Биология | Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін ауыл шаруашылығы мәселелеріне арналған кезекті 2005 жылғы республикалық кеңесті Үкімет басшысы Даниал Ахметов ашып, 2004 жылғы еліміздің аграрлық секторында атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталды. Премьер-Министр кеңес барысында Аграрлық азық-түлік және Ауылдық аумақтарды дамыту туралы мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы сарапталып, алдағы жылдың жоспарлары мен міндеттері айқындалатынын атап өтті.
Ауыл шаруашылығы министрі Серік Үмбетов еліміздің аграрлық кешені мен ауылдық аумақтар дамуының екінші жылындағы жұмыс нәтижелері туралы баяндама жасады. 2003-2005 ауыл жылдары болып жарияланғаннан бастап бұл бағытта кеңінен жүргізілген іргелі іс-шаралар қоғамның ауыл проблемаларына бет бұрып, ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған талпыныстардың қалыптасуына себепкер болды, деп бастады сөзін министр.
Серік Үмбетовтің айтуынша, бүгінгі таңда елімізде жүзеге асырылып жатқан ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары, негізгі экономикалық заңналармен және нарық талаптарына сай үйлестірген. Бұл мемлекеттік қолдаудың мөлшерін жыл сайын көбейтуге толық мүмкіндік туғызып отыр. Егер ауыл жылдары басталардан бұрын аграрлық саланы қолдауға 27 млрд. теңге қаржы бөлінсе, соңғы екі жылда оның мөлшері екі есеге артып, 57,5 млрд. теңгені құрған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 13,5 пайызға өсіп, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 693,3 млрд. теңгеге жеткен.
Сонымен бірге азық-түлік тауарлары мен ішкі рынокты толықтыру мәселелері тұтастай тұтақталып, экспорт көлемі 35 пайызға артты. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты түрде өсуі бұл сананы тиімді бизнес көзіне айналдырып, оған инвестициялық ағымдардың құйылуына оң жағдай туғызды. 2004 жылы екінші деңгейдегі банктердің өзі осы салаға 125 млрд. тнңге құйған. Бұл 2002 жылмен салыстырғанда екі есеге артық. Ауылда өндірісті шоғырландыру процестері басталып, іріленген өндіріс құрылымдары қанат жоюда. Соңғы екі жылда ауыл шаруашылығы бойынша алынған пайда мөлшері 20 млрд. теңгеге артты. Сондай-ақ сала еңбеккерлерінің орташа жалақысы 17 пайызға өсіп, 11 мың теңгеге жетті. ....
Рефераттар
Толық