0 5 жасқа дейінгі балалардың ақыл ойының даму ерекшелігі мен физиологиялық, психологиялық көрсеткіштерінің диагностикалық маниторингісі

Тақырып өзектілігі: Балалар жер шары халқының санының басым көпшілігін құрайды. Бала дамуы болашақ ересек адамның рухани және практикалық іс - әрекет аймағының, оның бейнесі мен шығармашылық әлеуетінің дамуының өзекті алғышарттары болып табылады.
Біздің елімізде балаларға мектеп жасына дейін қоғамдық тәрбие берудің ықпалы ұдайы өрісін кеңейтіп келеді. Балабақшалар ағарту ісіндегі алғашқы буын ғана емес, оларға басқа да оқу - тәрбие мекемелерімен қатар біздің қоғамымызға сай келетін баланың тұлғалық, әлеуметтік бағдарларын дамыту жауапкершілігі жүктелген.
Баламен жұмыс жасау барысында оның психологиялық ерекшеліктерін, даму заңдылықтарын, механизмдерін білу өте маңызды. Отандық психологиялық еңбектер атақты кеңес психологтары Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, А. В. Запорожец, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, Л. И. Божович, В. С. Мухина, М. И. Лисина, Х. Т. Шерьязданова еңбектеріне сүйенеді. Сонымен бірге, балалар психологиясын зерттеген шетелдік психологтардың концепциялары да үлкен мәнділікке ие. Бұл концепциялар қатарына В. Штерн, К. Бюлер, Ж. Пиаже, А. Валлон, Дж. Брунер және т. б. еңбектерін жатқызуға болады......
Ғылыми жобалар
Толық