Қиярдан жасалатын маска түрлері

✅ Қияр – адамның денсаулығына ғана емес, бет терісі үшін де пайдасы мол көкөніс. Құрамында теріге қажетті әрі пайдалы дәрумендер – кальций, темір, фосфор болғандықтан, әжіммен күресте тез әрі жақсы нәтиже береді. Сонымен қатар беттегі дақ пен безеуден арылтады. Қиярдан жасалатын маска түрлерін өзіңіз үйде әзірлеп көріңіз.

✅ Майлы теріге арналған маска. Орташа бр қияр мен алманы үккіштен өткізіп, дайын қоспаны бетте 30 минут ұстайды. Мұны аптасына 2 рет жасаса, тері өңі жақсарады.

✅ Дақты кетіруге арналған маска. Үккіштен өткізілген қиярды лимон шырынымен араластырады. 15 минуттан соң жылы сумен бетті шаяды. Маскадан соң бетке нәрлендіретін крем жағуды ұмытпаңыз. Қияр мен лимон шырынына дәкені малып, оны бетте ұстауға да болады. Бұл тәсіл бетті ағартып қана қоймай, теріні керемет сергітеді. ......
Кеңестер
Толық