Ойландыратын өмірлік оқиғалар

1. Бүгін бір әріптесім екіншісін мазақ етті. Әлі күнге дейін көлігің жоқ, жұмысқа қоғамдық автобустармен жүресің деп күлді. Сәлден кейін сол әріптесім банктен несиесін шегере тұруын өтініп отырды. Өмір-ай...
2. Бүгін пациентіме баласының сол қолы кеміс болып туатынын айттым. Ал ол болса: «Мен баламның ерекше жаратылыс болатынын білгем» деді!!!
3. Бүгін бір таныс әйел қызы қайтыс болғанда қалай қиналғаны туралы айтып берді. Қайғыдан қан жұтып, есін көпке дейін жинай алмапты. Өмір тоқтап қалғандай. Жоқтау айтып, жылаудан өзін тыя алмаған. Бір күні түс көреді. Түсіне кішкентай қызы кіріпті. Екі үлкен шелекпен су әкеле жатыр екен. Әр қадамын әрең басып, әлгі шелектерді әупірімдеп қиналыспен әкеле жатқаны анық көрінеді. Анасы одан: «Не әкеле жатырсың?» деп сұрайды. Оған қыз «Сіздің көз жасыңыз, анашым» деп жауап беріпті. Сол түсті көрген соң танысым есін жиып, бекер жылауын тыйыпты.......
Кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық