Владимир Набоков | Шеңбер


Екіншіден, оның бойында Ресейге деген сұмдық сағыныш бой көтерді. Үшіншіден, ол өзінің жастық шағын аяды - онымен байланыстының бәрін де - ашу-ызаны да, қолапайсыздықты да, тоғайдағы құстар шырылынан саңырау болып қалатындай жап-жарық жасыл ертеңгіліктерді де аяды. Дәмханада тәтті, ақшыл сусынды қайта-қайта араластыра отырып, ол өткенді жүрегі қысыла, мұңая отырып есіне алды, - қандай мұң десеңші? - Иә, иә, біз әлі зерттеп білмеген мұң. Ол мұң кеудені толтырып шығатын күрсініспен бірге көтерілді, - сол кезде оның марқұм боп кеткен әкесі қайта тірілгендей, иығын қомдаған қалпы көз алдына кеп тұра қалды. Әкесі, Илья Ильич Бычков, Ее maotze d' ecole chez nous au village; (Біздің деревнядағы мектеп мұғалімі (француз).) оның көзіне бантты сәнді қара галстук таққан, көне салт бойынша алқымына дейін түймеленетін жібек матадан тігілген пиджак киген - нымшасына көлденеңінен шынжыр тағылған, жүзі қызыл шырайлы, жалтыр бас, - екі жақ бетін әжім торлаған, жұмсақ мұртты, танауы тағы бір көтеріліп кеткендей мұрнының үстінде етті қалы бар кейіпте көрініп еді. Гимназист кезінде де, студент кезінде де Иннокентий каникулда Лешинадағы әкесіне келіп тұратын, -егер қаттырақ ойланса, село шетіндегі ескі мектепті бұзып, орнына жаңа мектеп салғанын есіне түсіре алар еді. Іргетасын қалау, желдің өтіндегі жалбарынатын орын, К.Н.Чардынцев алтын тиынды лақтырып қалған кезде, .....
Әңгімелер
Толық