Экология | Арал Балқаш тағдыры

Арал – Балқаш тағдыры бүгін барша жұртты алаңдатып, толғандырып отыр. Табиғаттың ғажайып сыйы, ботаның көзіндей мөлдіреген қос айдын бұл күндері адамның жөн-жосықсыз, парықсыз іс-әрекетінің салдарынан құрып, дүниеден көшіп барады. Бүгін адам тіршілігіне, шаруашылыққа тигізер зардабы орасан зор бұл апатты дереу тоқтатып теңіз бен көлді аман сақтап қалу мәселесі бар маңызымен алға қойылып отыр.
КПСС Орталық Комитетінің Саяси Бюросы Арал теңізі ауданында экологиялық жағдайды түбірінен жақсарту жөніндегі СССР Министрлер Советінің елдің жетекші ғалымдары мен мамандарынан құралған комиссияның тұжырымдары негізінде әзірленген ұсыныстарын қарады. Арал өңірі ауданында бұзылған экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру, Арал теңізін сақтап қалу жөнінде түбегейлі іс-кимыл жасау қажеттігі атап көрсетілді. Су ресурстарын ұтымды пайдаланудың, егішіліктің су үнемдеитін прогресті жүйелерін практикаға енгізудің бірінші дәрежелі маңызы бар екеніне айырықша назар аударылды.
1988-2000 жылдары суару және коллектор-дренаж жүйелерін қайта құру жөнінде ірі ауқымды жұмыстар жүргізу көзделді. Суармалы жерлердің ірі алаптарын құру тоқтатылды. Әмудария, Сырдария сағаларына және Арал теңізіне судың кепілді ағуын қамтамасыз ету үшін суару мақсаты мен шаруашылық қажетке су пайдалануға лимит белгілеу дұрыс деп табылды.
Арал өңіріндегі санитарлық және эпидемологиялық жағдайды сауықтыру орасан зор саяси және әлеуметтік маңызы бар міндет болып табылатыны атап өтілді. Барынша қысқа мерзім ішінде халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, денсаулық сақтау мекемелерін, сумен жабдықтау объектілерін салуды жүзеге асыру, поселкелердің, аудан орталықтарының, қалалардың санитарлық жағдайын жақсартуға қол жеткізу қажет.
1988 жылы сентябрь айында КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советі “Арал теңізі ауданындағы экологиялық және түбегейлі жақсарту, оның бассейніндегі су және жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттырып, қорғауды күшейту жөніндегі шаралар туралы” қаулы қабылдады. ....
Рефераттар
Толық