Түрегеп тұрып су ішудің зияндары

Ғалымдар түрегеп тұрып су ішудің адамдарға медициналық тұрғыдан зиян келтіретінін білдіре отырып: «Адамдардың асқазандары дененің қалай тұрғанына қарай әртүрлі болады. Яғни түрегеп тұрған кездегі және отырған кездегі асқазанның халі екі түрлі. Асқазанның кішкентай иіңкі бөлігіне сай келетін Вальдейер асқазан қуысы деп аталатын қуыс болады. Сұйық азықтар осы жерден тұрақты ашық қуысы бар асқазан жолынан шығып он екі елі ішекке өтеді. Яғни қысқаша айтқанда адамдардың түрегеп тұрып су ішулері еш жерге әсері болмастан тікелей он екі елі ішекке өтеді. Су адамдар үшін өте маңызды. Бұл суды түрегеп ішкенде су асқазанда бірікпейді және денеге пайдасы болмайды. Егер адамдар суды отырып ішсе алдымен асқазанда бірігеді, қышқылдармен араласып, микробтары өледі, кейін он екі елі ішекке өтеді. Осылай отырып су ішу әдісіне мойынсұну арқылы адам холера ауруымен қоса көптеген аурулардан сақтанған болады. Адамдар көрінген жерден су алып, түрегеп ішіп кете берсе кейбір ауруларға душар болады,» деді. ......
Кеңестер
Толық