Олар - бейбіт күннің батырлары. Олар күнделікті адам өмірін ажалдан арашалап, ешкімге жар салмай-ақ, ерлік жасайды. Ортамызда жүрген хирург мамандардың өмірі - мүлде бөлек әлем. Әсіресе, адамның ана құрсағына біткен сәттен бастап соғатын жүрегін тоқтатып қойып, оған ота жасайтын кардиохирург мамандардың ісі - нағыз ерлікке пара-пар екеніне дауласу қиын.
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов – мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі саясаткер. Қазақстан Республикасының бесінші премьер-министрі болған және бірнеше министрлік пен облыс, қаланы басқарған адам. 1956 жылы қазіргі Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында туған. Мұғалім Иманғалиден… Иманғали Тасмағамбетовтің балалық шағы, оқыған мектебі туралы ақпарат ашық дереккөздерде аз кездеседі. Дегенмен, оның жиырма жасынан бергі өмірі көптің назарында. Иманғали Нұрғалиұлы 1979 жылы Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен түлеп ұшқан. Мамандығы – география және биология пәнінің мұғалімі. Ең бірінші жұмыс орны – өзінің ауылындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі. Кейін сол Махамбет ауылындағы орта мектепте география және биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Арада он жыл өте, 1989 жылы Иманғали Тасмағамбетов ұстаздығымен қатар, қоғамдық қызметте бас көрсете бастайды. Ең алдымен «лениншіл» жастардың жанынан табылады (Қазақстанның Лениншіл коммунистік одағы орталық аппаратының бірінші хатшысы қызметі). 1991 жылы тәуелсіз Қазақстанның жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болады.....
Батырдың балалық шағы Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы қазіргі Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қосым ауылында туған, үйдің кенжесі. Әкесі – Қожахмет, анасы – Айса, ағасы Сағит. Сағадат дүние есігін ашуға бір ай қалғанда әкесі Қожахмет өмірден озады. Айса жалғыз қалып, екі ұлын асырау үшін бар күшін салады. Алайда елiмiздi ашаршылық жайлаған 1932 жылы Сағит пен Сағадат отбасының тірегі болған аналарынан айырылып, тұл жетім қалады. Ол кезде Сағадат бар-жоғы 7 жаста еді. Сағадат үшін жалғыз ағасы Сағит әке де, шеше де болады. Бірақ сұм соғыс ағасын да көп ұзатпай майдан даласына алып кетеді. Ол ағасын жанындай жақсы көрген екен. "Ағам шымыр денелі, жұдырығы тоқпақтай, қой көзді, анама ұқсайтын еді", - дейді Сағадат Нұрмағамбетов. Алайда Ұлы Отан соғысына аттанған оның жалғыз ағасы Новгород түбiндегі шайқаста қаза табады. Отбасынан айырылған Сағадат Нұрмағамбетов ерте есейіп, жастайынан алғыр, өжет болып өседі. Туыс атасы Әлжан айтқан Қобыланды батыр, Алпамыс батыр туралы жыр-дастандарды сүйсіне тыңдайды....
Алмахан Нұрпейісқызы Кенжебекова (1950 жылы 16 қаңтарда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылында туған) - кино және театр актрисасы. Қазақ КСР Халық артисі (1988). Алматы облысының Құрметті азаматы. Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының жоғарғы санаттаға артисі. "Құрмет" орденінің иегері. Алмахан Нұрпейісқызы [1950 жылы 16 қаңтарда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Алматы эстрада және цирк өнері студиясын (Ж.Елебековтің жетекшілігімен) бітірген. 1975 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік бөлімін бітірген. (ұстазы: КСРО халық артисі Шолпан Жандарбекова)...
Нұржамал Пернебекқызы Үсенбаева (4.6.1958 жылы туған, Түркістан облысы Арыс қаласы) — әнші (лирика-колоратуралық сопрано), Қазақстанның халық артисті (1996). Өмірбаяны 1984 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) вокалдық факультетін (профессор Б.Жылысбаевтың класы бойынша) бітірген. Сол жылдан бастап Қазақ опера және балет театрының соло-әншісі....
Нұркен Әшімханұлы Өтеуілов (1976 жылы 14 маусымда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шошанай ауылында туған) — кино және театр актері, эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері (1998 жылдан). Нұркен Әшімханұлы 1976 жылы 14 маусымда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шошанай ауылында дүниеге келген. Ұлты - Қазақ. Әкесі - Өтеуілов Әшімхан, ауыл шаруашылығында механик болып жұмыс істеген. Анасы - Уәлибаева Жәмилә, Тұрмыс қажетін өтеу үйінде тігінші болып жұмыс істеген. 1994 - 1998 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және кино институты)ның актерлік факультетін Қазақстанның халық артисі, профессор Кәукен Кенжетаев пен профессор Есім Сегізбаевтың классын музыкалық драманың актері мамадығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі.....