Қазақстанның Жоғарғы оқу орындары

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 180 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Оның 13-і – азаматтық емес, 167-сі – азаматтық оқу орындары. Азаматтық оқу орындарының 55-і – мемлекеттік, 112-сі мемлекеттік емес жоғары оқу орны боп табылады. Қ.И. Сə тбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Қазақстан Республикасындағы құрылуы мен дамуы жағынан ең үлкен тарихы бар. ҚазҰТЗУ еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны болып саналады. Оның құрылуы мен дамуы тарихын бес кезеңге бөліп қарастыруымызға болады: Университет 1934 – 1960-жылдары Тау-кен-металлургия институты болып құрылды. Университет 1960 – 1994-жылдары Қазақ политехникалық институты болып аталды. 41 1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университеті атына ие болды. 1999 жылы университетке инженерлік-техникалық мамандарды даярлауда ерекше үлес қосқаны үшін белгілі ғылым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың аты берілді. 2001 жылы 5 шілдеде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен университетке ерекше мәртебе берілді. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті тарихы Қазақстандағы инженерлік білім берудің бастауы ғана емес, мемлекетіміздің мәдени тарихымен астасып жатқандығын көрсетеді. ХХ ғасырдың 30-жылдарында ауыл шаруашылығындағы тұралаған техника мен экономиканы жетілдіру мен көтеру үшін елімізде техникалық жоғары білімді мамандарды даярлау мәселесі қойылды.

Мәтіндер
Толық

Ауада Архимед күші қалай орындалады? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы.
Сабақтың тақырыбы: Ауада Архимед күші қалай орындалады?
Оқу мақсаты: Архимед күшін сипаттау және оның білінуіне мысал келтіру;
судағы әр түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау;
зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы:
Суда жүзген адамға қандай күштер әсер ететіндігін білу;
Оқушылардың көбі:
Әуеде ұшатын апппаратттардың атын білу;
Неліктен суреттегі шардың бірі жоғары көтерілетіндігін, ал екіншісі төмен түсетіндігін білу;
Оқушылардың кейбірі:
Демонстрация арқылы көрсетілген зерттеу жұмысын қорытындылай алу;
Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алу;......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақстандағы танымал туристік орындардың ерекшеліктері (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бізді қоршаған әлем
Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы танымал туристік орындардың ерекшеліктері
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемелеу): 2.3.5.1 Қазақстанның негізгі туристтік объектілерін атау
Сабақ мақсаттары: Мұғалім сұрағына байланысты, қажетті ақпаратты дереккөздерден таба білу
Қазақстанның негізгі туристтік объектілерін атау
Қазақстанның туристтік объектілерін картадан көрсету
Бақылау нәтижесін белгілеу.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Кен орындарынан металдарды алу (Химия, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Геологиялық химиялық қосылыстар
Сабақ тақырыбы: Кен орындарынан металдарды алу
Оқу мақсаттары: 7.4.2.4 кеннен металды өндіру процесін білу;
7.4.2.5 кеннің құрамында металдар мен олардың қосылыстары бар екендігін түсіну;
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
Кеннен металл алу процесінің сатыларын атау
Малахиттен мыс алу процесін бақылау
Кенді өндіру кезінде қыздыру мен тотықсыздану процестеріне қажетті шарттарды атау
Металдың алу реакциясының сөздік теңдеуін жазу.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Алғаш рет ораза ұстайтын кісілерге қажетті мәліметтер. Рамазан айы

Рамазан оразасы – Исламдағы бес парыздың біреуі. Оған Құран мен сүннет дәлел. Құранда Алла Тағала былай дейді: «Ей, иман еткендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді»[1].
Кеңестер
Толық

Армандар орындалады!

Арман-адам көкейіндегі ізгі ниет,болашақтан күтер үміт,алға қойған мақсат.Қазақ халқында армансыз адам жоқ.Арман сөзінің қолданылу аясы өте кең.Ол шығармашылық қиялдың дайындық сатысы. Арман адамды алға жетелеп, көптеген ерліктерге, адал, батыл әрекеттерге итермелейді. Қазак халқы"Армансыз адам-ормансыз бұлбұл"-дейді. Ал мен "Арманы жоқтың-жаны жоқ"-деп айтар едім. Себебі, менің ойымша, жаны нәзік, көңілі таза адамдар ғана армандай біледі. Шыныменде адам баласына ерекше қасиетті, армандай білуді үйреткен Алланың кұдіретінде шек жоққой!

Кім армандауды жақсы көреді?Мысалы,мен өте арманшыл адаммын. Менімен бірге үнемі арман-мақсаттар бірге жүреді деуге болады. Армансыз күнім жоқ. Шамам келсін, келмесін армандарымда шек жоқ, таусылмас армандарым бар. Бір күні бұл армандарымның орындалатынына сенімім мол! Әр адам армандай білуі тиіс. Қаншалықты көп армандаған сайын, адамзат баласы биікке ұмтыла біледі. Жақсы өмір сүргің келсе, үлкен арман-мақсаттар қоя біл. Сонда ғана жетістікке жете аласың. Армандар адамдарға тың идеялармен үлкен шабытты беріп отырады. Армандау арқылы көзің ашылады, өмірде өз жолыңды табуға көмектеседі. Дамисың, жаңа серпін аласың. Езуің күлкі мен қуанышқа толады. Өзіңнің шын мәнінде қандай бақытты екеніңді сезінесің. Ал, енді бір сұрақ. Бақытты болып жүру кімге ұнамайды? Көп адамдар бізге айтады"Неге беталды нәрселерді ойлай бересің?Бәрібір оған жете алмайсың ғой"-деп. Адамдар айта берсін. Біреудің сөзіне құлақ салуға міндетті емессің. Бастысы өмірдің біз күтпеген тосын сыйларға толы екенін ұмытпа. .....
Эсселер
Толық

Қазақстандағы көрнекті орындар (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы туризм және экотуризм
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы көрнекті орындар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.2.5.1 перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Сабақтың мақсаттары: Перифразаны қолдану арқылы мәтін бойынша сұрақтар құрастыру....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Салауатты өмір салты үшін қандай шарттарды орындау қажет? (5 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Денсаулық - зор байлық.
Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты үшін қандай шарттарды орындау қажет?
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) Ж3. Көркемдегіш құралдарды қолданып жазу
Сабақтың мақсаты: Ж3.Жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу. ...
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны

Қазақстан нарықты экономика жүйесiне енгелi қоғам өмiрi көптеген өзгерiстердi бастан өткердi. Бүгiнгi таңда шаруашылықты жүргiзу барысында экономикалық саясаттың басты мақсаты өнеркәсiптiк өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады. Нарық жағдайында кәсiпорындардың тиiмдi қызмет етуi, экономикалық өсуi және дамуы адам ресурстары, материалдық ресурстары және басқа да ресурстардың ең тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк беретiн стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелдi.
"Қазақстан – 2030" стратегиясы әлемдiк трансформациялық үрдiстердiң негiзгi ерекшелiктерiн, Қазақстан геосаяси және ұлттық тарихы ерекшелiктерiн, ресурстың әлеуметiн ескерек отырып, мемлекеттiң әлеуметтiк экономикалық даму векторын ұсынды./1/ Экономикалық аспектiде "Қазақстан – 2030" ең алдымен экономикалық өсу стратегиясы.
Нарықты қатынастар жағдайы кәсiпорын мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың жаңа формалары мен әдiстерiн талап етедi. Үзiлiссiз дамуды, икемдiлiктi және қазiргi заманғы кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн бiрдей мағынаға ие бәсекелестiк пен ынтымақтастық сияқты нарықты экономиканың маңызды құраушыларының арақатынасын белгiлеу күрделi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.....

Дипломдық жұмыстар
Толық