Оқушыларды болашақ отбасы өміріне даярлау проблемалары

Отбасы – ерекше педогогикалық жүйе. Әлеуметтану ғылымы отбасын тұтас қоғамдық ағзаның бөлігі, әлеуметтік – тәрбие беретін ұжым ретінде қарастырады. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық салада орын алған өзгерістері міндетті түрде отбасының өмірінен көрініс табады. Отбасы моральдық, психологиялық жаңаруы барысында созылмалы, оның үстіне қарама-қайшылықты, күрделі болып келеді. Сондықтан да, отбасында жаңа қатынастар, жаңа моральдық ұғымдар орнығуы экономикалық салаға қарағанда баяу қарқынмен іске асады. Өйткені отбасын болжамдаудың қиындығы қайта құруларға, негізгі әлеуметтік - экономикалық факторлармен бірге биологиялық, психологиялық және демографиялық факторларға байланысты.
Отбасылық өмір байланыстары жан-жақтылығымен сипатталады. Олар әлеуметтік, биологиялық, шаруашылық – экономикалық адамгершілік және психологиялық қатынастар. Отбасы дамуының кезеңдері оның қызметінің сипаты және ауқымының өзгеруімен байланысты. Ол қоғамға және адамға қатысты маңызды қоғамдық қызметтер атқарады.
Отбасының қоғамға қатысты негізгі қызметтері мыналар:
- ұрпақтар алмасуын қамтамасыз ететін бала туу, өсіру қызметі;
- білім, шеберлік рухани құндылықтарды кейінгі ұрпақтарға жеткізетін тәрбиелік қызмет;
- өндірістік – шаруашылық қызмет;
- жұмыстан, оқудан бос уақытын ұйымдастыру қызметі;
Ата-ананың қызметі - отбасының үйлесімді өмірін, олардың зейнет жасындағы игілігін қамтамасыз етеді.
Тұрмысты ұйымдастыру қызметі отбасы тұрмысы психологиялық тұрғыдан алғанда ең жайлы тұрмыс болып есептелінеді.
Отбасының қызметін, оның көп түрлілігімен байланыстыратынын ескеріп, қазіргі отбасы қауымының бағыттарымен бір қатар ерекшеліктеріне тоқталған жөн. Оларды тани білу және ескеріп отыру мұғалімдер мен ата-аналардың отбасының тәрбиелік қызметін іске асыруына көмектеседі.
Ауылдық және қалалық отбасы қауымындағы ерекшеліктер олардың әлеуметтік жағдайына байланысты болмақ. Мысалы: ауылды жердегі бала ауылдастарының қатаң бақылауында болады. Бұл бір жағынан жағымды құбылыс болғанымен, екінші жағынан мұндай әлеуметтік бақылау шектеушілік сипатымен тұлғаның еркін дамуына кедергі жасауы мүмкін.
Ал қалаларда мұндай бақылауға шектеу көп кездесе бермейді.
Ата –аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы, ата-аналардың білімі жағары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Дегенмен, мұндай ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбіне қадағалаусыз да болып жатады. ....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | Қоғамның әлеуметтік құрылымының проблемасы туралы ұғым

Қоғамдық қатынастар тепе-теңдік қатынас және теңсіздік қатынас болып бөлінеді.Мысалы, таптық-антагонисттік қоғамдардағы қоғамдық қатынастар теңсіздік қатынастарға жатады. Қоғамдық қатынастар тағы да ынтымақтастық және бәсекелестік, материалдық және рухани, мақсатты және мақсатсыз (стихиялы), жасампаздық және бүлдірушілік болып табылады.
Әлеуметтік құрылымдар қоғамдық құбылыстардың екінші, айтарлықтай маңызды түріне жатады. Олар күрделі әлеуметтік процестер мен әлеуметтік топтарға бөлінеді. Қоғам адамдардың күрделі өзара қарым-қатынасының жиынтығы ретінде онда алуан түрлі қатынастар мен байланыстар болып жатады. Солардың ішіндегі ең маңыздысы, -адамдардың материалдық өндіріс процесіндегі экономикалық қатынастары мен іс-әрекеті. Алайда қоғам өмірі бұлардан басқа да толып жатқан қатынас түрлерінен , қоғамдық мекемелер мен іс-әрекеттерден, идеялардан тұрады. Бұл құбылыстардың бәрі өзара байланыста және бірлікте болады. Сондықтан адамзат қоғамын ішкі және сыртқы байланысын , өзара тәуелдіктерін қатаң ескере отырып, біртұтастықта зерттеу қажет.
Бірақ, сонымен бірге, біртұтас қоғамдық қатынастарды құратын жеке құбылыстарды егжей-тегжейлі зерттеп білу үшін, оларды классификация жасап, талдау қажет, қоғамдық құбаластарды белгілі бір жұйеге келтіру керек. Бұл классификациялау, жүйелеу, оладың белгілі бір тұрғыдан алғанда маңызды болып табылатын мәнді белгілері бойынша жасалуы тиіс.
Қазіргі кезде социологиялық теориялардың бәрі қоғамдық құбылыстарды, қоғамның әлеуметтік құрылымының өздігінше классификациялауға әрекет жасап, құбылыстардың топтары арасындағы байланыстарды анықтауға тырысады, яғни қоғамдық структура (құрылым) мәселесімен байланысты.
“Структура” термині латын тілінен алынған ол, жалпы алғанда, белгілі бір заттың, құбылыстың элементтері арасындағы байланыстардың айтарлықтай бір тұтастағын білдіретін термин.
Қоғамның эконмикалық базисін шын мәнінде келгенде бір-бірімен айырғысыз байланыстағы екі элементтің-өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі құрады, ал бұл екеуінің бірлігі өндіріс тәсілі болып табылады.
Өндіріс тәсілінің элементтері: еңбек, еңбек құралы және еңбек нәрсесі. Еңбек дегеніміз белгілі бір материалдық игіліктерді өндіруге бағыттталған адамның саналы қызметі. Еңбек нәрсесі деп адамның өндіріс құралының көмегімен өнделуге тиісті заттарды айтады. Еңбек құралы дегеніміз- еңбек нәрсесін өндеу үшін қолданатын құрал-саймандар жиынтығы. Еңбек құралы мен еңбек нәрселері, қоса алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары деп аталады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазіргі кездегі демографиялық проблема

Қазақстанда ХХ ғасырдың соңында күрделі өзгерістер болды. 1991 жылдан бастап республика тәуелсіз ел ретінде өзіндік саясат жүргізе бастады. Соның бірі Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты. Себебі көші-қон үрдістері елдегі мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге, экономикалық және демографиялық жағдайларға әсерін тигізеді. Ал қазіргі кездегі көші-қон үрдістерінің негізі кеңестік дәуірде қалыптасқан көші-қондық үдерістермен тығыз байланысты. Сондықтан кеңес кезеңіндегі көші-қон саясатының ерекшелігі, мемлекеттік деңгейде жүргізілген қоныстандыру үдерістері мен оның нәтижелерін зерттеу қазіргі мемлекеттік көші-қон саясатын жүргізу үшін де қажетті. Қоғамның дамуына теріс әсер ететін қолайсыз демографиялық жағдайларды шешудің бір бағыты – қуатты көші-қон саясатын жетекші артықшылықтар қатарына қосу. Сондықтан біздің жас мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықта демократиялық бағытта дамушы ел деп танылуымен бұл мәселенің өзектілігі арта түсуде.
Кеңестік мемлекеті ыдырап, тәуелсіз Қазақстан республикасының қалыптасуы кеңес дәуіріндегі тарихи процестерді саралауға, оның ішінде қоныстандыру мен көші-қон мәселелеріне ғылыми тұрғыдан баға беруге жол ашты. Кеңес дәуіріндегі қоныстандыру мен көші-қон үрдістерінің демографиялық қана емес біртұтас мемлекеттік билік тарапынан жасалынған іс-шаралар екендігі айқындала түсті. Себебі қоныстандыру үрдісінің жүргізілуі халықтардың көші-қонына әкелетіндігі заңдылық еді. Ал көші-қон қозғалысының халықтың әлеуметтік жағдайының өзгеруіне, психологиялық ахуалына әсері болады. Соңғы кездері елiмiздiң демографиялық даму үдiстерiн зерттеуге, көшi-қон үрдiстерiнiң барысы мен салдарын талдауға көп көңiл бөлiнiп жүр. Себебi ұлттық еркiндiктi сақтап қалу, тәуелсіздік тұғырын нығайту үшiн ең нәзiк те маңызды мәселелер қолға алынуда. ХХ ғасырдың соңына қарай еліміздегі көші-қон, әлеуметтік-демографиялық мәселелер мемлекеттік дәрежеде қарастырыла бастады. Яғни, Қазақстандағы тарих ғылымының зерттейтін өзекті мәселелердің бірі – кеңес мемлекеті тұсындағы елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуымен қоса жүргізілген көші-қон және халықтарды қоныстандыруға байланысты нақты тарихи үрдістер. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстанның инновациялық дамуының қазiргi жай-күйi мен проблемаларын талдау

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бeкiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (2.6.11-тармақ) ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастыру мен дамыту жөніндегi бағдарламаны әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы экономика салаларын әртараптандыру және дамудың шикізаттық бағыттылығынан арылу жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуiн көздейдi, бұл ретте инновациялар ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiгiн айқындаушы негiзгi фактор ретiнде айқындалады; экономика мен қоғамды одан әрi серпiндi дамыту үшін инновацияларды толыққанды пайдалану мемлекет мақсатты инновациялық саясатты жүргізген кезде мүмкiн болады.
Әлемдік экономиканы жаһандандыру аясында Қазақстан мынадай бiрқатар проблемалар да кезiгедi: экономиканың шикiзаттық бағыттылығы, әлемдiк экономикамен елеусiз ықпалдастық, өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымағандығы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) шығыстардың төмендігі және т.с.с. Бұл проблемаларды шешу үшін Қазақстан қоғамдық әл-ауқатының iргесi болуға қабiлетті бiлiмдерге негiзделген бәсекеге қабiлетті экономиканы құруы керек.
Осы Бағдарламаны әзірлеу жүйелiк сипаттағы ықпалдастықты, өзара байланысты шаралар кешенi, бiлiмдердi жинақтау, тарату және коммерциялау тетіктерiн өзiне қамтитын тиiмдi әрекет ететiн ұлттық инновациялық жүйе (бұдан әрі - ҰИЖ) арқылы қалыптастыру қажеттілігінен туған ....
Рефераттар
Толық

Экология | Қазіргі таңдағы экологиялық проблемалар

ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында жаңа сападағы жағдай қалыптасты. Материалдық өндірістің көлемі еселеп өсіп, барған сайын шикізатты өндіру артты, дүниежүзілік мұхит пен қазба байлықтар жеделдетіліп игерілді. Ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер етудің ұлан-ғайыр мүмкіндіктері мен құралдары және адам баласының өсіп отырған қажеттіліктері табиғат ресурстарын, олардың планетадағы жалпы қарымен бара-бар мөлшерде пайдалануға алып келді, ол жер бетінің өзгеру ауқымы, дауылдар, су тасқындары, вулкандар атқылаулары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстардың нәтижелерімен тепе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға келеді. Бұл табиғи ортаға деген зиянды әсерді күшейтіп, биосферадағы табиғи түрдегі энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс-қимылдары планетадағы өмір үшін қауіп тудыратын тоқтаусыз өзгерістерді алып келетін деңгейге жақындады. Дүние жүзіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе өткен ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі объективтік жағдайлар да осыған себепкер болды.
Табиғат - Ана деген сөздің асқақтығы, табиғатқа деген ілтипат-бұл адамнның өзіне көрсетілген құрмет. Жаңа экологиялық мәдениет осыны мойындауға тиіс. Қазіргі әлемде экологиялық мәселелер өзінің қоғамдық мәнні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қаупі де оның көлеңкесінде калып қойды. Адамзаттың ауылшаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбінне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойына қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай ақ топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялыык дағдарыс шын сәніндегі кауіпті төндІріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жаткан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде жоспарлауға, қағазды қайта өңдеуге және көкөністеді тек органикалық тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. Осы іс - әрекеттердің бәрі аса қажет екендігіне қарамастан, мұның ар жағында көбіне ойынды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың өз үкімімен бізге берер соққысын жеңілдетумен лайықты жазаны аз да болса кешуілдетуге тырысуымыз керек. Американдык оқымысты Р.Риклефстің Жалпы экология негіздері, оқулығынан алынған осы үзінді, табиғатты ұтымды пайдаланудың өткір проблемаларын шешудегі экологияның ғылым саласы ретіндегі маңызын барынша айқын көрсетеді. Алайда, табиғат қорғаудың нақтылы мәселелерін шешуге тым бой алдырып, біз табиғаттың өмір сүру және даму заңдарын білмейінше, жұмсаған бар күш - жігеріміз табиғат пен адам арасындағы қайшылықтарды туғызған себептермен емес, оның зардаптарымен күресуге жүмсалатынын естен шығарып аламыз. Адамды құтқару дегеніміз - ең алдымен табиғатты сақтау. Бұл жерде тек биологтар ғана айтылған тезистің әділдігін мойындатар дәлелдер келтіре алады деп жазады Ф.Рамад «Қолданбалы экология негіздері» атты еңбегінде. Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды айқын: адамды құтқару жолындағы әрекетті табиғаттың тіршілік ету және даму заңдылықтарын оқып - үйренуден бастау қажет. Р.Риклефстің «Егер біз табиғатпен қандай да бір үйлесімділікке қол жеткізгіміз келсе, онда көбіне көп ол ұсынған шарттарды қабылдауымызға тура келеді...» - деген сөзін еске алған жөн.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Кедейшілік қазіргі қоғамның өзекті проблемасы

Қазақстандағы кедейлік табиғи, экономикалық, әлеуметтік- саяси себептерге негізделген. Кедейлікті зерттеудің негізгі көрсеткіштері ретінде табыс, шығын тұрғындардың өмір сүру деңгейі анықталған. Бұл тұрғыдан алғанда, кедейлік негізінен әлеуметтік-экономикалық категория ретінде қарастырылады, яғни кедейлікті анықтаудың объективтік параметрлеріне көп көңіл бөлінеді.
Кедейлік дегеніміз- салауатты өмір сүруді қолдауға қажетті материалдық және мәдени ресурстардың жеткілікті болмауы.
Кедейшілік- тұрғындардың немесе отбасылардың белгілі бір бөлігінің ең төменгі деңгейдегі ақшалай, мүліктік және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілуінің, дәлірек айтқанда өзінің жаратылыстану- физиологиялық, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруының ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік- экономикалық жағдайы. Кедей адамдар тек қана табысы төмен жандар емес, ол қоғамның нақты бір мүшелері болып табылады.
Кедейлік- адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда кедейлік адамның, не әлеуметтік топтың қоғамдағы белгілі бір құндылықтарға қол жеткізе алмауынан, ресми және бейресми сипаттағы шектеулерден көрінеді. Кедейлік, сонымен қатар, адамның интеллектуалдық, мәдени дамуымен, оның кедейлік туралы субъективтік түсініктерімен анықталады. Бұл факторлар адамның мәдени келбетінің, өмір салтының өзгеруіне алып келеді. Яғни кедейлік тек объективтік факторлармен ғана емес, субъективтік факторлармен де анықталады.
Кедейлер экономикалық тәуелсіз азаматтар қатарына жатпайды. Олар мемлекеттің көмегінсіз өзінің отбасының материалдық жағдайын қамтамасыз етуге қабілетсіз.
Кедейлік тек экономикалық құбылыс емес, кең тұрғыдан алғанда, ол әлеуметтік құбылыс. Кедей тап- әлеуметтік баспалдақтың ең төменгі баспасында тұрған төменгі тап. Ол ең төменгі әлеуметтік статусқа ие, мәртебесі өте төмен жұмыстың түрімен айналысады, мамандығының деңгейі төмен не мамандығы жоқ.
Кедейлік бірінші кезекте экономикалық құбылыс ретінде сипатталады. Кедейлік – тамақтың, киімнің, тұрғын үйдің жетіспеуі не жоқтығы. Кедейлік- жоғары емес, не өте төмен материалдық табыс. Кез келген елдің кедей бөлігі негізінен жұмыссыздар, не төменгі деңгейдегі табыс табушылар.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Ғаламдық проблемаларды құқықтық реттеу

Тарихи даму процесінде әлемдегі барлық елдерде әлеуметтік нормалардың бірнеше түрлері қалыптасып, солар арқылы қоғамдағы сан қырлы қатынастар реттеліп, шешіліп жатады. Ол әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни, корпоративтік, құқықтық нормалар) қолдануы әр елде әр түрлі. Бір елде – әдет-ғұрып, екінші елде – мораль, үшінші елде – құқық басым түрде қолданылады. Бұл нормаларды қолдануда айтарлықтай ерекшеліктер бар.
Әлемдік құқықтық тәртіпті қалыптастырудың негізгі себептері: 1) экологиялық қауіпсіздікті қалыптастыру; 2) адамдардың өмірін қамтамасыз ету; 3) ядролық соғысты болдырмау; 4) әлемдік кеңістіктің барлық саласындағы қатынастарды біріктіріп ғаламдық жүйеге айналдыру.....
Рефераттар
Толық

Экология | Арал проблемасы бүкіл дүние жүзі халықтарын алаңдатуда

Қазіргі таңда табиғатқа түсіп отырған ауыртпашылықтың дәрежесі орасан екендігі соншалық, егер оны қорғауға тиісінше шұғыл көңіл бөленбесе, мұның ақыры апатқа әкелуі әбден мүмкін. Өйткені қоршаған ортаның ластануы ауқымы халықтың денсаулығы мен еңбек қабілетіне қатер төндіретіндей дәрежеге жеткендігі анық.
Арал - Қазақстан жеріндегі Қызылорда және Ақтөбе облыстары мен Өзбекстан жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогондік әрекеттерге дейін ( 1960 – 70 ж. ) дүние жүзілік теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдынының ауданы аралдарымен қосқанда 66,1 мың км кв, орташа тереңдігі 16,1 м, ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69 000 мың км кв. болған. Сол кездерде жылына 50 - 150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м - ге төмендеді. Аралдың ауыр ахуалын Кеңес үкіметі кезіндегі ең жоғарғы лауазымды мемлекет және партия қайраткерлері білді. Бірақ, біле тұра тақап келе жатқан апат туралы ащы шындықты халықтан жасырды. 1988 жылы Көкарал аралы Оңтүстік құлықпен қосылып кетті. Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға – Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. Суы тайыз, тартылуы да қарқынды Кіші теңіз – Қазақстан жағында, ал Үлкен теңіз - Өзбекстан жағында қалды. ....
Рефераттар
Толық

География | Балқаштың экологиялық проблемалары

Бүгін Қазақстан ғалымдары тағы бір экологиялық апат қаупін болжамдайды. Олардың а йтуынша, Балқаш көлінің құрғап кету қаупі бар.
Балқаш көлемі бойынша Орталық Азияда төртінші көл болып табылады. Көлдің 3 миллион жергілікті халқының тұрмысы және аймақтағы экономикасы үшін орасан зор мәні бар.
Би-Би-Си тілшісі Джил МакГиверинг Балқаш көлінің солтүстік жағалауына барып, сондағы жағдайды зерттеп көрген.
Көл жағасында тұратын жергілікті тұрғындардың кейбірі көлдегі су деңгейінің соңғы 30-40 жылдың ішінде айтарлықтай азайғанын айтады. Көбі 3 миллион халықтың тұрмысына қажетті суды қамтамасыз етіп, аймақтың қантамыры қызметін атқарып келетін Балқаш көлі құрғап кетпей ма деп қорқады.
Джил кездестірген Егор есімді орыс жігіті көлдің өзгергені туралы былай деп айтып берді:
"1968-69 жылдармен салыстырсақ, Балқаштың су деңгейі күрт төмендеді. Қазір өзіміз тұрған жерімізде бұрын су болатын. Анау тұрған мұнарадан жұрт парашютпен суға секіретін. Кафелер тұрған жерде де су болатын бұрын", - дейді Егор.
Су деңгейінің төмендегеніне табиғи өзгерістер ықпал еткен де шығар. Алайда, Балқашқа қауіп төндіретін басты күш....
Рефераттар
Толық

География | Балқаштың экологиялық проблемасының сыры мен мұңы

Қуаңшылық дәуірден көлдің деңгейі төмендеп отырған. Ежелгі Балқаштың айдыны жекелеген иірімдерге бөлініп кететін және көл шұңқыры тұтастай дерлік құрғап қалуы мүмкін еді. Климаттың қайталай ылғалдануы ежелгі Алатау мен Тарбағатай тауларынан ағып түсетін және көлге жаңа мекендеушілер алып келетін өзен сулары ойыстың суға толыуан алып келетін. Осы себеп көлдің ихтиофаунасының қайталанбауы мер түрлік құрамының кедейлігіне түсінік береді. ХІХ ғасырдың соңында Балқаш пен Алакөлдің көлдерінде балықтың бар жоғы 4 немес 6 түрі (ихтиологтар балықтың қайсысы жеке түр екіендігі жөнінде әзірше бір шешімге келген жоқ) кездесетін.
Бәрінен аздау туғызатын айтарлықтай «жас» көлдің «кәрі» мекендеушісі балқаш алабұғасы болатын. Ол кезінде Балқаш алабына тұтас таралған болатын. Алабұғаның пелагиялық (көлдік) нысананың ірі экземплярларының тұрқы (ұз) 50 см-ге және салмағы 1,0-1,5 кг-ға жететін.
Алабұғаның (солтүстікке таман таралған тұқымдастардың өкілі) қалай және қашан Балқаш алабына тап болғаны осы күнге шейін белгісіз. Мүмкін, ерте замандарда Ертіс пен Солтүстік Балқаш өңірінен шекаралық өзендері салдарынан біресе осы, біресе өзге алапқа жалғасып бағытын өзгертеуі мүмкін. Балқаш алабұғасының жұмбағы балықтың, Сырдария алабындағы подкаменщик және Байкал непрасының жұмбақтарымен үндес.
Балқаштың және оның салаларының «аборигендері» не тұқы тұқымдастарына (шармай, көкбас, көкталма), вьюн (жалаңаштар) тұқымдастарына жатады. Олар таулар арқылы мезгіл-мезгіл бағытын өзгертетін өзендермен жеткен деп есептелінеді. Көлемі аса зор болған ежелгі Балқаштың негізінен балықтардың өзендік түрлерімен толтырылуын осылай түсіндіреді. Және неліктен олар әдетте көлге тән түрлермен балқаш үшін болған ұрыста тез жеңіліске душар болғанын пайымдайды. ....
Рефераттар
Толық