Қазақ әдебиеті | Басықара Би Құрманұлы

Басықара Би Құрманұлы 10-12 жасында билік айтып, әділдігімен ел ішінде көріне бастайды. Ел әңгімелерінде Басқараны бірде батыр,бірде би деп атайды. Басқараның атасы Тасым атақты батыр болған. Төртқара ғана емес Әлім руының да атағынан арттырған батыр. 1840-1841 жылдары өзінің атымен аталатын жерде қайтыс болған. Басықарадан – Бекмырза, одан Бәймен туады. Бәймен бидің, Басықараның есімдері «Қазақ-орыс қатынастары» жинағында кездеседі. Мұрағатта олардың .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бегұлы болыс Көшекұлы

Бегұлы болыс Көшекұлы - Тама тайпасының Дәулеткелді руынан шыққан белгілі тұлға. Қарақыз болысының басқарушысы. Жобамен 1858 жылы дүниеге келіп, 1929 жылы дүниеден өткен. Баян батырдың шөпшегі, Ерубай би Жолдыбайұлының немересі, Көшек батыр Ерубайұлының ұлы. Бегұлы 18 жасында болыс басқарушылығына, Қосшығұл болыс Тауасарұлы дүниеден қапияда кеткеннен соң келеді. Осы билікте қатарынан төрт сайлау ұстап тұрады. Алла тағалланың құдыретімен жасынан ел басқаруға деген дарыны байқалған екен. Көп сөйлемейтін, ержүрек, батыр сөйлейтін азамат болған. Отан құрып, отағасы болғаннан-ақ ел алдына шығып билік айтып, елді өзіне иіріп алатын қасиеттерін байқатқан. Жұмбақтап сөйлеу, не түрлі асыл сөздермен елді аузына қаратады. Жанбек болыс Торжанұлының сұрауы бойынша келесі сайлауда жеңісті Жанбекке алып береді. Бұдан соңғы уақыттарда Бегұлы ел ақсақалы ретінде құрметке бөленіп, елдің бетке ұстар тұлғасы ретінде ел есінде қалған. Оны ел ерекше құрметтеп "Бегұлы отағасы" деп марапаттап сөйлейтін болған. Отағасы сөзінің мағынасы ретінде қариялар - ошақмайлар, ақыл, мәслихаттардың алқа-қотан ортада от жағып соны айнала отырып кеңесер кештің басшысы ретіндегі, төраға мағынасында түсіндіреді.
"Малы көп қазақ байларының бірі Бегұлы өз малдарын .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бекарыстан Амангелдіұлы

Бекарыстан Амангелдіұлы шамамен 1785-86 жылдары өмірге келген, 1867-68 жылдары қайтыс болған. Әлім тайпасының Шекті руынан шыққан би. Қоқан, Хиуа бекеттерінің озбырлығына қарсы шыққан, жарлы-жақыбайларды үнемі қамқорлыққа алып, күрделі қиын мәселелерді байыппен туралықпен шешіп отырған. Елі ішінде би атанып, халықына сыйлы болған кісі.
Ел аузында там-тұмдап жеткен бидің сөздері қалған. Оның Жанғазы сұлтанды бір ауыз сөзбен тоқтатқан, түрікмен елінің барымташыларын садақ оғымен қаймықтырғанын аңыз етіп айтады. «Бір ауыз сөзбен ханды .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бекболат Қазыбекұлы (Бекболат би)

Бекболат Қазыбекұлы (Бекболат би) (1714-1790 жылдары) атақты Қаз дауысты Қазыбек бидің баласы. Жас кезінен өкесіне еріп билік мәслихатына көп қатысқан. Әкесі Қазыбек және Төле би, Әйтеке би тағы сондай кара қылды қақ жарған әйгілі әділ билер, хандар, бектер, сұлтандардан көп тәлім-тәрбие алған.
Ол әсіресе Абылай хан сарбаздары арасында өзінің шешен, тапқырлығы, әбжіл, алғырлығы, батырлығымен зор беделге ие болған. Абылай ханның өскери істер, жорык-жортуыл кезіндегі кеңесшілерінің бірі. Сондықтан да Абылай хан оған ерекше сенім білдіріп, шиеленіскен қиын дауларға қауіпті шапқыншы жауларға жұмсап отырған. Бекболат бидің ол сапарлары сәтті болып, үлкен абыроймен оралған.
Әкесі қартайған шағында Бекболатқа билік тізгінін берген. Ол әкесінің билік, .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бәби би

Бәби би орыс еліне бодан болуға қарсы шыққандардың бірі болды. Бәбидің баласы Ақша 1732 жылдың 7 ақпанында Әбілқайыр ханмен М.Тевкелевке келіп, өздерін бидің жібергенін, бұрынғы наразылық ниетінен бас тартқанын, жасақтарын тарататынын жеткізеді. «Бұдан былай ханмен тілмаш осы топтың ауылдарымен бірге болып, еш .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бәйеке Жазыбайұлы

Бәйеке Жазыбайұлы (1820, Тарбағатай, Тоқта - Барлық тауы - 1890, Қытай, Іле аймағы, Текес ауданы Ешкілік тауы) - би, мәмілегер. Бала кезінде медреседе білім алған. 16 жасынан ел билеу ісіне араласып, шешендігімен, зеректігімен жұртқа танылған. 1845 жылы қызай руына би болып сайланды. Бәйеке 1860 - 80 жылдары қызайларды Тарбағатайдан .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Дөңес би

Дөңес би (1844 — өлген жылы белгісіз) — би. Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасынан шыққан.

Он сегіз жасынан қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауылында қажылық, билік еткен. Дөңес жастайынан өзінің аталас туысы Жақайым Мыңбайұлы Жетес (1835-1907) биден көп жол-жосық тәрбие алады. Ол Жетестен жиырма шақты жас кіші, Қарасақал Ерімбет жыраумен (1844-1916) құрдас, замандас болатын дейді. Дөңес би сол атыраптағы Жақайым Жетес, Шөмекей Бақа, Әлім-Матай Үмбет, Нұрғожа, Шөмен, Самұрат т.б. билермен талай билік, дау-дамайға қатысып, өзінің әділ төрелігі, адамгершілік, парасаттылығымен ел құрметіне бөленген азамат.

Дөңес бидің бір әділ билігі, кесімді шешімі жәнінде Қызылорда облысының Жаңа Қазалы тұрғыны Ақанжан Келімбетұлы былай баян қылыпты:

Өткен ғасырдың соңғы жылдары Қазалы уезінің Шөмекей елінде қайтыс .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ерубай би Жолдыбайұлы

Ерубай би Жолдыбайұлы шамамен 1789-1862 жылдар аралығында өмір сүрген. Үш жүзге аты мәлім болған, тура би атанған. Руы Тама, Әліп бұтағынан тарайтын Дәулеткелді Байболат дейтін атадан. Ерубай би туралы ескі көзді, кәрі құлақты қариялар айтқанда ол кісінің ақыл ойының жетіктігі, парасат көзінің кеңдігі, қиыннан қиыстыратын тапқырлығы, ұшқыр ойдың иесі екендігі, көрегендік, сәуегейлік қасиеттері ерекше айтылады. Ерубай мен Жөгінің Кедей атасынан шыққан Қазанғап шешен ақылдасып, елдің сорына біткен Хангелді болысты орынынан түсірмек болады. Осыны естіген Хангелдінің бойына қаны қатады. Осы екі аралықта Қазанғап қайтыс болып кетеді. Оның өсиеті бойынша асты Ерубай басқарады. Бұл жөнінде хабардар болған Хангелді жалған хабар беріп, астың бәйгесі 100 торы ала жылқы, 100 ақ бас қой деп жариялап жібереді. Сонымен қатар .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ескелді би

Ескелді би (шамамен 1692 —1770 жж.) Әмбе жалайыр әулие атанған Ескелді би — күллі қазақ халқына қауіп төнген ХVIII-ғасырда ел қорғаған ерлердің бірі. Ол өзінен екі жас кіші Балпық әулиемен, Қабылиса сияқты әрі ақын, әрі батырмен, қол бастаған Орақ батырмен бірге жоңғар басқыншыларына қарсы жойқын жорықтар жасап, елінен, жерінен айырылып босып кеткен жалайырлардың басын құрап, Жетісу өлкесіне қоныстандырған тарихи тұлға.
Мазмұны
1 Шежіреден
2 Өмірбаяны
2.1 Балалық шағы
2.2 Ер жеткен шығы
2.3 Батыр Ескелді
3 Ескелді би туралы жырлар
4 Әулие Ескелді
5 Ескелді би айтқан сөздер
6 Пайдаланған әдебиет
Шежіреден

Ұлы жүздегі он екі ата Жалайырдың бір тармағы Сиыршы руынан өрбіген бес баланың бірі — Тоқымбеттен Бейімбет туады. Одан тараған үш ұлдың ортаншысы — Жанғабыл. Оның баласы Жылкелді — бес ұлдың әкесі. Үшіншісі Ескелді екен. Жылкелдінің бәйбішесі .....
Рефераттар
Толық