Ауырғанда оқылатын дұғалар
Расулулла (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Осман бин Әбиластың көңілін сұрап келді. Ол ауырып жатқан еді. Сырқаты ауыр және шаншитын.
– Ауырған жерді оң қолыңмен жеті рет уқала да әрқайсысында: «Әузу бииззәтиллаһи уә қудрәтиһи мин шәрри ма-әжиду уә ухазиру деп оқы!», - деп бұйырды. Осман былай дейді:
– Aйтқанындай істедім. Ауруымнан айығып кеттім. (Бостанул-Арифин)
Айша анамыз айтқан:
– Бір жері ауырса Расулулла (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) «Фәләқ» және «Нас» сүрелерін оқып мүбәрәк қолына үрлеп, ауырған жерін сипайтын.
Көзі көрмейтін бір кісі....
Намазда оқылатын қысқа сүрелер
Фатиха сүресі
اَعُوذُ بِاللَّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيم بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَانِ الرَّحِيمِِ
اَلْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ ﴿1﴾ اَلرَّحْمَـنِ الرَّحِيمِ ﴿2﴾ مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ ﴿3﴾ إِيَّاكَ نَعْبُدُ وإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ﴿4﴾ اِهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ ﴿5﴾ صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلاَ الضَّاۤلِّينَ ﴿6﴾
Ә’узу биллаһи минаш-шайтанир-ражим
Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим
«Әлхамду лилләһи раббил-’аләмиин, әр-рахмаанир-рахиим, мәәлики иәумид-диин, ийәкә на’буду уа ийәәкә нәста’иин, иһдинас-сираатал-мустақиим, сираатал-ләзина ән’амта ’аләйһим, ғайрил-мағдууби ’аләйһим уәладдааал-лиин»
Мағынасы:
Қуылған шайтанның (кесірінен) Аллаһқа сыйынамын Рахман һәм Рахымды Аллаһтың атымен бастаймын.
1. Барлық мадақ пен мақтаулар әлемдердің Раббы - Аллаһқа тән.
2. Ол Рахман һәм Рахымды.
3. Есеп күнінің, ақырет күнінің жалғыз Иесі.
4. Саған ғана ғибадат етіп, Сенен ғана жәрдем тілеп, көмек сұраймыз.
5. Бізді тура жолға сал.
6. Бізді өзіңнің ашуыңа, қарғысыңа ұшырағандар мен тура жолдан тайған, адасушылардың жолына емес, ырыс-береке мен ізгі-жақсылықтарыңды, ерекше шарапатыңды төккен салиқалы құлдарыңның жолымен жүргіз.
Дұға: Көркем мінез сұрау
«ИӘ, Аллаһым! Менің жаратылысымды көркем еткеніңдей, мінез-құлқымды да көркем ет!» (Ахмад)
Оқылуы: “Аллаһуммә! Кәмә хассантә халқи фа хассин хулуқи.”