Ғабиден Қожахмет | Отан


Ол кішкентай еді. Бірақ ойлары тым терең болатын. Үнемі Отан туралы ойлайтын.

Бала Отан деген ұғымды көзіне елестеткісі келді. Ол Отанды жақсы көру керек екенін білетін.

Отан оған өзінің анасы болып елестеді. Ол осы бір қарапайым әрі мейірімді жанды жақсы көретін.

Отан оған өзінің әкесі болып елестеді. Ол осы бір қарапайым әрі мейірбан жанды жақсы көретін.

Отан оған өзінің туған жері болып елестеді. Ол оның төсінде талай рет асыр салып ойнаған. Сондықтан да ыстық көрінетін.

Отан оған өзінің қасиетті ұясы мектебі болып елестеді. Ол өзінің мектебін жақсы көретін.

Ол осының барлығын да жақсы көрді. Ендеше, Отанын да жақсы көруі керек.

Отан туралы оған ұстазы айтқан еді. Балаға бір уақыт Отан деген ұғым өзінің ұстазы секілді көрінді. Ол оны айрықша құрметтейтін, жақсы көретін. .....
Әңгімелер
Толық