Биология | Автоподий

Автоподий (autopodium; гр. autos — өзім, өздігінен; лат. podium — аяқ, негіз) — қол мен яқтың еркін қозғалатын бөлімінің төменгі бөлігі. Адамда автоподий колбасы және аяқбасы, ал жануарларда алдыңғы аяқбасы және артқы аяқбасы деп аталады. Автоподий өз кезегінде үш бөліктен.Азиподийден (грек, basis — негіз), (жоғарғы бөліктің) қаңқасын бірнеше қатарда орналасқан қысқа сүйектер: адамның қол қаңқасындағы білезік сүйектері, аяқ қаңқасындағы тілерсек (толарсақ) сүйектері; жануарлардың алдыңғы аяғындағы тізе сүйектері, артқы аяғындағы тілерсек сүйектері құрайды.Метаподийдің (ортаңғы бөліктің) қаңқасын үзын түтікше сүйектер: адамның қол қаңқасындағы алақан және табан сүйектері; жануарлардың аяқтары қаңқасындағы: алдыңғы және артқы жіліншік сүйектері.Акроподийдің (грек, akron — аяқ, соңғы) (төменгі бөліктің) қаңқасын: адамның қол қаңқасындағы саусақ сүйектері, жануарлардың аяқтары қаңқасындағы бақай (түяқты жануарларда) және тырнақ (жыртқыш жануарларда) сүйектері құрайды .....
Рефераттар
Толық

Биология | Автополиплоидия

Автополиплоидия (грек, autos — өзім, өздігінен; polys — көп; eidos — түр) — жасушалар ядроларындағы хромосомалар жиынтығы санының бірнеше рет көбеюі нәтижесінде пайда болған түқым қуалайтын өзгергіштік. Автополиплоидия, көбінесе, өсімдіктер жасушаларына тән. Жануарлар жасушаларында аталмыш құбылыс сирек кездеседі. Қолдан жасалған автополиплоидия негізінде қарақұмықтың, қарабидайдың, қант қызылшасының және т.б. мәдени өсімдіктердің өнімді жаңа сорттары алынған .....
Рефераттар
Толық

Биология | Авторадиография

Авторадиография (autoradiographies грек, autos — езім, өздігінен; лат. radio — сәуле; грек, grapho — жазамын) — зерттеу нысанындағы (жануарлар немесе өсімдік жасушалары, үлпалары, ағзалары) белгіленген радиоактивті изотоптардың жинақталу мөлшерін талдауға арналған цитологиялық әдіс. Зерттеу нысандарына енгізілген радиоактивті изотоптар жасушалардың, ұлпалардың немесе түрлі ағзалардың жұқа жонындылары бетіне қойылған радиоактивті сәулеленуге сезімтал фотоүлбір эмульциясы қүрамындағы бромды күмістің күмістенуіне, яғни таза күмістің түзілуіне эсер етеді. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Автосиндез

Автосиндез (грек, autos — өзім, өздігінен; syn — қосылу) — біртекті геномдар (мысалы аталық геном — А-ның А-мен немесе аналық геном — В-ның В-мен) хромосомаларының тек өзара қосылу (конъюгация) құбылысы .....
Рефераттар
Толық

Биология | Автотетраплоидия

Автотетраплоидия (грек, autos — өзім, өздігінен; tetra — төрт, төртеу; eidos — түр) — жасушалар ядролары геномдарының хромосомалар жиынтығы санының өздігінен төрт еселену (4п) құбылысы

.....
Рефераттар
Толық

Биология | Автотрофтар

Автотрофтар (гр. autos — өзім, өздігінен; trophe — қорек, қоректену, тамақтану) — бейорганикалық заттардан (көмірқышқыл газынан, судан, азоттың бейорганикалық қосылыстарынан) фотосинтез немесе хемосинтез арқылы органикалық дүниенің тіршілігі үшін тым қажет күрделі органикалық заттарды (акуыздарды, майларды, көмірсуларды) түзетін организмдер. Автотрофты организмдерге жасушаларында жүретін фотосинтез процесі үшін күн сәулесі қуатын пайдаланатын .....
Рефераттар
Толық

Биология | Автофагия

Автофагия (грек, autos — өзім, өздігінен; phagein — жеу, жою, обырлық, жемірлік) — жасуша цитоплазмасында түзілген артық заттарды, мысалы, қалыптан артық мөлшерде түзілген гормон дәншелерін (гранулаларын) өзінің лизосомаларының (органелла) көмегімен жою құбылысы. Өзінде түзілген заттарды еріту арқылы жоятын лизосомаларды автофагосомалар деп атайды.....
Рефераттар
Толық

Биология | Автофлуоресценция

Автофлуоресценция (грек, autos — өзім, өздігінен; fluoris — жарық; лат. escent — әлсіз эсер) — гистологиялық жонындыларды флуоресцентті микроскоппен ультракүлгін, күлгін немесе көкшіл сәулелермен зерттеу кезінде, жануарлар организмі үлпаларының құрамындағы заттардың сөулелі қуат әсерінен қозуы нәтижесінде зерттеу нысанының өздігінен қысқамерзімдік жарықтану қабілеті. Нысанның жарықтануы жарық спектрінің көрінетін көгілдір түсті аймағында байқалады .....
Рефераттар
Толық

Биология | Агалактия

Агалактия (грек, а — жоқ және лат. lac — сүт) — сүтсіздік. Желін паренхимасында (сүт безі бөлікшелерінің альвеолалары қабырғаларыңда) сүттің түзілу процесінің тыйылып тоқтауы .....
Рефераттар
Толық

Биология | Агранулалы эндоплазмалық тор немесе тегіс эндоплазмалык тор

Агранулалы эндоплазмалық тор немесе тегіс эндоплазмалык тор (грек, а — жоқ және лат. granulum — дән, дәнше, түйіршік) — қабырғалары биологиялық жарғақтардан тұратын жасуша цитоплазмасы ішіндегі жарғақтық тор түтікшелері қабырғаларына іргелес жатқан рибосомалар (органеллалар) болмайтын жасушаның жалпы органелласы. Тегіс эндоплазмалық тор жарғақты түтікшелерінің ені гранулалы эндоплазмалық тордың жарғақты түтікшелеріне қарағанда кендеу (50-100 нм) келеді. Агранулалы эндоплазмалық тор жасушадағы липидтер (стероидтар) мен көмірсулардың (гликоген) алмасуына және .....
Рефераттар
Толық