file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Биология | ДИСПЕПСИЯ

ДИСПЕПСИЯЛАР



Балаларда ас қорыту бұзылыстары жиі диспепсия (грек. dispepsia қорытылмау) түрінде кездеседі.

Диспепсия — тамақтанудың бұзылуынан немесе микробтардың әсерлерінен туындайтын тез дамитын ас қорыту бұзылысы. Диспепсия қарапайым, уытты және ішектен тыс (парентериалдық) себептерден дамитын болып бөлінеді. Бұл кезде құсу және іш өту (грек. diarrheo — диаррея), зат алмасудың бұзылыстарымен сипатталатын көптеген көріністер пайда болады.

Қарапайым диспепсия балалардың қоректенуі бұзылғанда (артық тамақ бергенде, қосымша тамақтың дұрыс берілмегенінде, жасанды тамақтандыруға ауыстырғанда) пайда болады.

Уытты диспепсия бактериялардың әсерлерінен туындайды немесе қарапайым диспепсияның асқынуынан болуы мүмкін.

Ішектен тыс (парентералдық) себептерден пайда болатын диспепсия дене қызуы көтерілуіне әкелетін жұқпалы аурулар кездерінде дамиды. Бұл кезде диспепсиялық құбылыстар аш ішектердің бүрлерінің құрылымы өзгерулерінен пайда болады. .....
Рефераттар
Толық