Пысықтауыш деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз. Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?
Пысықтауыш болатын сөз таптары Пысықтауыш болатын сөз таптары: 1. Үстеуден болады 2. Сын есімнен болады 3. Сан есімнен болады 4. Көсемшелер сөйлемде қайтіп? қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап берсе, пысықтауыш болады 5. Барыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөздер мекен, бет алыс-бағыт, сын-қимыл мағыналарын білдіріп, қайда? қайдан? қашан? қалай? деген сұрауларға жауап берсе, пысықтауыш болады 6. Мезгілге байланысты зат есімдер тәуелдік жалғау я шылау тіркесу арқылы, кейде оларсыз да, басқа сөздермен бірігіп те пысықтауыш болады. o барыс септіктегі кейбір сөздерден кейін шейін (дейін), бола, қарай, таман сияқты шылаулардың бірі тіркесіп пысықтауыш болады. o кейбір шығыс септіктегі сөздердің соңынан соң, кейін, ары, бері, қарай, бұрын сияқты шылаулардың бірі тіркесіп, пысықтауыш болады. o кейбір көмектес септіктегі сөздердің соңынан бірге, қабат, қатар сияқты шылаулардың бірі тіркесіп, пысықтауыш болады o кейбір сөздерге арқылы, арқасында, үшін, сайын шылаулары тіркесіп келіп, пысықтауыш жасайды. ....
Соның ішінде мезгіл пысықтауышқа берілетін анықтама әр оқулықта әр түрлі. Көбіне бұл анықтамаларды жинақтап берсек, оның негізгі мазмұны мынаған саяды. «Мезгіл пысықтауыш қашан? қашаннан бері? қай кезде? қашанға шейін? т.б. сұрауларға жауап беріп, мезгіл үстеулерінен, мезгіл мәнді сөздерден және тіркестерден негізгі сөз бен кейін, соң, бұрын, шейін, таман, бойы, былай, сайын, әрі, бері, қарай сияқты септеулік шылаулардың тіркесінен болған пысықтауыштың бір түрін мезгіл пысықтауыш деп атаймыз», - дейді С. Исаев [16.42]. Сондықтан біз осы күнге дейін қалыптасып, әбден тұжырымдалған қағидалардан басқа грамматикалық заңдылықтар болмайтындай ыңғайда түсінер болсақ, онда тілдің тарихи-диалектикалық дамуын жасанды түрде мойындамаған болар едік. Жоғарыда тұжырымдалған ереже негізінен мезгіл пысықтауыштың мәні, атқаратын қызметі жан-жақты ашуға талпынған. Мезгіл пысықтауыш қимылдың, яғни белгінің мезгілін білдіреді. Бұл мезгіл қимыл болатын (ертең), болып жатқан (бүгін), болып кеткен (кеше) уақыттарға байланысты болады және қимылдың басталғанын білдіретін (қашаннан бері), созылатын уақыты түрінде (қашанға дейін) көрсетіледі дәл немесе болжалды (ертеңдері, 30-жылдары), қатысты, белгісіз (бір күндері), болымсыз түрінде көрсетіледі. Бұл мағыналық топтарына жеке-жеке тоқталамыз.
2. Мезгіл пысықтауыштың жасалу жолдары мен тұлғалары
Мезгіл пысықтауыштардың жасалу жолдары мыналар: 1. Мезгіл үстеулерден жасалады. Мысалы: Бай Жиреншенің бұрын атын естіп, бір көруге құмар болып жүр екен. (Ш.С.) Мал жазғытұры бір жұма, күзге қарай бір жұма ащылайды екен. (Ш.С.) Ертеде ол қыдырған саудагерлер қазақтан үш түйе алыпты. (Ш.С.) 2. Барыс және шығыс, жатыс септіктеріндегі зат есім мен заттанған басқа сөз таптарынан мезгіл пысықтауыш жасалады. Олар қашан? қашанға дейін? қашанға шейін? деген сұрауларға жауап береді. Мысалы: Биылғы жарыста бұл команда белестер биігінен көрінді. Кешегі әңгімеде ол ерекше мінез-құлқымен сезіктендірді. Кеңшілікте еркін отырып сөйлесерміз. Ол кеткеннен оралған жоқ. Кешеден үйде жоқ. Қараңғыда жолды әрең таптық. Көргеннен таныды. Барғасын келді. 3. Есімшелер жатыс септікте келіп мезгіл пысықтауыш болады. Мысалы: Кейін ауылға қайтарда тап осындай сөнбейтін шам алып қайтуға серт еттім. Осы ренжумен айна қасынан кете алмай тұрғанда ту сыртымнан бақташының бишігі сарт ете түскендей болды. Келерінде Шегенді ерте кел. Кетерде сен маған ескерт. (Ғ.М.) 4. Бірқатар мезгілдік ұғымды білдіретін зат есімдер (кез, уақыт, мезет, шақ, күн т. б.) атау немесе жатыс септік формасында келіп, әрі алдына анықтауыш салып мезгіл пысықтауыш болады. Мысалы: Сол кезде тұра келіп, біраз жер жүгіріп аласың. Бір кезде екі гранатаны құшақтай көтеріп алып, Семен қарғып сыртқа шықты. Мұндай уақыттарда кім өжет қимылдаса сол күшті. (Ғ.М.) 5. Атау, барыс, шығыс септіктегі зат есімдер есімшелерден кейін, соң, дейін, бойы, бері, сайын деген көмекші сөздермен бірігіп мезгіл пысықтауыш болады. Мысалы: Күн бойы жол жүріп, шаршап келіп қатты ұйқыдан қатып қалыппын. Менің олақтығымнан үш күннен кейін қолға түсіп қалдық. Осы күнге дейін бағында жүретін қашанғы бала бола бересің? Ол сен келген соң кетті. (Ғ.М.) 6. Зат есім мен –а, -е, -й тұлғалы көсемшелер бастауыштық-баяндауыштық қатынаста келіп, үйірлі мезгіл пысықтауыш жасайды. Мысалы:Базаршылар ел орынға отыра қалаға кірді. Әрі артынан айқай, әрі ит қабырлаған ат құйрықты көтеріп елірген бойы оның ішіне қақпанына тұмсығы тірелгенше шапты. 7. –ғалы, -гелі формалы көсемшелер мезгіл пысықтауыш жасайды. Мысалы: Мында келгелі тек қана осы жұмыспен айналыстым. Кеткелі хабарласқан жоқ. Бұдан бұрынғы, айлар бойы созылған соғыс бейнеті ұмытылып, бүгін майданға жаңа кіргелі жатқандаймыз. (Ғ.М.) ....
Ι ТАРАУ Пысықтауыш және оның зерттелуі Түркологияда Н.К.Дмитриев, М.Балақаев, А.Н.Кононов, Е.И.Убрятова пысықтауышты арнайы сөйлем мүшесі ретінде қарастырса, Г.Д.Санжеев пен Л.П.Поцелуевский пысықтауышты формалық белгісінің негізіне сүйеніп және тек үстеу үшін арнайы сөйлем мүшесін қарастыру қажет емес дейтін пікірді негізге ала отырып, пысықтауышты сөйлем мүшесі деп танымайды. Қазақ лингвистикасында А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Х.Басымов, Ә.Ермеков, М.Томанов, Т.Сайрамбаев, т.б. ғалымдардың пысықтауышқа қатысты еңбектері бар. Ахмет Байтұрсынов: «Тіл құрал» атты еңбегінде пысықтауышқа қатысты былай дейді: «Пысықтауыш сөздер деп амал пысықтау үшін айтылатын сөздерді айтамыз. Сөйлем ішінде әр нәрсенің амалын көрсететін сөз баяндауыш. Сондықтан пысықтауыш сөздер баяндауышты пысықтайтын сөздер болып шығады. Бұлар баяндауышты қалай пысықтайды? Әуелі баяндауыш көрсетіп тұрған амалдың мезгілін айтып, екінші орнын айтып, үшінші сынын, сыйқын айтып, төртінші себебін айтып, бесінші мақсатын айтып пысықтайды. Сондықтан пысықтауыш сөздердің өзі бес топқа бөлінеді:....
Синтаксис (грек. sintaxis–біріктіру)–грамматиканың үлкен бір саласы. Синтаксис сөйлемдегі жеке сөздердің байланысын, сөз тіркесінің заңдылықтарын, сөйлем құрудың амал-тәсілдерін қарастырады. Егер де жеке сөздер морфология саласында статикалық (сол тұрған қалпында) тұрғыдан зерттелсе, синтаксисте олар динамикалық (қозғалыста) тұрғыдан қарастырылады. Синтаксис сөз тіркесін, сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа синтаксистік формаларды адамның ойын білдірудің грамматикалық тәсілдері ретінде, өзара байланысты категориялар ретінде қарастырады. Синтаксис сөздерді сөйлемнің бөлшектері ретінде, ал жалғауларды сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен қиюластырып тұратын морфологиялық-синтаксистік категория ретінде тексереді. Синтаксис–сөз тіркесінің, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын зерттейтін ілім. Жай сөйлемге қатысты үлкен мәселенің бірі – сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелері әр тілде әр түрлі зерттелген. Лексикалық мағыналары толық сөздердің тіркесу нәтижесінде пайда болған грамматикалық мағыналарға ие болып, синтаксистік қызметті атқарып тұратын сөздерді сөйлем мүшелері дейміз. Сөйлемдегі сөздердің саны аз болса да, көп болса да, бір-бірімен мағыналық, тұлғалық байланысқа түсіп, сөз тіркесін жасайды. Ал сол сөз тіркесінің жеке сыңарлары сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады. Сөйлем мүшелерін дәл анықтап, дұрыс ажыратудың басты шарттары мыналар: 1. Сөйлемнің әр мүшесінің өзіне тән жеке сұрақтары болады. 2. Сөздердің бір-бірімен байланысына қарай басынқы сөзден бағыныңқы сөзге сұрақ қойылады. 3. Ол сөздердің қандай грамматикалық тұлғада тұрғандығын білу шарт. Қай тілдің болмасын синтаксистік категориялары мен морфологиялық категориялары бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Сөз синтаксистік қызметі мен басқа сөздермен арадағы қатынасын сөйлем құрамында көрсетеді. Кейде сөздің лексикалық мағынасының өзі сөйлем құрамы арқылы айқындалады. Сөйлем белгілі бір ой желісін білдіріп, тыңдаушы жұртқа түсінікті болу үшін, ондағы сөздер өзара берік синтаксистік байланыста тұруы тиіс. Сөйлемдік қоршаудағы әр сөз өзіне лайықты орында тұруы және жалғау, шылау сияқты дәнекерлік қызмет атқаратын тұлғаларды дұрыс қабылдауы керек. Осы талаптар дұрыс орындалмаса, сөйлемдегі сөздер өзара берік байланыса алмайды да, айтылған ой түсініксіз болады. Демек, айту, тыңдау процесі өз мақсатына жете алмайды. Сөйлем құрамына енген сөздерді өзара таптастырғанда, оның рөлі мен маңызы ескеріледі. Осы тұрғыдан қарағанда, тұрлаулы, тұрлаусыз болып екі топқа бөлінеді. Сөйлем құруға негіз болатын бас мүшелер – тұрлаулы мүшелер – сөйлем атаулының грамматикалық ұйытқысы. Ал тұрлаусыз мүшелер тұрлаулы мүшелердің маңына топтанып не тікелей соларды, не бірін бірі анықтап, толықтап, пысықтап тұрады.
Ι ТАРАУ Пысықтауыш және оның зерттелуі Түркологияда Н.К.Дмитриев, М.Балақаев, А.Н.Кононов, Е.И.Убрятова пысықтауышты арнайы сөйлем мүшесі ретінде қарастырса, Г.Д.Санжеев пен Л.П.Поцелуевский пысықтауышты формалық белгісінің негізіне сүйеніп және тек үстеу үшін арнайы сөйлем мүшесін қарастыру қажет емес дейтін пікірді негізге ала отырып, пысықтауышты сөйлем мүшесі деп танымайды.....