Ең сұлу әйел

Ең сұлу әйел – жүкті әйел деп жатамыз. Иә, дүниеге ұрпақ әкелу - Алланың әйел затына берген ең керемет нығметтерінің бірі. Жауапкершілікті талап ететін кезең. Әйел адамның денсаулығына, әсіресе, аяғы ауыр кезінде көп көңіл бөлетіні де сондықтан. Қуанышты жаңалықты естіген ененің де құрсақ тойын жасап, аяғы ауыр келінінің тамақтануына, тынығуына, тіпті киім киюіне мән беруінде де бір сыр жатса керек.

Адам баласының бұл өмірге саяхаты жатырға түскен сәтінен басталады. Құран Кәрімде сәбидің ана жатырындағы даму кезеңдері:

«Расында, біз адамды нағыз балшықтан жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге (жатырға) орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға), сосын оны мудғаға (бір шайнам ет бейнесіндегі жаратылысқа) сосын удғаға сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жаратылыс қылдық. Алла ең керемет Жаратушы ("Муминун" сүресі, "12-14 -аяттар)» ......
Кеңестер
Толық