Асқабақ шырынының пайдалы қасиеттері

Асқабақтың денсаулыққа пайдалы қасиеттері барлығына жақсы белгілі. Көкөністер мен жемістердің шырынының пайдасы дәлелденген, асқабақ шырыны дәрілік препаратқа теңестіріледі. Оның құрамында көп мөлшерде бето-каротин, ол біздің ағзамызда ретинолға айналады (А дәрумені), сондай-ақ В, Е, К және С (аскорбин қышқылы) бар. Асқабақ шырынының минералды құрамы өте алуан түрлі; калий, мырыш, темір, кальций, магний. Асқабақ шырынында тағы майлар, белоктар және минералды тұздар бар.
Асқабақ шырынындағы ағзаға үлкен пайдасын тигізетін пектин болып табылады. Ол зат алмасуды реттеп, асқазан-ішек жұмыстарын қалыпқа келтіреді. Қандағы холестеринді төмендетіп, перифериялық қан айналымын жақсартады. Пектин біздің ағзамызда жиналып қалған токсин, пестициндерден құтылуға көмектеседі. Сондай-ақ, ол бауыр тазалауда жақсы құрал болып табылады.
Жүрек-қан тамырлары ауруларында асқабақ шырынының ерекше құнды, пайдалы қасиеттері бар. Бұл сусынмен атеросклероздың алдын алуға болады. Сондай-ақ магний миокард, бұлшық ет талшықтарын нығайтып, қан құрамын жақсартады. ......
Кеңестер
Толық