Менің курстық жұмысысның тақырыбы: “Шығыс сметаларының орыфндалу есебі” деп аталады. Бұл курстық жұмысты жазу барысында бюджеттің экономикалық мәніне, бюджеттің шығыстарыына және шығыс сметаларының орындалу есебіне байланысты мәселелерді қарастырғалы отырмын. Осы негізгі үш сала бойынша жаңа даму қарқынына еніп отырған әлеуметтік-экономикамыздағы бюджет шығыстарының жалпы алатын орны толық ашылмақ. Экономикамызды әлемдік деңгейге жеткізу үшін түрлі салаларға бюджеттен бөлінетін шығыс орындалуы есебін дұрыс әрі ұтымды ұйымдастырудың экономикалық мәні зор десек, сол шығыс сметларының орындалуы есебін бүгінгі атқарушы қаншалықты дәрежеде қолданып жүр. Осы туралы мәліметтерді сіздер курстық жұмысымның ішінен ала-аласыздар ....
Халық композиторларының бізге жеткен күйлері арқылы екі ішекті домбыра кеңінен таралып, кеңінен зерттелсе, халкымыздың музыкалық мұрасына үлес болып табылатын үш ішекті домбырада және шертерде ойналатын күйлерді зерттеу, үйрену енді қолға алына бастады. Соның бізге жеткен бір куәсі, Республикалық Музыка Аспаптар Музейінде үш шекті домбыралардың және шертердің бірнеше үлгілері сақталған. Шертер аспабының көне түрлері Қазақстанның шығыс өңірінде, оңтүстікте (археологиялық қазба жүмыстарының нэтижесінен), Маңғыстауда (Б.Залесскийдің суретінен) болғанын білеміз. Үш ішекті домбыра Қазақстанның шығыс өңірінде кеңінен тараған. XIX ғасырда А.Алекторов, Исаев, Юдин тэрізді этнографтар үш ішекті домбыра жөнінде деректер жазып келтірген. Әсіресе 1891 жылы жарык көрген «Оренбургские ведомостиіндегі» Юдиннің, Готовицкийдің мақаласы өте қызықты. XIX ғасырда өмір сүрген халық композиторы Қүлыншақтың үш ішекті домбырасы Ықылас атындағы музейде сақтаулы. Құлыншақтың домбырасы бір тұтас ағаштан ойып жасалынған, беткі кақпағы ағаш шегемен бекітілген. Бүл домбырада ол табиғатты, түрмысты, махабатты, азаттықты паш етіп шығармаларымен елге танылды. Қазақтың Үлы ақыны Қүнанбайүлы Абай үш ішекті домбырасын 1885 жылы Семей қаласының өлкетану музейіне тапсырған. Бәлкім дәл осы домбырада ол өз музыкаларын, эндері мен күйлерін шығарған болар. ^ Шығыс Қазақстан облысында Абай ауданында Жидебай жерінде Ибраьимнің (Абайдың) өзі тұрған үйінде, қазір музей, үш ішекті екі домбыра бар. ....
Нарықтық экономика және бәсекелестіктің дамуы жағдайларында кәсіпорындардың қаржылық менеджментінің ролі мен міндеттері ең маңызды мәселердің бірі болып отыр. Кәсіпорынның табыстылығы, бәсекелестік жағдайлардағы өміршеңдігі, қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігі мәселелері қаржы менеджментінің негізгі басқару объектісі болып табылады. Отандық экономикалық теорияда және тәжірибе жүзінде кәсіпорын қызметін стратегиялық басқару мәселелері әлі де болса жеткіліксіз қарастырылып келеді. Мұның басты себебі – еліміздегі экономикалық бетбұрыстардың басталуына дейін стратегиялық басқару мемлекеттің өз қолында болып келді. Мемлекет өзінің экономикалық саясаты шеңберінде елдің дамуы мен келешегінің стратегиясын қалыптастырып, салалар мен кәсіпорындардың өзекті стратегиялық мақсаттарын анықтап келді. Алайда, нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуы бәрін де өз орнына қойды. Қазіргі таңда кәсіпорындардың өміршеңдігі, табыстылығы, бәсекелестікке жарамдылығы өз қолдарында, яғни олардың өз қаржылық және шаруашылық жағдайын нығайту кәсіпорынның қаржы менеджментінің стратегиялық міндеті балып табылады. Жалпылай айтқанда қаржы менеджменті дегеніміз – бұл кәсіпорынның табыс табудың және өндірісті дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті ақша ағындарын қамтамасыз етумен, қаражаттар мен ақша қорларын қалыптастырумен және қолданумен байланысты кәсіпорындардың басқару қызметі болып табылады. Қаржы менеджментінің қызметтерінің түрлерін келесідей тәртіп бойынша бір жүйеге келтіруге болады: - жоспарлау – стратегиялық, оперативтік және ағымды қаржылық жоспарлауды, түрлі шараларға сметалар мен бюджеттер құруды қамтиды; - баға саясатын анықтауға және өнімді сату жоспарын құруға қатысу; - өзге кәсіпорындармен қосылу немесе бөліну нәтижесінде мүмкін болатын капитал құрылымының өзгеруін бағалау; - қаржыландыру көздерімен қамтамасыз ету: қысқа және ұзақ мерзімді қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерін іздестіру; олардың оңтайлы құрылымын қалыптастыру; - қаржы ресурстарын басқару: есеп шоттардағы және кассадағы ақша қаражаттарын басқару; құнды қағаздар қоржынын басқару; қарыз қаражаттарды басқару; - қаржылық есеп, бақылау және талдау: есеп саясатын қалыптастыру; қаржылық есеп беру түріндегі ақпараттарды өңдеу және пайдаланушыларға ұсыну; қаржылық нәтижелерді талдау және сараптау; есептік көрсеткіштерді жоспарлық және стандарттық көрсеткіштермен салыстыру; кәсіпорын ішіндегі аудит. ....
Шаруашылық – қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын – белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражатын қалыптастырып пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі, қордаланады, жұмсалады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәрбиесінде кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылықтың өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат – міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылады. Өздерінің қызметтерінің орындалуына немесе экономикалық жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгертіліп, қайсы біреулері жеке бөлініп шықты. Ұзақ жылдар бойы кәсіпорындармен ұйымдарда экономикалық ынталандыру қорлары – материалдық көтермелеу қоры, өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік даму қоры, көпшілік қолды тауарлар қоры (халық тұтынатын тауарларды шығаруды және өндіріс қалдықтарынан жасалынған басқа бұйымдарды ынталандыру үшін) жұмыс істеді. 1992 жылға дейін ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржыландыру және негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық қор құрылғанды. Министрліктер мен ведомстволарда жалпы салалық сипаттағы шығындарды қаржыландыру, ведомствоға қарасты кәсіпорындар мен ұйымдарға қаржы көмегін көрсету үшін орталықтандырылған қорлар құрылды: ғылым мен техниканы дамытудың бірыңғай қоры, экономикалық ынталандыру қорлары бойынша орталықтандырылған қорлар мен резервтер, бағаны реттеу қоры және басқалары. Қаржы қорларында кәсіпорындар мен ұйымдар мүлкінің қозғалысы бұл ақпаратты өндіріс, шаруашылық – қаржы және әлеуметтік қызметті басқаруда пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді. Жекелеген қорлардың қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғұрлым анық көрсетеді. Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленетін, сондай – ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштері де болып табылады немесе есеп – қисап үшін бастапқы мәліметтер ретінде қызмет етеді. Мысалы, белгілі бір кезеңде кәсіпорынның тұтыну қорын жұмсау ауқымы; кәсіпорынның бір қызметкеріне шаққандағы бұл мөлшер оның материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерімен қанағаттандыру деңгейін көрсетеді.....
Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент тиімділігі көп жағдайда пайдаланылатын ақпараттық болады және анықталады. Өз кезегінде кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің ақпараттық базасының қалыптасуы стратегиялық шешімдерді қабылдауға және қаржы қызметін ағымдық тиімді басқаруға бағытталған сәйкесті ақпараттық көрсеткіштерді мақсатты бағытты таңдау процесін білдіреді. Нақты кәсіпорын үшін, қаржылық менеджменттің ақпараттық көрсеткіштерінің қалыптасу жүйесі оның салалық ерекшеліктерімен, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанымен, шаруашылық қызметінің көлемімен және диверсификациялану деңгейімен, басқада жағдайлармен байланысты. Сондықтанда қаржылық менеджменттің ақпараттық базасын құрайтын барылқ көрсеткіштердің жиынтығы ақпарат көздерінің түрлері бойынша топтастырылуы мүмкін және нақты кәсіпорынның тәжірибелік қызметінде әрбір топ бойынша қолданылуын процедуралық дәйектеуді талап етеді. Бірінші топқа елдің жалпы экономикалық дамуын білдіретін көрсеткіштер жатады. Бұл топтың ақпараттық көрсеткіштерінің жүйесі қаржылық қызметт саласында стратегиялық шешімдерді қабылдаған кезде кәсіпорынның қызмет етуінің сыртқы жағдайын болжау үшін қажет. Бұл топқа келесі көрсеткіштер жатады. • Мемлекеттік бюджет табыстарының көлемі • Мемлекеттік бюджет шығыстарының көлемі • Бюджет тапшылығының мөлшерінің көлемі • Ақшы эммисиясының көлемі • Халық табыстарының көлемі • Хылықтың банктегі салымы • Инфляция индексі • ҚР Ұлттық банкінің есептік ставкасы Бұл топ көрсеткішетрінің қалыптасуы мемлекеттік статистика мәліметтерінің жарияланымына сүйенеді. Екінші топқа кәсіпорынның салалық құрылымын сипаттайтын негізгі ақпараттық көрсеткіштер жатады. Бұл топқа келесі көрсеткіштер жатады: • өнімге баға индексі • негізгі қызмет бойынша пайдаға салық салу ставкасы • активтердің, соның ішінде айналым активтерінің жалпы құны • пайдаланылған капиталдың, соның ішінде жеке капиталдың жалпы сомасы • өндірілген (өткізілген) өнім көлемі. Бұл топқа контрагенттер мен бәсекелестердің қызметін сипаттайтын көрсеткіштерді де жатқызуға болады. Бұл топ көрсеткіштерінің қалыптасу көздеріне прессаның есептік материалдарының жарияланымы, сәйкесті рейтингтер, ақпараттық қызметтер рыногында ұсынылатын ақылы бизнес-анықтамалар кіреді.....
Жоғары оқу орындарын басқарудың автоматтандырылған жүйесі – IBM компьютері үшін жазылған MS DOS операциялық жүйесімен басқару арқылы жүргізілетін бағдарлама комплексі. Оперативтік жады – 450 кБайттан аспауы керек және міндетті түрде қатты диск болуы керек. Автоматтандыру құравмына келесі жүйелер енеді: 1. «Талапкер» - талапкер жайлы мәліметті және оқұға тусер алдындағы емтихан нәтижелерін автоматтандыруға арналған программа. Талапкерлер анкетасы бастапқы мәлімет болып табылады. Автоматтандырылған өңдеуге анкеталық деректерді енгізу және түзету, емтихан тапсыру және тестілеулерге арналған ведомость дайындау, әртүрлі белгілер бойынша талапкерлер тізімін жіктеу, есепке қосу, оларды баспаға шығару, сонюай-ақ сәйкес статистикалық мәліметтерді баспаға шығарулар жатады.....
Қоғамдық сектор экономикасында қызмет істейтін немесе қызмет көрсететін қызметтің еңбек қорытындысы тауар, қызмет, жұмыс. Адамның талғамы мол, талғамына байланысты заттар материалдық және рухани болып бөлінеді. Рухани: кино, кітап, би, ән және т.б. Материалдық: үй, жиhаз, киім және т.б. Қоғам белгілі бір нәрсеге қажеттілік етеді. Белгілі бір тауарға, қызметке. Сол қажеттілікті дайындайтын, қоғамдық секторға қызмет ететін адам болып табылады. Ол қажеттілік белгілі бір сұраныс есебінен болады. ....
Мақсаты: Бір орында қос аяқпен секіруге дағдыландыру. Көрнекіліктер: Жалауша Технология: «Тәй-тәй» технологиясы Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, орындау. Мотивациялық іс-әрекет Ұйымдастыру кезені 1.Арнаулы жаттығулар: 2Жалпы арнаулы жаттығулар: Екі топқа бөліп «Кім жылдам» ойыны. Қорытынды: Тәрбиешінің іс-әрекеті
Бір,екі, үш Бойға жинап күш. Шынығамыз біз бүгін. -Аяқты көтеріп жүру - Аяқтын сыртқы, ішкі жағымен жүру. -Қоян ұқсап секіру. -Аю ұқсап жүру.
-Қол белде басты оңға, солға ию. -Қол иықта, иығымызды алға,а ртқа айналдыру. -Қолды алға қойып, қайшы жасау. -Қол белде, белімізді оңға,солға айналдырамыз. -Отырып тұру жаттығуын жасау. -Қолды белге қойып жалаушаға дейін екі аяқпен секіру. -Жылан жолын жасау арқылы екі аяқпен жалаушаға дейін секіру.
-Балалар біз бүгін не істедік? -Жарыста кім женді? -Сабақ сендерге ұнады ма? Баланың іс-әрекеті
Балалар қимыл-қозғалыс жасау арқылы айты.
-Балалар жаттығуды шеңбер арқылы жүріп қайталады.
-Балалар тәрбиешінің сонынаң қайталап жаттығу жасайды.
Кіріспе Экономикалық өзгерістер процесі бүкіл басқару қызметін реформалаудан басталады. Қоғамдық дамудың қазіргі кезеңінде бәсекелік басымдыққа қол жеткізу үшін ақпараттық технологияларды, соның ішінде компьютерлік ақпараттық жүйелерді пайдаланудың қажеттілігі туындап отыр. “Қоғамды ақпараттандыру ” дәуіріне қадам басқан кезде ақпараттық методологиялар мен құралдарды қолдана отырып, ақпараттарды ұйымдастыру және оларды тиімді басқару жөнінде негізгі түсініктерді қарастыру міндетін атқаратын ақпараттық менеджментті айналып өтуге болмайды. Қазіргі жетекші ұйымның бөлімдерімен (оның ішкі өзгерістері) ұйыммен және оның сыртқы ортасы ( сыртқы өзгерістері) аралығындағы өзара байланысты үнемі талдай білуі тиіс. Ол өзі қабылдаған кез келген шешімнің қандай да бір себеппен ұйымның барлық аспектілеріне әсер ететінін ұмытпауы тиіс. Сөйтіп фирманың алдына қойған мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін өзара байланыстары мен өзара тәуелділіктерді ескере отырып бірегей жүйе ретінде айқындауы қажет.Курстық жұмыстың мазмұны шағын және орта кәсіпорындардың дамуын ақпараттық қамтамасыз етуін қарастыру болып табылады......