Балғабек Қыдырбекұлы Құмалақшы

(этнографиялық әңгіме)

Базарға алып барған он шақты тұяғын ерте сатқан Құрмаш құмалақшы түс ауа қайтқан болатын. Содан біраз ат шалдыру үшін Күрті өзенінің Жаңабай көпірі атанып кеткен жеріне келіп аттан түсті де, осында әлдеқашан біреу еккен, бірақ осы кезде тозып бара жатқан жоңышқаға атын тұсап жіберді. Он-он бес қозылы қойдан басқа маңдайына біткен жалғыз торының жайына қарамаса бола ма? Күз болса келіп қалды. Жаз рет айналып жерге түскендей ыстық болды. Қыс қатты болмаса не қылсын. Мизам ұшқалы, жусан басын шалғалы да екі апта өтті. Күннің аптабы қайтты, сүмбіле туды десе де әлі теріскей жүрсең арқаннан, күнгей жүрсең маңдайыңнан қызу өте шығады.

Құрмаш шапанын шешіп төседі де, үстіне малдасын құрып отырды. Сонан соң қызыл қоржынмен бірге қанжығадан шешіп алған, сырты дорбамен қапталған қарыннан түйе көзіндей ағаш тостағанға айран құйып, бірден демалмастан тартты. Маңдайынан суық тер бұрқ ете түсті. Күн қандай ысыса да қарындағы, местегі, торсықтағы сусынның сұп-суық болып тұратыны несі екен деп ойла .....
Әңгімелер
Толық