп салалы байланыстағы ұлттық мемлекеттердің де қалыптасқан жүйесі келді. Егер бұдан бұ¬рын¬ғы тарихи дәуірлерде дүниеде барлық, немесе көпшілік батыс елдерінің гегемо¬ниясы орын алса, бүгінгі дәуірде дара әлеует¬ті гегемон қалды. Ол – АҚШ.. ....
Рефераттар
Толық