Психология | Бала тілінің дамуы

.Бала тілінің дамуы дыбыс апаратының бұлшық еттерінің күрделі шартты және шартсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады. Тілдің дамуы үшін, басқа адамдармен болатын қарым - қатынастың маңызы зор. 12-16 жасқа дейінгі адамдармен араласпай өскен балалардың адамға лайықты сөйлеу қабілеті болмайды. Ол тек жануарлар іспетті жеке сөздерді айтып, біраз сөздердің мағынасын түсінгені мен, ол екінші сигналдық дәрежеде қалыптаспайды. Бұған дәлел маймылдар тәрбиелеген адамның балалары. Сәби кезінен бастап жануарлардың тәрбиесінде болып, адамдармен қарым - қатынас кеш бастаған балалардың ересек адамдардай сөйлеу қабілеті болмайды, оларды адам кейпінде келтіріп тәрбиелеу де, сөйлеп үйрету де қиын, кейде мүлде мүмкіндік болмайды. Ал ертерек кішкентай кезінде табылған балалардың адам кейпінде нашар болса да сөйлеуге болады.
Жуған туған бала дыбыс аппараттарының шартсыз қимыл рефлекстеріне байланысты мағынасыз үн шығыра алады. 2 – ші айдан бастап дауыстай алады, ересек адамдарға еліктеп кейбір дауысты дыбыстарды қайталай бастады, 3 – айға жеткенде гу-гуледі, былдырақтап сөйлегісі келеді. Гу-гулер мен дабылдырақтау оның дыбыс апараттарын дамытып, сөйлеуге дайындайды.
5-6 айдан кейін еліктеу арқылы жеке дыбыстарды, сөз буындарын айта бастады. 67 айда ересектердің сөздерін қайталауға тырысады. Бірақ бұл кезде, әсіресе жарты жасқа дейін, балаларда 1-ші сигнал жүйесі ғана дамығандықтан сөздің мағынасы жеке дыбыс ретінде қабылданады, бала сөздің нақты мағынасын түсінбей-ақ айта береді. Ал жарты жастан аса сөздің мағынасын түсіну қабілеті дами бастайды....
Рефераттар
Толық