Антон Чехов | Ұшқалақ


Ольга Ивановнаның тойында оның жақын достары мен жақсы таныстарының бәрі де болды.

Көзге түсер ештеңесі де жоқ, осы сияқты жай, қарапайым адамдарға күйеуге шығуының себебін ұғындырғысы келгендей, Ольга Ивановна күйеуіне қарай иек қаға сөйлеп, достарына:

— Қараңдаршы, өзінде бірдеңенің нышаны бар емес пе? — дейді.

Күйеуі, Осип Степанович Дымов, дәрігер, лауазымды кеңесші шеніндегі адам. Екі ауруханада бірінде штаттан тыс ординатор болып, екіншісінде прозектор болып істейді. Күнде ертеңгі сағат 9-дан түске дейін ауруларды қабылдап, палатасында қызмет етеді, ал түстен кейін конкаға мініп алып екінші ауруханаға барып, онда ауырып өлген адамдарды сойып қарайды. Өз бетімен дәрігерлік істен табатын табысы тым аз, жылына бес жүз сомдай-ақ. Міне, бар болғаны осы. Ол туралы басқа не айтуға болар? Ал енді Ольга Ивановна мен оның жақын достарын, жақсы таныстарын онша қарапайым адамдар деуге болмайды. Олардың әрқайсысының да өзінше көзге түсер ерекшелігі, аз да болса, атағы бар, аты шыққан көрнекті деп саналатын немесе, тіпті, саналмаған күннің өзінде де болашағына зор сенім артуға болатын адамдар. Бірі драма театрының әртісі, ел сыйлайтын ірі талант, сымбатты, ақылды, момын ғана адам, дауыстап оқуға өте шебер, Ольга Ивановнаны дауыстап оқуға үйреткен сол болатын; енді бірі опера әншісі, ақжарқын жуантық адам, ылғи Ольга Ивановнаға күрсіне қарап: сіз өзіңізді - өзіңіз қор қылып жүрсіз, егер ерінбей, өзіңізді қолға алған болсаңыз, тамаша әнші болар едіңіз ғой дейді; одан кейінгілері - бірнеше суретші, олардың ішіндегі тәуірі - жанрист, анималист, пейжазист Рябовский дейтін өте сұлу, ақсары келген жас жігіт, жасы 25-терде, ол көрмеде көзге ілінген өзінің соңғы картинасын бес жүз сомға сатқан; Рябовский Ольга Ивановнаның этюдтерін түзетіп беріп, бәлкім, Ольга Ивановнадан суретші де шығар деген болатын.Одан соң бірі — тартқанда асп.....
Әңгімелер
Толық