Тұрғын үй саясатының мемлекетік бағдарламасы және оны жүзеге асыру механизмдері

Міне, тәуелсіздік алғанымызға 17 жыл толып отыр. Алайда баспана тапшылығы қазақ жастарының қыр соңынан қалар емес. Халқымыздың саны жөнінен де мақтана алмаймыз. Тәуелсіздігімізді одан әрі баянды ету үшін ең бірінші, халықтың санын өсіруге баса мән беруіміз қажет. Ол үшін президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай арзан үйлерді көптеп салып, үйленген әр отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге қол жеткізсек, тіпті, салынған үйлерді тегін берсекте артық болмайды дер едім.
Сондықтан тұрғын үй саясатының тарихтарына қысқаша тоқталып өтейік.
Тұрғын үй саясатының тарихына қысқаша тоқталып өтейік. 1917 жылғы октябрь революциясынан кейінгі және КСРО-ның өмір сүрген кезеңінде тұрғын үй мәселесін шешудің өртүрлі жолдарын бөліп көрсетуге болады. Бастапқы кезде еңбекші халық түрғын үймен байларға тиесілі түрғын үйлерді кайта бөлу есебінен қамтамасыз етілді. Кейіннен XX ғасырдың отызыншы жылдарында КСРО-да индустриалдық негізде түрғын үй қүрылысы басталды. Алғашқы уақытта барлыгын тегін түрғын үймен қамтамасыз ету ойластырылды. Бірақ азаматтарға түрғын үй бергеннен кейін бірден оған ақы төлеу бойынша белгілі бір пормаланған ставкалар енгізілді, өйткені экономикалық турғыдан толығымен тегін түрғын үй беру ойға қонымсыз еді.
Монымен бірге, тұрғын үймен қамтамасыз ету барлығын тегін тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы үран сақталғандықтан жоспарлы жүйснің бслгілері басым болған аялардың бірі еді. 'Гұрғын үймен тегін қамтамасыз ету социализмнің идеологиялық жалауының бір элементі болды, өйткені ол жалпы халықтық өндірілген өнімді жеке тәртіпте бөлуді көздеген аз ғана аялардың бірі болған еді.
1987 жылы жасалды. Сол жылы "Тұрғын үй — 91" Бағдарламасы
Қабылданған болатын. Ол алғашқы бес жыл ішінде 1987 жылдың
1 қаңтарында кезекте тұрған қалалардағы барлық жанүяларды тұрғын үймен қамтамасыз етуді көздеді.
Ауылда тұрғын үйгс мүқтаждардың әрқайсысы бір жыл ішінде пәтер алуга тиіс болды. Ол сол күйінде орындалусыз қалды.
Тұрғын үйді пайдалануды бөліп тарату аясында тамыр-таныстық пен коррупция жиі көрініс беріп отырды, бұл көп жылдар бойы кезекте
Тұрған мұқтаж азаматтарға тұрғын үй берудің мерзімдерін елеулі түрде ұзартып қана қойған жоқ, сонымен қатар, ол кезектік органдардың беделіне, социалистік әділеттілік сеніміне орасан зор нұқсан келтірді.спсулі түрде үзартып қана қойған жоқ.
Соның салдарынан 6 қыркүйек 1993 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" Жарлығы қабылданды (ол
Қазіргі уақытта нарық инфрақүрылымның бірте-бірте өзгеруіне
Және өз рөлін орындап болуына байланысты өзінің заңды күшін
тоқтатты. ҚР перзиденті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында тұрғын үй мәселелері жайлы мынандай өзекті ой қозғаған «Ендігі бір өзекті міндет-тұрғын үй проблемасын жеделдете шешу. Баспананың болмайынша түтін түтетіп, бала өсіру қиын».
Үкімет және барлық деңгейдегі әкімдер жауапкершілікті өздеріне алып, қолдарынан не келетіндігін қазақстандықтарға көрсетсін.
Тұрғын үй құрылысы біздің экономикаларды алға сүйреуші қуатты күш.....
Рефераттар
Толық

Түркі халықтарының мәдениеті және оның өкілдері

Қараханидтер дәуіріндегі мәдени қоғамдық жағдайдың өзгеруі түркі халықтарының арасынан ағартушы ғалымдарды, ойшыл ақындарды шығарды. Жауһари, Фараби, ибн-Сина, Бирни секілді ойшыл ғұламалардың сан-саналы еңбектері Орта Азиялық Қайта өрлеу дәуірінің асыл маржандары болып саналатын Махмұт Қашқаридың “Түркі тілдерінің сөздігі”, Жүсіп Баласағұнның “Құтты білігі”, Ахмет Игүнекидің “Шындық” сыйы”, Ахмет Иассауидың “Диуани хикметі” сияқты жәдігерліктердің пайда болуына белгілі бір дәрежеде ықпал етті. Араб-парсылармен қатар түркі халықтарының өкілдері де Шығыс мәдениетінің өркендеуіне өз үлестерін қосты.
Өткен замандардың әйгілі мәдени ескерткіштері адамзаттың рухани дүниесінің түзілген мөлдір қабатына жатады. Қазіргі дәуірде адамзат қауымы жылдар бойы жинақтаған тәжірибені мүмкіндігінше толық игеруге ұмтылып, оны бөлшектеуге, қиратуға бағытталған күштерге қарсы күрес жүргізуде.кезінде біздің ата-бабаларымыз да біз секілді “Бақыт деген не?”, “Адамгершілік, адалдық, әділдік, даналық деген не?” деген мәңгілік сұрауларға жауап іздеген болатын. Солардың бірі “Құтты білік” поемасының авторы Жүсіп Баласағұн еді.
Жүсіп Баласағұн XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі бүкіл Шығыс елдеріне мәлім данышпан ойшыл, философ, энциклопедист ғалым, белгілі қоғам қайраткері. Ол – философия, табиғаттану, математика, астрономия, тарих, араб-парсы тіл білімі, т. б. Ғылым салаларын жетік меңгерген ғұлама ғалым. Оның есімін әлемге танытқан “Құтты білік” кітабы – сол замандағы ресми әдебиет тілі болып саналған араб тілінде емес, түрік халықтарының тілінде жазылған алғашқы энциклопедиялық еңбек.Содықтан да кез келген аймақ өз тарихына үңіліп, ондағы бірінші дәрежелі жұлдыздар тізіміне ентін, яғни ешқашан мәнін жоймайтын, жалпыға ортақ мәдени игіліктер тізіміне қосылатын дүниелерді қайта қарап, саралауға тиісті. Олай болса, “Мың бір түн”, “Жолбарыс терісін жамылған батыр” секілді әлемдік әдебиет үлгілерімен қатар “Құтты білік” де өз бойына мәдени эстетикалық байлық жинақтаған қазына деп айта аламыз. Сонымен бірге, Жүсіптің поемасы көне түркілердің тілдік сана сезімі өрлеуінің белгісі болған маңызы зор ескерткіш. Бұл жерде қазақтарды, қырғыздарды, ұйғырларды, түркімендерді, әзербайжандар мен түріктерді атауға болады. Мәдени, саяси және этикалық жіктердің тарихи өзгергіштігіне, тілдер тағдырына үндестік туыстыққа, миграцияларға байланысты ұсақ-түйек детальдарды қазбаламай, географиялық көзқарас тұрғысынан қарастырған кезде Жүсіптің қырғыз және қазақ халықтарына жақынырақ екені білінеді. Түрік жұртының ерлік, батырлық рухын көтеру тұрғысынан “Манас” пен “Құтты білік”арасында айқын ұқсастықтар бар. ....
Рефераттар
Толық

Сахнада баланың аузына түкіріп, теуіп жіберген Төреғали сынға ұшырады (видео)

Төреғали Төреәлі сахнада өзіне гүл сыйлаған кішкентай баланың аузына түкіріп, кейін теуіп жіберген. Бұл видеоны көрген желі қолданушылары әншінің әрекетін қызу талқыға салған деп жазады NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Қыздарға кеңес: 3 айда 19 кг арықтаған арудан 10 кеңес

«Ауру — астан» деген сөз бар қазақта. Семіздіктің бірден бір себепкері де — тамақ.

Семіздіктен арылу үшін қандай айла тәсіл ойлап табылмады десеңізші… Бірақ, артық күш жұмсамай-ақ артық салмақтан оп-оңай арылудың жолы бар екен. Ол — аузыңды тию. Яғни, аз мөлшерде тамақтану.

Суреттегі Салтанат есімді ару 3 айда 19 килограмм тастаған. Спортпен айналысып.....
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Қоныс той

«Отан – отбасынан, отбасы – ошақ қасынан басталады» деген екен бабаларымыз. Ал сол ошақтың иесі – әйел, ал отбасының иесі – сол үйдің ері. «Еркек – шаңырақтың иесі әрі асыраушысы» деп бекер айтпаған ғой.
Бүгін міне, жаңа үйге қоныс аударып, «Қоныс тойын» жасап жатырсыңдар.
Олай болса үй иелеріне тілерім: өздерің табалдырығын жаңа аттаған жаңа үйлерің берекелі, ырысы мол, Қыдыр қонған үлкен үйге айналсын. Шаңырақтарыңда тек қана той болсын дегім келеді. 

Құттықтау, тілектер
Толық

Балабақша | 1 Қыркүйек - Білім күні (Сыңғырла, күміс қоңырау)

Сценарий аты: 1 қыркүйек - Білім күніне арналған балабақшаға сценарий
Мақсаты:
1. бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән - мағынасын ұғындыру;
2. сахналық мәдениетін қалыптастыру;
3. мерекелік көңіл - күй сыйлау.

І.«Көңілді балалар»биі орындалады.
ІІ. Ән «Күмбірле, қоңырау»
Ортаға тәрбиеші мен кіші топтың бүлдіршіні шығады.
Бала: Балабақша есігін
Үшке тола.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Бизнес жоспар (план): Шаштараз салонын ашу

Шаштараз барлық уақытта болған және бола бермек, себебі шаш адам сұлулығын анықтайтын сыртқы бейненің негізгі элементі болып табылады. Ерлер, әдетте, екі аптада бір рет шаштарын қысқартады, сондықтан да шаштараз бизнесін табысты ету қиын мәселе емес. Маңыздысы барлығын дұрыс ұйымдастыру және «айналдыру».

Неден бастау керек? Ғимарат пен жалдамалы қызметкерлер таңдаудан бастау керек. Егер сіз өзіңіз шаштараз өнерімен айналысамын деп шешсеңіз, онда оқу курстарынан өтіп, сәйкесінше сертификат алу қажет. Сіз үшін уақытша шаштаразға жұмысқа орналасу тәжірибе жинақтауға көмектесетін болады. Бұлай істесеңіз, сіз «қолыңызды жаттықтырып», болашақ өзіңіздің шаштаразға келетін клиенттерді осы бастан таба бастар едіңіз. Шаштараздың кез-келген класы (элитарлы, орташа бағалы) жақсы....
Кеңестер | Бизнес жоспар (план)
Толық

25 Мамыр - Соңғы қоңырау (Бастауышпен қоштасу)

Сценарий тақырыбы: Бастауышпен қоштасу
Сценарий мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

25 Мамыр - Соңғы қоңырау

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар қош келдіңіздер!
Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін!
Қазақстан Республикасының Ән ұраны орындалсын! 5 - 8 сыныптарға арналған «Соңғы қоңырау» салтанатты жиынын бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші: Мектеп! Мектеп деген - мол қазынасы мөлдіреп жатқан.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық