Қаржы | Қазақстанның Ұлттық банкі оның мақсаты мен міндеттері қызметінің бағыттары пайдасы

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың ролі мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқру құқықтарына ие «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» ролін атқарады, ақша несиелік және валюталық саясатты анықтайды,оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша несие саясатын жүзеге асыру және несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы, негізінен, банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Орталық Банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттың банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктер орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және «банктердің банкі» болды.
Тәжірибеде жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізіледі, ал қажет жағдайда Ұлттық банктен несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.....
Рефераттар
Толық

Математика | Математиканы оқыту әдістемесі оның мәні

Математиканы оқыту әдістемесі ( методикасы ) - педагогиканың бір саласы. Ол математика ғылымының белгілі бір даму дәрежесіне лайық қоғамның алға қойған оқыту мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Методика (әдістеме) терминінің төркіні «метод» «әдіс» - «жол» деген грек сөзінен шыққан. Математика әдістемесін басқаша «математика педагогикасы», «математика дидактикасы» деп те атайды. Олардың мағынасы бір-біріне өте жақын, сондықтан да оларды біз бір мағынада қолданамыз.
Математиканы оқыту әдістемесі ең алдымен математика ғылымымен тікелей байланысты дамиды. Сондықтан да математика әдістемесінің мазмұны мен даму барысын дұрыс бағдарлап түсіну үшін математика ғылымының даму тарихынан мағлұматтар білу қажет.
Математика ақиқат дүниенің кеңістіктік формалар мен мөлшерлік қатынастарын зерттейді. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Маркетингтік зерттеу және оны ұйымдастыру жолдары

Адамзаттың бүкіл тарихында әрбір қоғам ресурстары шектеулі бола тұрып, не және кім үшін өндіру керек деген негізгі экономикалық проблеманы шешуге тиіс болды. Нарықтық экономиканың тума табиғатына тән ерекшеліктер: ол бір орталыққа бағынбайды, икемді, қолайлы және құбылмалы болып келеді. Нарықтық экономиканың ең басты факторы ¬¬¬¬– оның орталығы болмайды. Нарықтық экономика жеке адам бостандығының мынадай принциптеріне негізделеді: тұтынушының тауарлар мен қызметтер арасынан керегін таңдап алу бостандығы, өндірушінің өз бизнесін бастау және оны көбейту, кәсіподақтарға кіру немесе жұмыс берушілерді өзгерту бостандығы.
Нарықтық қатынастар толыққанды болу үшін міндетті түрде бәсеке болуы шарт.Сондықтан осы бәсекеде жеңіп шығу үшін ақпараттың жеткілікті болуы өте маңызды.Бүгінгі күні әрбір компания өз ісін бастамас бұрын маркетингтік зерттеулерге жүгінеді.Яғни, тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеп, тауарға деген сұранысты анықтай бастайды.Соңғы он жылда Қазақстан нарықтық қатынастарға бет бұрып,экономикасы дамыған алдыңғы саптағы елу елдің қатарына қосылуды жоспарлап отыр.Қойылған мақсатқа жету үшін республикамыз ішкі және сыртқы рынокты білуі шарт.Бұл жерде маркетингтік зерттеу әдістерінің атқаратын ролі зор.Қазір маркетинг ақпаратты өз бизнесінде дұрыс пайдалана білген нәтижесінде үлкен табыстарға қол жеткізіп нарықтық ортада лидерлық позицияға шығады,Қазақстан экономикасының ілгері жылжуына өз үлесін қосады. Сондықтан сөз етіп отырған тақырыбымның өзектілігі осыған саяды. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Маркетинг түсінігі және оның элементтері

Маркетинг (ағылшын сөзі - нарық) тікелей аударғанда "нарық жасау" деген мағынаны береді. Маркетинг теориясы XX ғ. АҚШ-да пайда болды. Сол кезде тауарларды сату мәселесі шиеленіскен кезең еді. Осыған байланысты теорияның негізін қалаушылар экономиканың үйлесімді дамуының бірден-бір себебі, айналым сферасының кемшілігі деп тұжырымдады. Олар осы сфераны қайта өзгерту туралы әртүрлі әдістемелер ұсыңды.
Алғашқы кезеңінде маркетинг тек сату істерін – сауданы, жарнаманы, несиені қамтыды. XX Ғ. 50-жылдарында маркетинг басқару теориясымен қабысады. Осының нәтижесінде компанияны маркетинг принциптерімен басқару ғылымы пайд болды да, "нарық басқару теориясы" атағына ие болды.
Бертін келе, маркетингтің обьектілерінің шегі ұлғая бастады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының Орталық банкі және оның тұрақты ақша несие саясатын жүргізудегі рөлі

Несие жүйесінің негізгі буыны-банктер.Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді.Банктер мемлекет пен кәсіпорындардардың,акционерлік қоғамдар мен ЖШС-дің ,мектептер мен ауруханалардың,институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшасын шоғырландырып,оларды іс жузіндегі капиталға айналдырады.Сонымен қатар банктер төлем,есептеу,несие беру,сақтандыру және тағы да басқа көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
Банк деген ұғым не,ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік.Банк деген ұғым италиян сөзі bank-орындық,айырбас орындығы-айырбас орны деген мағына береді.Тарихта банктың ең жай қызметі,мысалы,тұқым сатып алуға несие алған жағдай б.э.д.VIII-Vғғ Вавилонда кездескен.Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египетте,Грецияда,Римде зәулім ғимараттар салған.
Капитализмнің алғашқы даму сатысында комерциялық банктер банкнота шығаруды капитал шығарудың бір көзі ретінде кеңінен қолданды.Дегенмен несие жүйесінің даму барысында ақша шығару сенімді ірі банктерге шоғырланды.Бұл банкноталардың төлем айналымында кең қолдануын қамтамасыз етті.Сөйтіп тарихи орталық банктердің пайда болуы коммерциялық банктердің банкнота шығаруының бір жерге шоғырлануынан пайда болды.Алғашқыда ол эмиссиялық банк,кейіннен орталық банк деп аталды.Мұндай атақ оның несие жүйесіндегі басқаруына сай беріледі.ХIХ-ХХғғ көптеген мемлекеттерде банкноталарды шығару бір эмиссиялықбанкте шоғырланып,ол мемлекеттің неси жүйесінің түйіні ретінде экономиканы реттеудің орталық қызметін атқарады.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстандағы жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері

Тақырыбы. Қазақстандағы жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері.
Негізгі екі бөлімнен тұрады:
І. Жалпы ұлттық өнім, қор және ағын.
ІІ. ЖҰӨ есептеу әдістері және дефляторы.
Мақсаты: 1. ЖҰӨ туралы жалпы түсінігін
2. Аралық өнім және қосымша қосылған құнын
3. ЖҰӨ есептеу әдістерін
4. ЖҰӨ дефляторын
Қарастыра отырып тақырыпты толық ашып, бір бірімен байланысын көрсету. Осыған сәйкес міндеті. Аталған тақырыпшалардың әрқайсысына жеке тоқталып, ашатындай толық түсіндіру. Ол үшін Қазақстандағы жалпы ұлттық өнімін есептеу әдістерін түсініп, біздің экономикада қалай реттеу керектігін білу қажет. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы осы кезеңдегі экономика жүйесі және оның ерекшеліктері

Республика экономикасы аса күшті дағдарысты жағдайда болып, әрбір күн үсті- үстіне жаңа проблемаларды көлденең тартуда, ал бұл жағдайда экономиканы тұрақтандыру мәселесін баған сайын қиындатып, оның өзі іс- қимыл стртегиясында да, тактикасында даелеулі түзетулер енгізуді қажет етіп отыр. Өндіріс одан әрі құлдырап, ұлттық табыс азайып бара жатқан жағдайларда жұмыс істеуе тура клкді.
Экономиканың қазіргідей жағдайға тап болуының себептері көп, олар жайында саясатшылар да, ғалымдар да жазып та, айтып та жүр. Солардың көбі республиканың ондаған жылдар бойғы «Социалистік» дамуы кезеңінен бері жалғасып келеді. Бірқатар факторлар республика экономикасының бурыңғы одақ экономикасымен барынша байланысты, Ресейдегі экономикалық реформаның бағыттары мен қарқындарына өте тәуелді болуына байланысты.
Сонымен қатар үкіметте экономиканы республикамыздың жағдайларына сійкес түбегейлі реформалау жөніндегі ғылыми негізделген стратегия да, бағдарлама да жоқ болды. Осы кезге дейін шалғай, көбінесе жергілікті мәні бар шешімдер қабылданып, олар жағдайдыжақсартудың орнына көбінесе нашарлататын, оған қоса кешіктірілетін, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру ісінде жасқаншақтық байқалатын.
Мемлекет жаңа экономикалық құрылымдар жасау, кәсіпкерлік қызметтің барлық түрлерін кнңінен өрістету бағытында неғұрлым батыл күш-жігер жұмсауға тиіс болды, өйткені, біз көз жеткізгеніміздей, попополияндырылған экономика жағдайында бағаны ырықтандыру күткендегідей нәтижелер бермейді. Бірақ біз бұл мәселеде шабындық көрсетіп, басқалар қалай жасайды екен деп жалтақтаймыз. Негізінде заң актілері бар, олардың орындалуын, басқарудың барлық буындарын тарапынан қолдау көрсетілуін қамтамасыз етілуі қажет.кәсіпкерлікке қызмет көрсететін бүкіл жүйені, яғни рынок инфрақұрылымын жеделдете дамыту керек ....
Рефераттар
Толық

Физика | ЛАЗЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Лазер — атомдар мен молекулалардың еріксіз сәуле шығаруына негізделген электромагниттік сәуле. Ол ағылшынның «Жарықты еріксіз сәуле шығару арқылы күшейту» деген сөздерінің басқы әріптерінен құралған. Лазерді оптикалық кванттық генератор (ОКГ), десе де болады.
Орта мектептің физика курсынан атомдағы электрондардың әр түрлі деңгейде қозғалып жүретіні белгілі. Электр бір деңгейден екінші деңгейге өткенде жарық толқынын шығарады.
Атомдағы электрон төменгі және жоғарғы деңгейде орналаса алады екен делік. Егер электрон төменгі денгенде орналасқан болса, онда оны жоғары деңгейге өткізу үшін оған жарық толқынымен әсер етеміз. Электрон осы жарық энергиясының бір бөлігін жұтады да, жоғары деңгейге өтеді. Ал электрон жоғарғы деңгейде орналасқан болса, онда оған әсер еткен жарық ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Орыс шаруалардың Қазақстанға қоныс аудару

Осындай жағдайда Ресей үкіметі, біріншіден, ішкі губерниялардағы әлеуметтік тоқуларды әлсірету және жер мәселесін өзінше шешу үшін орыс шаруаларын шығыс аудандарға қоныс аудартуға ұйғарды.
Екіншіден, шаруалардың бір бөлігін ұлттық аудандарға көшіре отырып, патша үкіметі өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды.
Әуелгі кезде патша үкіметі қазақ өлкесін әскери, яғни казак – орыс отарлауымен шектелді. Ресейдің отарлық аудандарынан шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту ХIX ғасырдың 60-жылдарының ортасында басталды. XIX ғасырдың 70-жылдарынан Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Сырдария, Торғай облыстарына орыс-украин шаруаларын қоныстандыру жаппай етек алды. Жетісу облысының губернаторы Г.А. Колпаковскийдің ұсынысына сай, 1868 жылы жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы жаңа ереже қабылданды. 1883 жылға дейін күшін сақтаған бұл құжатқа сәйкес жан басына 30 десятина мөлшерде жер берілді, бірқатар басқа да жеңілдіктер қарастырылды. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Ирак бюджет жүйесі және оның даму болашағы

Мемлекеттік бюджет жаңа қоғамдық қатынастарда және жаңа экономикалық қатарды құруда маңызды роль атқарады. Ол жас мемлекеттің тек өмір сүруінің материалдық негізі ғана бола қоймай, сонымен қатар қоғамдық өндірітің пропорциясының өзгерісіне және оның масштабының ұлғаюына ықпалын тигізеді. Мемлекеттің ұлғаймалы өндіріс процесіне тікелей араласу формаларының бірі, ол мемлекеттік бюджеттің инвестициялық шығыны. Мемлекеттік бюджеттің көмегімен мемлекет меншік структурасының өзгеруіне себеп болда алады. (Ирак мемлекетінде меншік: жеке және мемле-кеттік меншік түрінде көрсетіледі)
Әлеуметтік және мәдени салаларда мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда, денсаулық сақтауда, ғылым және мәдениет, еңбек етуші қауымның өмір сүру деігейін жоғарлату қызметінде мемле-кеттік бюджет маңызды роль атқарады ....
Рефераттар
Толық