Мультимедиа — бұл қарқынды дамып келе жатқан, өзіне теледидарлық кескіндеудің жөне стереодыбыстық бейнелілігі мен нақтылығын дербес компьютердің интерактивтілік (үздіксіз әрекеттесу) мүмкіндіктерімен біріктірген ақпараттық технология. Осы негізгі үш құраушылар, яғни үш орта мультимедиа (multimedia) терминін түсіндіреді, оның ең қысқа анықтамаларының бірі — көру және дыбыстық әсерлерінің (эффектілердің) интерактивтік программалық жабдықтаманың басқаруымен өзара әрекеттестігі. Мультимедиа құралдары деп бірыңғай басқару элементі — компьютермен жалпы негізде өнделетін өзара байланысты мәтіндік, графикалық, көру (визуалдық) және дыбыстық дерекгердің комбинациясын (үйлесуін) атайды. Мұнда жалпы негіз деп деректердің цифрлық, түрі ұғынылады. Мультимедиа құралдары ішкі логикалық байланыстары және жеке тасушылардың қосынды қуатынан өлдеқайда артық қуаты бар жоғары деңгейде жинақталған жүйелер. Мультимедиа құралдарының ақпараттық дәстүрлі тасу-шыларынан негізгі айырмашылығы — интерактивтілігі, еркін түсінілуі және қатынасқа бейімділігі (коммуникабельділігі). ....
Барлық химиялық элементтердің 4/5 – нен көбі металдар.Элементтердің сырқы белгілерімен қасиеттері бойынша металдар және бейметалдар деп бөлінеді. Табиғатта металдар көбіне түрлі қосылыстар түрінде кездеседі, кейбіреулері бос, еш затпен қосылыспаған күйде болады. ондай жеке кездесетін түрін сап металл дейді.ол- платина, алтын, күміс және мыс қалайы, сынап сияқты металдар. Соңғы үш метал, көбіне қосылыс түрінде болады. металдардың жер қыртысында кездесетін қосылыстары түрлі минералдар түрінде болады. ....
Лтосфера – (грекше – Iithos – тас + sphair – ifh) – жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30 – 80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді. Топырақ. Жер бетінде Күннің энергиясы заттардың екі айналымын: су айналымы мен атмесфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық және заттардың топырақ, өсімдіктер микроорганизмдер мен жануарлар арасвндағыайналымы- кіші немесе биологиялық айналымды туғызады. Екі айналым да бір – бір мен тығыз байланысты. Топырақтың табиғи ландашфаттар мен экожүйелердегі маңызы зор, оны жекелеген экожүйе деп қарастыруға болады. Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев ХХ ғ басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін - өзі реттеуге қаблиетті табиғи – тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихы мен тау жыныстармен, климатымен, өсімдіктерімен, тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен. Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құблысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болды. Бүл қабат топырақтың ең белсенді бөлігі болып саналады. Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылми анықтама берді, ол:топрақ түзілу процесі құнарлық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарм – қатынас деп көрсетті. Топырақ ресурстары жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен рөлін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық симдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе – теңдікте сақтап түра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық – түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағыдай тек топырақ арқылы ғана жасалыныды. Топырақ – сыртқы орта жағыдайлары : жылу, су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар, микрооргаизмдердің біріккен әсерінен қалптасқан жердің беткі құнарлы қабаты. Топырақ түзгіш факторларға сол сияқты рельеф пен адамның іс - әрекеті де жатады. Тірі организмдер топырақтың негізгі қасиеті – құнарлығының қалптасуына жағыдай жасайды. Топырақтың құнарлығы дегеніміз – оның өсімдіктерді оларға қажетті қоректік элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз ету қабілеті. Ол топырақ түзілу процесі барысында және адамның топыраққа әсер ету нәтижесінде қалыптасады.....
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан қарыштап алға басуы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне де ерекше назар аударуды алға тартуда. Бұл жәйтті Президент Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде атап өткені мәлім. Онда экологиялық апаттарды болдырмау мәселелерін алдағы уақытта нығайта беру алға тартылды. Біз қазақ жерінің кеңдігін, оның орасан зор байлығын, әсем табиғаты мен жағымды ауа райын мақтан етеміз. Ал, оның ішінде Алматы облысы орналасқан, ежелден жер жәннаты – Жетісу атанған өлкенің орны өз алдына бір төбе. Жетісудың табиғатын аялап, оның байлықтарын қаз-қалпында сақтап, қолдан келсе, көркейтіп отыру – баршаға ортақ парыз екені анық. Бұған тікелей жауап беретін мемлекеттік деңгейдегі құзырлы мекемелер жұмыс істеп жатыр. Солардың бірі – Алматы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Басқарманың басты міндеті – қоршаған ортаны қорғау жөніндегі біртұтас мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізу және салалық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру, орталық, жергілікті атқарушы органдардың бұл бағыттағы қызметін үйлестіріп, табиғатты тиімді пайдаланудың бірқатар түрлеріне лицензиялар беру. Сонымен бірге, жердің, судың, ауаның ластануына жол бермеу шараларын қарастырады. Аймақтарда экологиялық сараптама жүргізеді және экологиялық аудит жасауға құқылы. Үстіміздегі жылғы белгіленген жұмыстарды бас¬қар¬ма қызметкерлері биыл қабылданған Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің баптары негізінде жүргізуде. Басқармадағы инспекциялық жұмыстардың барлығы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Табиғат қорғауды бақылау комитетімен келісілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Өткен мерзім ішінде қоршаған ортаны қорғау нысандарына 688 тексеру жасалып, 10 миллион 213 мың теңгенің айыппұлы салынды. Басқарманың мемлекеттік экологиялық сараптама бөліміне 865 құжат түсіп, оның 796-ы қаралды. Сонымен бірге, облыс көлемінде қоршаған орта туралы халық арасында экологиялық білім беру, насихаттық жұмыстарды жүргізу, тұрғындардың экология жөніндегі танымын кеңейту, бұл бағытта үкіметтік емес, қоғамдық саяси, жастар ұйымдары¬ның, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мүмкіндігін пайдалануға баса назар аударылып отыр. Мәселен, Текелі және Талдықорған қалаларында үкіметтік емес, жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен үш мәрте экологиялық сенбілік өткізіл¬ді. Бүкілдүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты дәстүрлі облыстық экологиялық форум болып, оған 600 адам қатысты. Қоршаған ортаны қорғау жөнінде 7 дөңгелек үстел өткізіліп, 38 лекция оқылды, 13 семинар ұйымдастырылды. Санитарлық тазалық айлығы қураған ағаштарды кесу, орнына ағаш егу және басқа да науқандық жұмыстар кезінде басқарма қызметкерлері 25 экологиялық рейдке қатысты. Экологияға байланысты тұрғындардан 112 өтініш түсті. Оның 111-і қаралып, қанағаттанарлық жауап берілді. Басқарманың қызметіне және өткізілген шаралар жөнінде газеттерге 80 мақала жарияланып, телеарналардан 19 телебейне көрсетілді. Сол секілді, дәстүрлі “Іле – Балқаш” регатасына арналған шаралар да өз нәтижесін беріп келеді.....
Әсіресе адам өмір сүріп отырған биосфераға тікелей әсерін тигізіп, жер бетінің климатын, атмосфера, мұхиттардың табиғи қалпын өзгертуде. Соның нәтижесінде жер шарының барлық жерінде табиғаттың құрамдасы: су, ауа, топырақ, өсімдік, жануар, адамдар зардап шегуде. Міне осы өзекті проблеманы шешуде уақыт талабы педагогиканың алдына адам бойындағы табиғатқа деген, мәдениетті, жанашырдық көзқарасты, адамгершілік қатынастарын қалыптастыруды қойып отыр. Экологиялық білім беруді дамыту педагогика ғылымының басты бағыты. Оқушыларға экологиялық мәдениетті қалыптастыруда химия, биология, география пәндерінің зор мүмкіндігі бар, себебі бұл пәндер ғаламшардағы тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын түсіндіріп қана қоймай, табиғатты қорғауға да шақырады. Жоғары сыныптарда оқушының ойлау қабілетін жетілдіретін өз көзқарастарын дұрыс қалыптастырып дәлелдей алатын сабақ түрлерін көбірек өткізу тиімді. Олар конференция, семинар, реферат жазып қорғау, дебат, т.б. Мысалы, «Су және тіршілік», «Биосфера және адам», «Темекі соты», т.б. Оқушының дүниетанымын кеңейтіп, сабақта алған теориялық білімдерін пайдалана білуге дағдыландыру мақсатында төменгі, орта буындарда іскерлік ойындар өткізудің, ойын элементтерін пайдаланудың маңызы зор. Мысалы, бір тақырып бірнеше пәнде кездесуі пәнаралық байланыстың дамуына және оқушының тәжірибелік іскерлігін қалыптастырып дамытуға мүмкіндік береді. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Табиғатына, отанына, еліне деген сүйіспеншілік сезімін, жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Өзін табиғаттың бір бөлшегі екендігіне, табиғатпен өте тығыз байланыста екендігіне көз жеткізу. Оқушылардың іскерлік, іздену, құзырлылық қабілеттерін дамыту, білім алуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты мультимедиа кабинетінде «Табиғат» атты журналдың «Ауа — газдар қоспасы» тақырыпты нөмірімен таныстыру деп алып, сабақ барысында мүғалімнің жетекшілігімен журналдың әр бетіндегі қызықты ақпараттармен жұмыс істету. Сабақты «Оқы, оқы және оқы!» деген шабыттандыратын ұранмен бастадық. ....
Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми – оның мекені. Сана – адам миы қызметінің жемісі, нәтижесі. Бірақ ми түрлі жануарларда да бар. Ал мана тек адам миының ғана жемісі. Бұл - өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Оған жету үшін әлем неше ықылым заманды бастан өткізді. Бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншектердің сана және өзіндік сана процесінің дамуын зерттеуді әдістемелерін жинақтау. Сана және өзіндік сана процесінің дамыту жолдарына байланысты теориясын шолу Сана және өзіндік сана процесінің даму деңгейін анықтап, соларға байланысты амал-тәсілдерді қолдану Жалпы бұл зерттеудің теориялық мәні қазіргі таңда сана және өзіндік сананың даму және тәрбиелеу деңгейін анықтау жолдарына молына үлкен септігін тигізіп отырды. Мұнда көп ғылымдардың дәлелденген факторлы және теориялары қарастырылған. Жалпы айтқанда бұл теорияның сана және өзіндік сананың дамуын оның деңгейін анықтау бөліп табылады. Жалпы айтқанда бұл сана және өзіндік сананы зерттеудің мәні балның сананың дамуын оның деңгейін анықтау болып табылады....
Нарықты экономика несиеге берілген кез-келген ресурстарға процент түрінде ақы төлеуді қатаң талап етеді. бірақ практикада процент қарыз капиталының бағасы ретінде қарастырылады. Қарыз капиталы капитал – меншік иесі, өзіндік қозғалыс түрі бар ерекше тауар, оның иесіне өндіріс саласына қатыспай-ақ қосымша құнның бір бөлігін процент түрінде иемдену мүмкіндігін береді. Қарыз берушінің қолында қарызға берген капиталы үшін төлем қарыз процент түрін қабылдайды. Қарыз проценті қосымша құнның ерекше формасы. Өндіріс немесе сауда қызметін істеуші қызмет иесі, қарыз ала отырып, ақша иесіне алынған соманың белгілі бір бөлігін процент түрінде төлейді. Қарыз проценті қосымша құнның бір бөлігі, оның кәсіпкерлер қарыз берушіге беруге міндетті. Қарыз капиталынан түскен пайда екі бөлікке бөлінеді: капитал иесінің иемденетін проценті мен қарыз алушы иемденетін кәсіпкерлік табыс. Қарыз процентінің белгілі дәрежесі немесе нормасы бар. Процент нормасы қарыз капиталына алынған жылдық табыс сомасының, қарызға берген капитал сомасына қатынасы. Қарыз капиталын пайдаланғаны үшін төлем процент нормасы арқылы көрініс алады. Процент нормасы қарыз капиталынан алынған жалдық табыстың бүкіл қарыз капиталына қатынасымен өлшенеді. Егер, қарызға берген капиталды 100 мың доллар деп ұйғарсақ, ал осыдан жылдық табыс 6 мың доллар болады, онда процент нормасы ----- - 6 процентке тең. Қарыз проценті белгісіз өлшем, оның орта пайда нормасымен байланысты болатыны, соңғысы ең жоғарғы шек, әдетте, қарыз проценті одан асып кете алмайды. Бұдан шығар қорытынды, пайда нормасының төмендеу тенденциясының орын алуымен, процент нормасы да төмендейді. Процент қалай пайда болады және ие не үшін төленеді ? Жаңа классикалық теорияның пайымдауынша пролцент уақыт үшін төлем. Себебі, игіліктердің бүгінгі бағасы мен ертеңгі бағасында (келешектегі) айырмашылық болады.....
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуының алғы шарттары. Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктеріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының өте томен денгейімен ерекшеленетін алғашқы қауым¬дық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объектитві түрде өтіп, мемлекеттік деңгейіне дейін «өсуі» керек, Ол жануарлар әлемінен енді ғана бөлініп шыққан, өзінің өткен өмірінің ашық та анық таңбасы бар адамның көп жағдайда табиғаттың дүлей де соқыр күштерінін алдында дәрменсіз болып қалатындығымен, жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығымен, өзінін іс-әрекеті мен қылығының аяғы неге апарып соғатындығын болжай алмайтындығымен сипатталатын. Ол тамақ, киім және басқа тіршілікке қажетті заттарды табудың жетілмеген, дерекі құралдарын пайдаланды, соған қарай қоғамда еңбек өнімділігі табыстың жинақталып, осында қалып қалуына мүмкіндік жасай алмады: ол қалдықсыз пайдаланылды.....
1. Ғылыми-зерттеу мәліметтеріне қарағанда біздің ғаламшарымыз - жер осыдан 4-5 млрд. жыл бұрын пайда болған көрінеді. Адам, яғни саналы адам - һоmо sаріеns жер бетінде осыдан 40 мың жыл бұрын пайда болған дейді антрополог ғалымдар. Алғашқы мемлекеттік құрылымдар біздің дәуірімізден 4-5 мың жыл бұрын пайда болғанын ғылыми зерттеулер дәлелдеді. Соған сәйкес ежелгі адамдар 35 мыңдай жыл бойы мемлекеттік құрылымсыз өмір сүрген деуге болады. Мемлекеттілікке дейінгі кезең ғылымда алғашқы қауымдық құрылыс немесе рулық қауым деген атаумен белгілі. Бұлай болатын себебі адамдар ол кезде кауым, ру-ру болып тайпаларға бірігіп өмір сүрген. Бірлестіктерге бірігу қандас туыстық, бірге тұру және бірлесіп, ортақтасып еңбектенуге негізделетін. Ру - адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі, туысқан адамдардан тұратын қауымдастық. Оның мүшелері өзара некеге отырмайды. Барлық халықтар рулық дәуірден өткен. Қазіргі халықтардың кейбіреуінде рулық дәуірден қалған әдет-ғұрыптар, дәстүрлер әлі де сақталған. Мысалы. қазақтың салт-дәстүрі бойынша жеті атаға дейін қыз алысып-беріспейді. Рулық қоғамда қауымдық билік болған. Ру өміріне байланысты мәселелердің барлығын рудың жалпы жиналысы қарап, шешіп отырған. Оған жынысына қарамай, кәмелетке толған ру мүшелерінің барлығы қатысатын. Қандай мәселе болса да, жалпы қауымның келісімімен, әділдік жолымен шешілген. Ру мүшелері жалпы жиналыста ру ағасын сайлайтын болған. Ру ағасына ақылға толған, ру әдет-ғұрпын, дәстүрін білетін, рудың қамын ойлайтын, қауымды басқара білетін адам санланатын. Бірнеше ру бірігіп, таппа құраған. Тайпаны басқару үшін ру ағалары кеңес құрған. Сол кеңесте рулардың тұрмысына, басқа тайпалармен қарым-қатынасына байланысты мәселелер қаралатын. ....