Құқық | Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны

Мемлекеттік аппарат – қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазакстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның екінші бабында: «Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет» делінген. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Мемлекеттік билік

Мемлекет териясының барлық бағыттары мен мектептері мемлекетті құдіретті мемлекеттік билікте деп санайды, ол ұйымдастырудың нақты түрі және бірлігі бір немесе өзге де міндеттерді орындайды, мемлекеттің сыртқы және ішкі қызметі мемлекеттік билікті қолдану арқылы жүзеге асырылады дейді. Билікті ұйымдастыру, мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыруда оны пайдалану жолдары кейінректе сөз етілетін болады. Бұл тарау мемлекеттік билік түсінігіне , билікті бөлістіруге, мемлекеттік биліктің тұтастығына, содай-ақ мемлекеттік билікті ұйымдастырудың қазіргі тұжырымдарына арналады.
1.Мемлекеттік билік түсінігі
«Билік» сөзі күнделікті әңгімеде және ғылыми әдебиетте жиі айтылатыны белгілі. Ұлы Абайдың өлеңдерінде де болыс болудың қиындығы, ұлы Жамбылдың шығармашылығындағы Сәт, Мәңке болыстарды іс-әрекеті, сондай-ақ басқа да ғұламалар, ақын-жазушылардың мұраларында да биліктің дәмі көп жазылуы да бұған дәлел бола алады. Бір қызығы, ата-ана, шаруашылықты басқару, аңдарды үйрету, табиғат заңдары билігі туралы айтып жатамыз. Орыс заңгері А.С. Алексеев өзіне еліктіріп әкететін сұлулық та, кемеңгерлік ой да, өркемдік дарын да бізге билігін жүргізеді дейді. Егер біз күнделікті күйбеңнен әңгіме арқауына айналып кететін «билік» терминінің мазмұна үңілер болсақ, оның неше түріне тап боламыз.....
Рефераттар
Толық

Саясаттану | Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасында белгіленген мемлекеттік басқаруды қайта қарау, нарықтық экономика жағдайына бейімделген жаңа тұрпатты шенеуніктерді қалыптастыру туралы. Мемлекеттік қызмет және басқару пәнінің жаңа тұрпатты заң кадрларын даярлауда атқаратын рөлі мен алатын орны. Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мәселелерінің теориясын мен тәжрибесін жаңа ғылыми тәсілдер арқылы зерделеу (функциональды, жүйелі, тарихи, нақты-социологиялық және т.б.).
Мемлекеттік қызмет және басқару курсының пәні және құрылымы. Осы пәннің басқа құқық салаларының арасында алатын орны (саясаттану, социология, құқық және т.б.). Мемлекеттік басқарудың Қазақстан Республикасында ғылым ретінде қалыптасуы және оның негізгі даму кезеңдері.....
Рефераттар
Толық

Саясаттану | Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасында белгіленген мемлекеттік басқаруды қайта қарау, нарықтық экономика жағдайына бейімделген жаңа тұрпатты шенеуніктерді қалыптастыру туралы. Мемлекеттік қызмет және басқару пәнінің жаңа тұрпатты заң кадрларын даярлауда атқаратын рөлі мен алатын орны. Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мәселелерінің теориясын мен тәжрибесін жаңа ғылыми тәсілдер арқылы зерделеу (функциональды, жүйелі, тарихи, нақты-социологиялық және т.б.).
Мемлекеттік қызмет және басқару курсының пәні және құрылымы. Осы пәннің басқа құқық салаларының арасында алатын орны (саясаттану, социология, құқық және т.б.). Мемлекеттік басқарудың Қазақстан Республикасында ғылым ретінде қалыптасуы және оның негізгі даму кезеңдері
....
Рефераттар
Толық

Саясаттану | Мемлекеттердің қалыптасуы мен саяси элеуметтік жағдайлары

Мен бұл жұмысты бастап қолға алуымы бірнеше себептер бар. Егеменді ел болып, тэуелсіздіктің көк байрағын желбіреткенімзге де біршама жылдың жүзі болды. Осы жылдар ішінде ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолдары, тарихы зерттеліп жатыр. Дегенмен тарих қойнауында бұғып жатқан қүлия сырлар аз емес. Елеусіздеу қалып жатқан дүниелер де жетерлік. Сондықтан қазіргі аға буын зерттеуші тарихшы ғалам үстаздарға кішкентайда болса үлес көмегімді тигізсем деп ойлаймын. Менің басты мақсаттарымның бірі осы деп есептеймін. Осы бағытта жүмыстар жүргізе отырып мектеп шэкірттеріне тың деректер үсына алсам деген ниетім бар. Сонымен қатар оқушыларға отанымыздың тарихы жайлы бар білгенімше бойына сіңіре білсем деген ойдамын. Әрине біз тарих қүпияларын зерттеу үшін көне ежелгі дэуірлердегі тарихты оқып білуіміз керек. Бүл орта білім беру ошақтары мен мектеп қабырғасында бесінші сныптан бастау алады.
Демек Қазақстанның ежелгі дэуірлердегі тарихы мен таныспыз. Онда жерімізде алғашқы адамдардың қалай пайда болғандығы туралы білеміз. Олар алғашқы кезде тас құралдарды пайдаланса, одан біртіндеп дамудың нэтижесінде қола, темір сияқты металдардан құрал - сайман, қару-жарақ жасап үйренді. Грек, парсы, қытай сияқты елдердің жазба деректерінің хабары бойынша темір дэуірі кезеңінде жерімізде сақ, ғүн, үйсін, қаңлы, сармат тайпаларының өмір сүргендігі белгілі. Бұл тайпалар біздің жерімізде өмір сүруді одан эрі қарай жалгастырды. Олардың ұрпақтары да, бастарынан талай тарихи оқиғаларды өткізді. Сол тарихи оқиғалар мен олардың элеуметтік экономикалық мэдени даму жолдары жайлы осы жұмыста нақты көрсетіледі. Сонымен қатар хронологиялық мерзімі жағынан біздің заманымыздың УІ-ХУІІ - ғасырлар аралығын қамтиды.Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы негізінен бір-біріне жалғасқан үш кезеңнен тұрады. Бұл кезеңдерді орта ғасырлар дэуірі деп те атауға болады. Біріншісі -Қазақстьанның ерте орта ғасырлық кезеңі./УІ-ІХ ғ./ Екіншісі - Қазақстанның орта ғасырлық дамыған кезеңі / Х-ХІУғ./. Үшіншісі -біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылу кезеңі. /XV-XVII ғ./. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Мемлекет экономикасындағы шетел инвестициялардың ролі

Бұрынғы КСРО-ның табиғи ресурстарының 60%-ын иемдеп, Қазақстан осы қорларлың көмір, мұнай, газ және металлдарды пайдаланудан табыс алуды көздеп отырған көптеген халықаралық ұйымдардың назарын аудартты. Қытай мен Батыс арасындағы пайдалы сауда жолы болып табылатын бұрынғы Жібек Жолының тоғысында орналасқан Қазақстан Азия Жолбарысы мен Батыс Еуропаның демократиялық мемлекеттер интеграциясының табиғи орталығы бола алады.
Кең мүмкіншіліктеріне қарамастан, еліміз жоғары деңгейге жету үшін көптеген кедергілерден өтуге мәжбүр болды. Бұрынғы КСРО-ның құлауы мемлекеттің реттеуші жүйелердің күйреуіне, бақыланбайтын инфляцияға және қаржы қорлардың таусылуына әкеліп соқты. Сондықтан, Қазақстан ескі Кеңес бюрократиясына және әлсіз заң негізіне тап болды.
Бірақ, соған қарамастан, реформалау саласындағы прогресс бүкіл әлемде мойындалды: критиктер сыртқы қаржы және нарықтық өзгертулер арқылы Қазақстан экономикасының қарқынды дамуын байқады. Реконструкция және дамудың халықаралық Банкі, Әлем Банкі, Азиялық Даму Банкі, халықаралық ақша қоры және шетел инвестициялардың үздіксіз ағымы халықаралық қаржы әлемі Қазақстан экономикасына сенетінін көрсетті. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Мемлекет функциясының түсінігі оның белгілері

Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланылды. Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып отырады. Қазіргі кезеңде Кеңес Одағы ыдырап, республикалар дүниежүзілік қауымдастыққа бет бұрып, либерал-демократиялық даму процесіне көшкенде мемлекеттің функциясын тек қоғамның таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс болмады. Себебі, функцияның дамуына таптармен бірге халықтың рухани сана-сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор әсер етеді. Бұл дүниежүзілік саяси көзқарас.
Кеңестік дәуірді де, қазіргі кезеңде де мемлекеттің функциясын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұнын терең түсініп, білу тек мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен бірге қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге көп үлес қосуы. Функция мемлекетпен, қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді. Бұл объективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетті орнату. ....
Рефераттар
Толық

Саясаттану | Мемлекет ұғымы

Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даму үрдісіне саясатшылар тарапынан түрліше бағаланып келеді. Мемлекеттің анықтамасын да түрлі көзқарастағы саяси қайраткерлер түрліше тұжырымдайды.
Ежелгі грек философы Демокрит: «Мемлекет жалпыға бірдей игілік пен әділеттілік әкелуі керек»,- деп есептеген екен.Оның пайымдауынша: «Жақсы басқарылатын мемлекет – үлкен тірек, ол сақталып тұрғанда, онда бәрі де болады- бәрі тұтас болады, ол құлағанда, онымен бірге бәрі де өледі».
Қазіргі заманғы философтар мен әлеуметтанушылардың пайымдауынша, мемлекет – қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Мемлекет нысанының түсінігі мазмұны және мемлекетті басқару нысаны

Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттер көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет (Мысыр), Англия, АКШ мемлекеттерінің философтары Аристотель, Монтескье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.
Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан кейін, 1993 жылғы Конституциясының орнына екінші 1995 жылғы Конституция алынды. Бұл соңғы Конституция мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың саяси жүйесі құрылды....
Рефераттар
Толық