Биология | Акробласт

Акробласт (akroblastus; грек, akros — төбесі, ұшы; blastos — өскін, ұрық) — аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтар басындағы сопақша ядронын алдыңғы жағында орналасқан, тығыз дәншелер (гранулалар) жиынтығынан құралған Гольджи кешенінің туынды құрылымы. Акробласт — еннің ирек тұқымдык өзекшелерінде жүретін сперматозоидтардың даму процесі — сперматогенездің қалыптасу кезеңіндегі сперматидаларда түзіледі. Сперматозоид басының қалыптасу кезеңі барысында акробласт мөлшері жағынан ұлғайып, сперматида ядросының алдыңғы жағын оймақ тәрізді қаптайды. Акробласттың орталық аймағында еріту ферменттеріне (гиалуронидаза, протеаза) бай тығыз денешік — акросома орналасады

.....
Рефераттар
Толық

Биология | Акромегалия

Акромегалия (гр. akromegalia; гр. akron — аяқ, қол; гр. megas — үлкен) — гипофиз аденомасы (аденогипофиздің ісігі) кезінде өсу гормоны — соматотропиннің шамадан тыс көп мөлшерде бөлінуіне байланысты адам мен жануарлар бас сүйектерінің (жақ, қабақ сүйектерінің) және аяқтар мен қол сүйектерінің, сондай-ақ, ішкі мүшелердің шектен тыс өсуі. Акромегалия, әдетте, организмнің өсуі толық аяқталғаннан соң дамиды, ол ішкі секреция бездерінің ауруларына (эндокринді ауруларға) жатады .....
Рефераттар
Толық

Биология | Акроподий

Акроподий (гр. acropodium; гр. acros — үшы, шеткі; лат. podium — аяқ, негіз) — қол мен аяқтардың еркін қозғалатын бөлімінің соңғы бөлігі — қол жөне аяқ бастарының (автоподийлердің) ұшындағы саусақтар мен бақайлар. Акроподий, өз кезегінде, 2-3, ал құстарда 4-5 буыннан тұрады. Тұяқты жануарларда акроподийдің қаңқасын жоғарыдан темен қарай: тұсамыс, топай, тұяқ сүйектері кұрайды. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Акросомалық реакция

Акросомалық реакция — ұрықтану кезеңінде сперматозоид басының жұмыртқа жасушасына жанасуы кезінде акросома қабықшасының еріп, акросомалық жіпшелердің жұмыртқа жасушасы қабықшаларына ену реакциясы. Электронды микроскопиялық зерттеуге дейін, "акросома ұрықтану процесі кезінде жұмыртқа жасушасы кабыкшаларын қандауыр тәрізді тесіп өтеді" деген жаңсақ ұғым болған. Шын мәнінде, жұмыртқа жасушасындағы ұрықтану төмпегінің пайда болуы осы акросомалық реакцияға байланысты .....
Рефераттар
Толық

Биология | Аксо-аксондық жанасым

Аксо-аксондық жанасым (synapsis axo-axonica; гр. synapsis — жанасым, байланыс, жалғану; гр. axon — білік, ось) — жұлын мен ми сұр заты және жүйке ганглиондары нейроциттерінің (жүйке клеткалары) аксондары ұштарының басқа нейроциттер аксондары ұштарымен жанасып жалғасуы. Жанасымдар арқылы жүйке толқындарын (импульс) тудыратын белсенді химиялық заттар — медиаторлар бір нейроциттен екінші нейроцитке өтеді. Жанасымдардың басқадай түрлерімен салыстырғанда аксо-аксондық жанасым екінші нейроцитте жүйке импульсін қоздырмайды, керісінше, басқа нейроциттерден келген жүйке толқындарын тежеуге қатысады .....
Рефераттар
Толық

Биология | Аксо-дендриттік жанасым

Аксо-дендриттік жанасым (synapsis axo-dendritica; гр. synapsis — жанасым; гр. axon — білік, ось; гр. dendron — ағаш) — нейроцит аксонының (жүйке толқынын клетка денесі — перикарионынан әрі қарай өткізетін өсінді) басқа нейроциттер дендриттерімен (жүйке толқынын қабылдайтын нейроцит өсіндісі) жанасып жалғасуы. Аксо-дендриттік жанасым арқылы жүйке толқындары (импульстері) биологиялық белсенді заттардың (медиаторлардың) көмегімен бір нейроциттен басқа екінші нейроциттерге беріледі. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Аксонема

Аксонема (axonema; гр. axon — білік; гр. nema — жіп) - плазмалық жарғақпен қапталған жасуша кірпікшесінің өзегі. Аксонема сақина тәрізді шеңбер бойымен орналасқан тоғыз жұп микротүтікшелерден (дублеттер) және сақина ортасындағы екі жеке микротүтікшелерден (сингалеттер) құралған .....
Рефераттар
Толық

Биология | Аксоплазма

Аксоплазма (axoplasma; гр. axon — білік, ось; гр. plasma — қалыптасқан) — нейроцит аксонының цитоплазмасы. Аксоплазмада эндоплазмалық тордан туындайтын базофилді (хроматофилді) заттың кесекшелері болмайды, митохондриялар және жүйкелік медиаторларға толған мөлшері әртүрлі көпіршіктер болады. Ал гранулалалы эндоплазмалық тордың, яғни олардын қабырғаларындағы рибосомалардың болмауына байланысты нейроцитгін арнайы протеинінің синтезі жүрмейді. Аксоплазмаға керекті протеиндік масса нейроцит денесінен (перикарионынан) тәулігіне 1 мм жылдамдықпен ағып келіп отырады. Ацетилхолин көпіршіктері мөлдір болып келеді. Олардың мөлшері 30-50 нм. Норадреналин көпіршіктерінде тығыз келген түйіршіктер болады. Олардың мөлшері ірілеу — 50-90 нм-ге тең.....
Рефераттар
Толық

Биология | Аксоқабықша

Аксоқабықша (axolemma; гр. axon — білік; гр. lemma — қабықша) — нейроцит аксоны цитоплазмасының (аксоплазмасының) сыртқы плазмалық жарғағы. Аксоқабықша құрылысы жағынан биологиялық жарғақтарға жатады, яғни ол қалындығы 6-10 нм протеинді-билипидті қабықша .....
Рефераттар
Толық

Биология | Актомиозин

Актомиозин (aktinomyosin; гр. aktis — сәуле, гр. mys — бұлшықет) — ет жасушасы немесе бұлшықет талшығы (симпласт) цитоплазмасындағы актин және миозин миофиламенттерінен құралған жиырылғыш миожіпшелердің (миофибриллалардың) протеинді кешені. Бұлшықет талшығының (ет жасушасының) жиырылу процесі актомиозиннің аденозинтрифосфатпен (АТФ) әрекеттесуі нәтижесінде іс жүзіне асады .....
Рефераттар
Толық