ҚАМЫР ИЛЕУ ҚҰПИЯСЫ

Қамыр илей алу — аспаздық қасиеттің асқақтығының белгісі. Қамыр илеп үйрену үшін тәжірибе мен уақыт қажет, оған қоса осы өнердегі құпияларды біліп жүрген жөн.

Бәліштердің тәтті болып пісуінің сыры — ұнды елеп салу. Електен өткізу арасында ұнтағы артық құрамдас бөліктерден арылып, оны ауамен араластырып, қамыр жақсы көтеріледі.

Пісірген нан келесі күні қатып қалмау үшін қамырға картоп крахмалын қосыңыз.

Нан, бәліш, құймақ қамырына ұнтақ жармасын (манка) (жарты литр қамырға бір ас қасық) қосыңыз. Наныңыз ұзақ сақталып, қатпайды ......
Кеңестер
Толық

30 күнде әдемі болу жолы

Сіз білмейтін 10 керемет
Бір айдан кейін жарқырап, жайнап көктем де келеді. Әрине, әйел затының көктеммен бірге құлпырып, әлдеқайда әдемілене түскісі келетіні анық. Ендеше, бір айдың ішінде қалай жақсаруға, жасаруға болады? Оның құпиясы төмендегі он кереметте жасырылған.

✅ 1. Ас мәзіріне мән беріңіз
Қызылша – өте пайдалы көкөніс. Ол ағзаны тазалап, асқазан мен бүйректің жұмысын жақсартады. Сондай-ақ теріге тигізер пайдасы мол. Сондықтан оны күнделікті ас мәзіріне қосыңыз. Қарапайым салат жасаңыз. Бастысы, оны майонезбен емес, зәйтүн майымен араластырғаныңыз жөн.......
Кеңестер
Толық

Сіңір тартылуы

Сіңір тартылуы және бұлшық ет діріліне қарсы үйде не істеуге болатынын көбіміз біле бермейміз. Барлығы өмірінде бірнеше рет бұлшық ет діріліне тап болған. Сіңір тартылуы әдетте қол, аяқ және арқада пайда болады. Сіңір тартылудың кейбір себептері: Қатты қиналу, жарақаттану және ұзақ уақыт қимылдамай, бір қалыпта отыру. Үйде жасауға болатын кейбір емдік тәсілдер:

Жеңіл массаж: Сіңір тартылған жерді ақырын уқалау.

Ыстық монша: Ыстық душқа немесе жылы ваннаға түсу. Сіңір тартылған жерді ыстық суға біраз уақыт ұстап тұрылады.......
Кеңестер
Толық

Аскөк

Аскөктің тағамды дәмдендіргіштік қасиетімен қоса дәрілік қасиеті бар екенін біздің жыл санауымызға дейінгі адамдар жақсы білген. Оны көне Египетте бауыр сырқатын емдейтін дәрі деп қараған. Ол бүгінде әлем халықтарының барлығында қолдан өсіріліп, күнделікті қажеттіліктерін өтейді. Аскөк бір жылдық немесе екі жылдық болып келеді. Оның биіктігі 1,5 метрге дейін жетеді. Жағдай талғамай еккен орынға жақсы жерсініп, бойлап өсе береді. Ол шатырша гүлділер тұұымдасына жатады.

Аскөк шілде-тамыз айларында гүлдеп, қыркүйек айында дәні піседі. Тұқымының құрамында эфир майы 3 пайызға дейін болады. Одан су буымен айдау арқылы басқа да май түрлерін өндіреді. Бұдан басқа фенхон, анетол, флавоноидтар, аскорбин қышқылы, каротин басқа да химиялық қосылыстар бар. Одан қан қысымын төмендететін, қантамырларын кеңейтетін, ішектердің жұмысын жақсартып реттейтін, зәрді жүргізіп, қақырық түсіретін дәрілер жасайды.......
Кеңестер
Толық

20% және 80%

Адамдарды екі топқа бөлуге болады. Тепе-тең екі топқа емес әрине. Мұның бәрі де 20 және 80 деген екі санмен байланысты.

Дүниеде 20% адам бай да, 80% адам кедей. 20% адам жер бетіндегі 80% байлықты, 80% адам жер бетіндегі 20% байлықты иемденген.

20% адам уақытты сатып алса, 80% адам уақытты сатады. 20% адам практикалық жұмыс жүргізуге мән береді. 80% адам теорияға жүгінеді.

20% адам қарапайым істерді істейді. 80% адам қарапайым істерді онша ұнатпайды.

20% адам ертеңгі істі бүгін орындайды. 80% адам бүгінгі жұмысты ертең істейді.

20% адам қалай ақша табамын деп ойлайды. 80% адам менде ақша болса, қалай жұмсаймын деп ойлайды.......
Кеңестер
Толық

Әр күніңізге арналған пайдалы кеңестер

Әр күніңізге арналған пайдалы кеңестер

* Күніне кем дегенде 10-30 минут серуендеңіз.

* Күніне кем дегенде 10 минут тыныштықта болыңыз.

* Жеті сағаттан кем ұйықтамаңыз.

* Кітапты көп оқыңыз.

* Мүмкіндігінше бос уақытыңызды 70 жастан асқан қарттармен және 6 жастан кіші балалармен өткізіңіз.

* Армандаңыз.......
Кеңестер
Толық

Көгерген жерлерді емдеу

Әркімнің өмірінде бір рет болса да тайғанап құлап не бір жерге ұрынып, аяқ-қолын көгертіп алған кездері болған. Ауыртып алған жеріңіз көрінетін болса, оны тезірек кетіру сұрағы туындайды.

Жаралар не үшін көгереді?

Гематомалар (көгерген жерлер) - майда тамырлардың үзілуі нәтижесінде қанның тері маңына жиналуы. Қаншалықты қатты көгеруі ағып үлгерген қан мен теріге байланысты болады. Жазылу барысында көгерген жер түсін өзгертуі мүмкін.

Көгерген жерді қалай емдейді?......
Кеңестер
Толық

Жаңғақ өттегі тасты түсіреді

Адам ағзасының қызметін қалыпта ұстап отыру үшін күнделікті рационға жаңғақтың түр-түрін енгізіп отырған жөн, себебі жаңғақтар — ми, жүйке жасушалары мен сүйектердің қызметі үшін қажетті бағалы қорек.

Тал жаңғағының құрамында А, С, РР, В тобының дәрумендері, барлық қажетті амин қышқылдары, фосфор, калий, темір, магний, мырыш сияқты минералды элементтер бар. Жаңғақтар клетчаткаларға бай және асқазанның перистальтикасына әсер етеді. Оларды бауыр ауруларында, атеросклерозда және кейбір жүрек-қан-тамыр ауруларында қолданған дұрыс. Бұдан басқа, гастритте қышқылды қалпына келтіреді ......
Кеңестер
Толық

Қара дақпен күресу

Көктем мезгілінде қыз-келіншектердің көбі қара даққа шағымданады. Беттің дағы үнемі жағымсыз жайтқа қалдырады. Қара дақты қалай кетіруге болады, себебі не және халықтық еммен емдеуге бола ма?

Қара дақтардың пайда болу себептері
Қара дақтың пайда болуы туралы әртүрлі пікірлер бар. Негізгі себеп, бет терісі немесе дене терісі өзінің атқаруға тиіс емес, басқа функцияны жасайды, ал қара дақтар арқылы бізге белгі береді.
Бауыр, бүйрек ауырғанда. (Бұл жағдайда бүйрек пен бауырды емдеу керек)
Бет күтімі дұрыс болмағанда т.с.с. ......
Кеңестер
Толық

Бананның адам ағзасы үшін 22 пайдасы

1. Банан депрессиямен күресуде көмектеседі. Оның құрамында триптофана заты бар. Бұл триптофаннан қуаныш гормоны серотонин синтезделеді. Сондықтан бір банан жеп көңіл күйді айтарлықтай жақсартуға болады.

2. Банан әлемдегі аллергия тудырмайтын жалғыз ғана жеміс. Тіпті жас нәрестелерде де банан ешқандай гиперсезімталдық яғни аллергия көріністерін бермейді.

3. Сүйектерді қатайтады. Банан арқасында ағзадағы кальций жиналып тұрады. Қалыпты жағдайда ағзадан кальций сынды пайдалы минералдар зәрмен сыртқа шығып кетіп отырады. Ал банан әсерінен керісінше кальций жиналып, сүйектерді қатайтуға қатысады. Бұл әсіресе кофе ұнататын адамдарға пайдалы, себебі біле білсеңіз кофе керісінше ағзадан кальцийдың шығарылуына септігін тигізеді.......
Кеңестер
Толық