Тойға дайындық Қалыңдық қорқынышы

Қалыңдықтар той дайындығы кезінде мынадай мәселелер бойынша алаңдайды екен:

– Көңілім бұзылып, көзіме жас келсе кірпігімдегі тущ ағып кетеді. Мұндай мәселе туындамас үшін суға ақпайтын тущ жағыңыз немесе қазір барлық қалыңдыққа ұсынылатын жасанды кірпікке бір күнге рұқсат беріңіз.

– Туфлиімнің өкшесі сынып қалса... Тойда қарбалас кезінде түрлі жағдай болуы мүмкін. Сондықтан барлығын ерте ойластырып қойыңыз. Бойыңыз тым кіші болса, бұл мәселе алаңдатпай қоймайды. Мүмкіндік болса, тағы бір өкшелі туфли жаныңызда жүрсін. Бойыңыз жолдасыңызбен қарайлас болса, жай табан аяқ киім алып, мейрамхананың (той өтетін жердің) сенімді жеріне қойыңыз.......
Кеңестер
Толық

Тойға дайындық: Қалыңдық қорқынышы

Үйлену оңай, үй болу қиын дегенмен, үйлену тойының да қиыншылықтары жетерлік. Әр ұсақ-түйегіне дейін ұйымдастырып, реттеп қою қыз баласының, әйел адамының мойнында. Сондықтан олар той жөнінде ер азаматтарға қарағанда көбірек бас қатырады. Бірі тойды уайымдап біраз салмақ тастаса, бірі уайымнан көп тамақ жеп қойғанын да білмей қалады.

Өмірде бір рет келетін отау құру тойы сценариі жазылған концерт секілді бірқалыпты өтіп кетпей, нағыз мерекеге айналып, қуаныш сыйласын десеңіз бүге-шүгесіне дейін алдын ала ойластырып қоюға тура келеді.

Тойға дайындық басталғаннан өзіңізді ханшайымдай сезініңіз. Барлық істі үтір нүктесіне дейін қалай орындалуы керегін түсіндіріп, ең сенімді адамдарыңызға тапсырыңыз. Той кезінде өзіңіз тек тапсырмалар орындалғанын қадағалап отыратын басқарушы боласыз.......
Кеңестер
Толық