Биология | Пиелонефрит

Пиелонефрит-бүйректің түбегінің және тканінің микробтық қабынуы.



Этиологиясы: ішек таяқшасы, стафилококк, стрептококк, вирустар, протеилер.



Патогенезі: Инфекция зәр шығару жолдарын 3 түрлі енеді:



1. Гематогендік /әр-түрлі іріңді ауруларда қан арқылы/.



2. Уриногендік /вульвовагинит немесе стерильді емес инструменттермен тексерулер өткізгенде, қыз баланың астын дұрыс жумағанда/.



3. Лимфогендік /гематогендік сияқты/. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Пневмония

Пневмония - өкпе ұлпасының қабынуы. Пневмонияның себептері: әртүрлі инфекциялар, бактериялар (стафилококктар, стрептококктар, пневмококктар т.б.), вирустар, патогенді саңырауқұлақтар, микоплазмалар. Балалардың өкпе ққабынуымен ауыруына келесі факторлар себепкерболады:



1. Баланың организмінің реактивтілігінің төмендеуі (қажып шаршау, стресстік ситуациялар, нашар тамақтану т.б.).

.....
Рефераттар
Толық

Биология | Полиомиелит


Полиомиелит – жұлын параличі – жұлынның сұр затының зақымдануымен, парез-параличтермен сипатталатын балалардың жұқпалы ауруы. Өткен ғасырдың 5-ші жылдарына дейін полиомиелит ауруы көптеген балалардың өмірін үзіп, тірі қалғандарын мүгедектікке әкелген ауру болып келеді.

.....
Рефераттар
Толық

Биология | Пролиферация

Пролиферация (лат. proles - ұрпақ, fero - әкелу) қабынуға қатысатын әсіресе макрофагтар мен лимфоциттердің, жергілікті тін жасушаларының өсіп-өнуі. пролиферацияны дамытатын бірнеше медиаторлар белгілі, пролиферация үрдісі белгілі бір мөлшерде болуы қажет. Оның тым артық болуы ағзаның сыртқы пішінін өзгертетін және қызметін бүзатын артық тыртық тіннің өсіп-өніп кетуіне әкеледі. Бұл әсіресе жүрек қақпақшаларының, ми қабықтарының қабынуы кезінде өте қауіпті. Сондықтан қабыну ошағында дәнекер тіні же.сушаларының өсіп-өнуі белгілі мөлшерде шектеліп тұруы қажет. Сайын келгенде, тіннің кішігірім бүлінулерінде, жарақаттануында асқынбай бітетін қабыну үрдісі толық қалпына келумен аяқталады. Тым көп жасушалар тіршілігін жоғалтқанда ақау дәнекер тінге ауысып артынан тыртық пайда болады. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Ревматизм

Ревматизм-созылмалы инфекциялық - аллергиялық ауру. Бұл аурумен көбінесе 7-15 жас аралығындағы балалар ауырады. Ревматизм адамзатқа көптен белгілі: Гиппократтың жазбаларында ревматизмнің симптомдары келтірілген жазулар, емдеу жолдары туралы деректер бар.



Аурудың себебі-инфекциялық фактор- «А» группасының гемолитикалық стрептоккогі. Ревматизм көбіне баспадан, созылмалы тонзилиттің асқынуынан 10-12 күннен кейін басталады да организмдегі дәнекер тканін зақымдайды. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Резистенттік

Резистенттік (төзімділік) – организмнің патогенді факторларға төзімділігі. Төзімділіктің айқындалуының формалары әр-түрлі. Мысалы: тері мен шырышты қабат микроорганизмдердің енуіне тосқауыл қызмет атқарады.

Біріншілік төзімділік – тұқымқуалаушылық. Организм өзінің конституциялық ерекшеліктеріне байланысты сыртқы патогенді микроорганизмнің енуіне, өсіп-өнуіне, ауру тудыруына жағдайлы ортасы жоқ.

Екіншілік төзімділік – жүре пайда болған төзімділік. Инфекциялық аурулардан кейнгі, егулерден кейінгі иммунитет.

Пассивті (белсенсіз) төзімділік – организмнің баръерлік жүйесінің (тері, шырышты қабат), бактериоцидтік факторлар (асқазандағы тұз қышқылы, сілекейдегі мезоцим), тек тік иммунитет.

Активті (белсенді) төзімділік – қорғаныс бейімделу және компенсаторлық механизмдердің қосылуымен қамтамасыз теіледі (фагоцитоз, антиденелердің түзілуі, токсиндердің залалсыздандырылуы және шығуы, стресс гормондарының бөлінуі, тыныс алудың және қан айналымның өзгеруі, қалтырау, т.б.

.....
Рефераттар
Толық

Биология | Семьяда және мектеп жасына дейінгі мекемеде дене шынықтыру жұмысын ұйымдастыру

Дене шынықтыру жұмысы бала туысымен басталып бала өмірінің барлық кезеңдерінде өткізілуі керек. 1 жасқа дейінгі балаларға дене шынықтыру жұмыстары үйде учаскелік дәрігер мен медсестраның қадағалауымен өткізіледі.



Дене шынықтыру жүрек пен тамырларының жұмысын жақсартады, тканьдерге оттегі мен қоректік заттарды толық жеткізуге, зат алмасуын жақсартуға, организмнің төменділігін күшейтуге себепкер болады. Денелері жақсы шыныққан балалар аз аурады, психикалық дамуы алғыр болады.



Дене шынықтыру әрекеттерін өткізу үшін келесі арнайы шарттар болуы керек:



1. Дене шынықтыру әрекеттері жақсы желдетілген бөлмеде, таза ауада ыңғайлы жеңіл киім кигізіп өткізіледі.



2. Бұл әрекеттер күнделікті өткізілуі керек.



Дене шынықтыру тәрбиесіне мыналар жатады:



А) массаж (сылау)



Б) гимнастика



В) қимыл ойындары



Г) спорт секцияларына қатысу



Д) Таңертеңгілік гимнастика.....
Рефераттар
Толық

Биология | Скарлатина-жәншау

Скарлатина жалпы жағдайдың бұзылуымен, жұтқыншақта баспаның белгілерімен және қызғылт түсті түрінде нүкте тәріздес бөртпе пайда болуы сипатталатың жұқпалы ауру.



Қоздырғышы: гемолитикалық стрептококк, қоршаған ортада төзімді.



Эпидемиологиясы:



Аурудың көзі ауру адам және бактерия тасымалдаушы

Таралу жолы –ауа –сілекей жолы және заттар арқылы

Сезімталдық (төзімділік) -2 -7 аралығы

Маусымдылық –күз, қыс.

Иммунитет –тұрақты.

Клиникалық белгілері:



І жасырын кезең 2-7 күн. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Созылмалы жүрек қызметінің жеткліксіздігін емдеу шаралары

СЖҚЖ-ін емдеу шараларының негізгі симпатиалық нерв жүйесі мен ренин ангиотензин жүйелерінің артық белсенділігін азайту жатады.

Организмде су мен тұздардың жиналуын шектеу үшін оларды сусынмен,тағаммен пайдалануды азайту қажет.

Сонымен бірге несепті организмнен шығаратын дәрілерді пайдаланып,оргнизмдегі қанның көлемін азайту керек.

Осымен бірге шеткі қан тамырларын кеңейтетін дәрі – дәрмектер қолданып, жүректің атқаратын жұмысын жеңілдету қажет. .....
Рефераттар
Толық