Аптаға созылған "махаббат дастаны" ғашық жігітті қарызға батырды. Өз сезімін телефон арқылы жеткізген Орал тұрғыны "Қазақтелекомға" 860 мың теңге берешек болып қалған.
Орал қаласының тұрғыны Ринат Фардиев есімді азамат үш адамды ажал аузынан арашалап қалды. "Атырау-Орал" тас жолында болған жол апаты кезінде соғылған қос көліктің бірі суға батып кеткен.
Ринат дереу қимылдап, көлік ішіндегі жолаушылардың үшеуін құтқарып алды. Өкінішке орай, төртінші кісі есін жия алмастан сол арада көз жұмған. Ішкі істер департаментінің басшылығы осы батылдығы үшін Ринат Фардиевке арнайы алғыс хат тапсырды деп хабарлайды 24 арна.
Сол оқиға болған күні Ринат кешкі сағат 20:00 шамасында Атыраудан Оралға қайтып келе жатқан екен. Жолда бұзылған көлігін жөндеп жатқан Ринат екі машинаның соғылған даусын естиді. Істеп жатқан жұмысын тастай салып, жол апатына ұшырағандарға көмек көрсету үшін жанұшыра жүгіреді.
Бірақ, бір көлік бар да, екіншісі жоқ. Оның қайда кеткенін түсінбей, аңтарылып тұрып қалдым дейді ол.