«Аъузубиләһи минәш-шайтанир ражйм. Бисмил-ләһир рахманир рахим»-ді қайталап айтып жүру керек. Сонда әлгі ұрсып жатқан адамның шайтанына бұл сөз кісен болып, азғыра алмай қалады. Немесе сәлемді жуандау етіп беру керек. Сәлем сөзі Аллаһтың бір есімі. Аллаһтың есімі аталған жерден шайтан қашады.....
XX ғасырдың бас кезінде, яғни 1911 жылдың қаңтарынан бастап, 1915 жылдың қыркүйек айына дейін Тройцкі қаласындағы «Энергия» баспахансында қазақ тілінде үзбей шығып тұрған «Айқап» журналы халқымыздың әлеуметтік саяси-өмірінде, әдебиет пен мәдениетімізді насихаттап таратуда елеулі роль атқарды. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы болды. «Айқап» өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, іс жүзінде Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың ағартушылық идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің, публицистикасының прогресшілдік және демократиялық дәстүрлерін жалғастырған ілгері дамытқан журнал болды. «Айқап» журналын ұйымдастырушы және редакторы демократ –жазушы Мұқаметжан Сералин (1872-1929) болды. М. Сералин журналдың төңірегіне өзімен ниеттес көрнекті ақын жазушыларды, қоғамдық қайраткерлерді топтастырды. Журналдың секретары 1911-12 жылдары Әкірам Ғалимов, 1913-14 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Әр уақытта тілші, автор болып Сәкен Сейфуллин , Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев және осылар сияқты ақын-жазушылар қатысты. [45]. «Айқап» журналы осылай аталуының себебі мен алдағы мақсаты туралы 1911 жылғы 11-санында бастырушылар алқасының атынан былайша түсінік береді: «Айқап» деген сөз қазақтың төл сөзі, ол ғасырлар бойы мәдениеттен, білімнен, кенже қалған бүкіл қазақ халқының өкініші ретінде алынды. «Ай, қап!» деп санымызды соқтық, енді ел қатарына қосылайық деген үнді білдіреді. «Айқаптың» төңірегіне жиналып, қазақ халқының қоғамдық ой –пікірінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан әдебиеті мен мәдениетті жайында байсалды талғамдар айтқан журналдың редакторы М. Сералиннің «Айқап» журналының басқармасында қызмет еткен жазушылардың еңбектері ерекше. «Айқап» журналының бетінде қазақ совет поэзиясының алыбы - С. Сейфуллиннің алғашқы өлеңдері, Б. Майлиннің тұңғыш мақалалары басылды және С. Дөнентаевтың бірнеше өлеңдері жарияланды. Журнал оқу, жас буындарды тәрбиелеу және мәдени-ағарту ісіне шын мәнісінде прогрестік және демократиялық тұрғыдан көңіл бөлді. Бұл іске Сералин өзі сияқты мұғалім , жазушыларды публицистерді тартты. «Айқап» отырықшы болуды мәдениет мәселелерімен байланыстыра үгіттеді. М. Сералин орыс халқының ғылымын, өнерін, тілін үйрену керек дей келіп, бұларды білу үшін школа мектеп ашу қажет. Бұл 4-5 үйдің қолынан келетін іс емес, кедейлердің баласын алыс жерге жіберіп оқытуға қалі келмейді. Сондықтан « бір жерге қала болып жиналудан басқа ем жоқ». Ал «50-60 үй бір жерде , жиналып отырса, оларға орталарынан молда (мұғалім) ұстап бала оқыту оңай ....
Білім, іскерлік пен дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастар мен қарым-қатынаста, ойындар үстінде, кітаптар оқығанда және т. б. игеріледі. Еңбек процесінде адам бай тәжірибе жинақтайды. Затында оқу қызметінен туындайтын игерудің өзіндік ерекшелігі неде? Бәрінен бұрын оның толық жүзеге асуы үшін жағдайлар тек кана мектепте жасалатынын есте ұстау керек, онда балаларға ғылым негіздері оқытылады, онда олардың ғылыми дүние-танымы қалыптасады. Оқу ісі мазмұнының ерекше өзгешеліктері болады: оның негізгі бөлігін ғылыми ұғымдар, ғылым заңдары және соларға сүйенетін практикалық міндеттерді шешудің жалпы тәсілдері құрайды. Қызметтің басқа түрлерінде игеру жанама нәтиже түрінде көрінеді. Мысалы, ойын үстінде бала өзі алған белгілі бір ролді жақсы ойлануға тырысады. Бұл ретте мінез-құлық нормаларын игеру тек негізгі ұмтылысты қанағаттандыру үшін ғана қызмет етеді. Еңбектің негізгі мақсаты — бұйымдар өндіру. Дағдыларды молайту бұл жерде маңызды, бір-ақ жұмыстың жанама нәтижесі ретінде көрінеді. Тек оқу қызметінде ғылыми білімдерді және соларға сәйкес іскерліктерді игеру негізгі мақсат және Оқу іс-әрекетінің белгілі бір құрылымы болады. Онын құрамдас бөліктері мыналар: 1) оқу ситуациялары (немесе міндеттері), 2) оқу әрекеті, 3) бақылау, 4) бағалау. Оқу ситуацияларының ерекшеліктері. Оқу ситуациялары бір қатар ерекшеліктермен сипатталады. Біріншіден, мұнда оқушылар ұғымдардың қасиеттерін бөліп алудың немесе нақтылы-практикалық міндеттердің кейбір кластарын шешудің жалпы тәсілдерін игереді. (Ұғымдардың қасиеттерін бөліп алу нақтылы міндеттерді шешу жайлы ғана сөз болады. Екіншіден, осы тәсілдердің бейнелерін қайта жасау оқу жұмысының негізгі мақсаты ретінде көрінеді. Нақтылы-практикалық міндеттердің тікелей өмірлік мазмұны болады және олардың шешімі соншалықты өмірлік мәнді нәтижелерге жеткізеді. ....
Диалектиканың қарма – қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез – келген нәрсені,құбылыс,процесс қарма – қарсы,бірін – бірі жоққа шығару және бір мезгілде өзара қарым – қатынаста болатын қарама – қарсы жақтардың қарама – қайшылықтың бірлігі болып табылады.Оқушылардың танымдық іс - әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама – қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама – қайшылықтарымен сипатталады.Әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы,олармен әрекеттесуі,дербестенуі оқу – тәрбие процесінде жүзеге асырылады.Микро жүйе ретінде оқушы өзінің қалыптасуында өзіндік дамуының қарама – қайшылықтарында кездесіп отырады.Оқу – тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама – қайшылықтарын оқушыларды оқу – танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды,кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім көмегі мен құрбыларымен қарым – қатынас жасау қажет болғандықтан мұғалімнің өз оқушыларымен,ал оқушылар бір – бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді.Сонымен бірге оқушының өзін - өзі бағалау мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы және оның толыққанды дамуы үшін мұндай өзара әрекеттестік өте қажет.Осылайша іс - әрекет пен танымның субъекті болып табылатын микро жүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама – қайшылықтарын шешу қажеттігі оқу процесін оған қатысушылардың қарым – қатынас,өзара әрекеттестігі және ынтымақтсатығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.Оқу процесінің субъектілерінің қарым – қатынасы мен өзара әрекеттестігінің феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірбиесінде ұжымдық танымнық іс - әрекет ретінде түсіндіріледі.Бұл мәселелердің теориялық әдіс – тәсілдері Н.К.Крупская еңбектерінде қарастырылған.Ал педагогикалық процестің оқудан тыс бөлігі жағдайында оқушылармен ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін Н.К.Крупская, П.П.Блонский, А.С.Макаренко жасаған.....
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы заңы» (1972), Қазақстан Республикасы «Тәлім- тәрбие тұжырымдамасы» (1993), Қазақстан Республикасы «Жалпы білім беретін мектептері» тұжырымдамасы (1992), Қазақстан Республикасы «Жалпы білім беретін мектептер оқушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасы» (1993) педагогика ғылымының зор сүйеніші болады. Сонымен бірге көптеген мұғалімдердің де тәжірибелері де басшылыққа алынып тәрбиенің дамуына игі әсерін тигізді. Адамгершілік теориясы мен практикасында аса маңызды бағыттарға сын көзімен қарамайынша бүгінгі күнде орын алатын жалпы тәрбиенің оның ішінде адамгершілік тәрбиесі ұғымдарының ғылыми негізін ашып көрсету әлі де шешімін тапқан жоқ. Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысында болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауға міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылар мен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Бұл өзекті мәселелерді шешуде және оларды одан әрі жетілдіруде оқу- тәрбие процесінде адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Бірақ, «адамгершілік элементтерін қолданамын» немесе «адамгершілік барлық тәрбие сағаттарының тақырыбына сай келе бермейді» деген жаңсақ пікір де орын алып келеді. Адамгершілік тәрбиесі жөнінде демократ педагог Н.А.Добролюбов жастарды гуманизмге тәрбиелеудің маңыздылығын көрсете келе гуманизмнің мазмұнын терең және әр салалы түсіндірді. Бұл тәрбиенің міндеті адам баласын қадірлеп сыйлауға үйрену ортақ тағдыр жолында істес адамдарға көмектесу, қиын-қыстау кезеңдерде жолдастар мен достарға жәрдемдесуге дағдылану керек деп талап етеді. Н.А.Добролюбовтың көзқарасында адамгершілік тәрбиесінің жолдары мен әдістері жөнінде былай деді: «Нағыз шын адамгершілік қасиеттер мен саналар қалың халықтардың ішінде, халықпен біте қайнап дамыған адамгершілік, сол халықтың ерекшеліктерін, тілектер мен талаптарын, үміттері мен болашақтарын білдіреді»,- деді. Қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы Ыбырай Алтынсарин бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге арнады. Ы.Алтынсариннің балаларға арнап жазған шағын әңгімелері, өлеңдері бастауыш сынып оқушыларын еңбек етуге, адал, шыныл болуѓа мейірімді, қайырымды болуға, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға арнаған. Қазақ халқының ұлы ойшыл-ақыны Абай Құнанбаев жастарды халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім- тәрбие алуға шақырды. Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы көпке ортақ», «пайдаң еліңе, халқыңа тисін» деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды.....
Педагог оқу іс - әрекетін жұмбақ жасырудан бастайды: Білімнен мол сый - асы, Балғындардың үясы. (Мектеп) Ұшымен қазық торкөзді жазық Үстінен өттім асыл сөз жазып. (Дәптер) Қыркүйек айында балалар мектепке барады. Сабақ оқиды. Ол үшін балаларға не қажет деп ойлайсыңдар? Ендеше бүгінгі тақырып «Оқу құралдары хикаясы». Дәптермен жұмыс: А. Хамзаұлының «Оқу құралдары хикаясы» ертегісімен таныстыру. - Жанатбек биыл қайда барады? - Анасы ұлына қандай оқу құралдарын сатып әперді? - Жанатбек дәптерді қалай былғады? - Қалам, дәптерлер неге ренжісті? - Атасы немересін қайда апарды? - Мұғалім Жанатбекке не берді? - Жанатбек кітаптарды қайда салды? - Кітап достарына қандай ақыл айтты? - Кітаптың айтқаны дұрыс па? - Сендер қалай ойлайсыңдар, Жанатбектің жасаған қылығы дұрыс па? Сергіту сәті: .....
САБАҚ: №29 Қазақ бейнелеу өнеріндегі портреттік жанр Мектеп: Тексерілді:
Күні: Оқытушы: СЫНЫП: 5 сынып Қатысушылар саны: Қатыспағандар: Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Оқушыларға қазақ халқының бейнелеу өнері туралы түсіндіру
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ересектер тобына перспективалық жоспары
Перспективалық жоспар Ересектер тобы Қыркүйек айы Өтпелі тақырып «Балабақша» Мақсаты: Бала бойында балабақшаға деген құрмет, достарына, ересектерге сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Жақын айналасын бағдарлай білуді үйрете отырып, бірлескен түрлі іс - әрекеттерге деген қызығушылықтарын дамыту. Міндеттері: -«Денсаулық» білім беру саласы: Балалардың дене сапаларын қалыптастыру арқылы қимыл - қозғалыстарын дамыту. Салауатты - өмір салтын ұстану туралы түсініктерін дамыту, өз денсаулығына құндылық ретінде қарауға, өзге адамдарды құрметтей білуге тәрбиелеу. - «Коммуникация» білім беру саласы: Балалардың белсенділік сөздік қорын дамытып, дыбыстар туралы түсінік беріп сауаттылыққа тәрбиелеу, әңгіме құрастырып байланыстырып сөйлеуге үйрету, достықты бағалауға, достаса білуге тәрбиелеп, театр өнеріне баулу. Орыс тілі, ағылшын тілінде сөздердің аудармасын түсініп, жауап беруге үйретіп, есте сақтау қабілеттерін дамыу. .....
Сабақтың тақырыбы : XXI –ғасыр қожасында қандай дағды қалыптасу керек. Өткізілген уақыты : 01.03.2016 ж Сабақтың мақсаты: 1. Жас жеткіншектерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға қалыптастыру.
2. Оқушылар бойына ұлттық намыс пен рух, ақыл мен парасат....