Менің Елбасым - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол – өте ақылды, білімді адам. Елбасымыз біздің Тәуелсіз Қазақстанымыздың өркендеуін, өсуін, ұрпақтардың бақытты болуын қалайды. Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасында әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысып, ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі керектігін айтқан. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ екендігін үнемі есте сақтау.....
Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР гимнінің.....
Сымбат Нұртазақызы – ешқандай артық шығынсыз-ақ балаларға арналған қазақ тіліндегі дамытушы мультфильмдер құрастырған жас маман. Аудармашы, психолог.
Сымбат 2008 жылы парсы тілі бойынша Орта Азиялық олимпиадада І-орын алған. «Педагогикалық ізденіс» ғылыми-әдістемелік журналының редакция алқасының мүшесі. Сымбат тілінде мүкістігі бар балаларға арналған бірнеше мультфильмдердің авторы. Мәселен, «Дыбыстарды машықтандыру», «Көңілді түстер» деп аталса, «Логоритмика» әдістемелік құралы сондай-ақ «Компьютерлік психодиагностика» атты жасөспірімдер арасындағы психологиялық өзгерістерді анықтауға арналған жобаның авторы. «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы» БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) жобасының координаторы.....
Нұркаси Абатов жоғарғы санатты дәрігер хирург, профессор Абатов Нұркаси Төлепбергенұлы 1996 жылы Қарағанды облысында алғашқылардың бірі болып құрсақ қуысы мүшелерінің әртүрлі ауруларын жедел емдеудің эндовидеохирургиялық әдістерін тәжірибе жүзінде іске асырды.
ҚР ДМ клиникалық протоколдарын, оқытудың жаңа әдістерін әзірлеуге, медицина оқу орындары студенттерінің білімдері мен клиникалық машықтарын бағалауға қатысады. Абатов Н. Т. үздіксіз кәсіби білім арттыру курсанттары мен хирургтарына арнап 30-ға жуық оқу бейне фильм жасады. Ол ҚММА медицина орталығында хирургия бөлімшесін ұйымдастырды, мұнда емдеудің заманауи хирургиялық әдістері белсенді түрде енгізілуде. Сонымен қатар, жас хирургтердің кәсіби дайындығына көп көңіл бөлінеді.
1987 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын тамамдаған. Өз қызмет жолын Торғай облысы Амангелді ауданының ОАА дәрігер-хирург болып бастап, 1991 жылы дейін жұмыс істеді. ....
Нұржан Жолдыбалинов – IT маман, кітапханашы, ақпараттық жүйелер бойынша маркетолог Нұржан Нұрланұлы – Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының ақпараттық ресурстар бойынша жетекшісінің орынбасары, Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы әзірлеуге қатысқан ең жас IT мамандардың бірі.
Сонау ертедегі 1995 жылы №63 Шар мектебіне 8 разрядты «Корвет» дербес компьютерін әкелген еді, осы компьютерде жұмыс істеуге алғаш отырғандардың бірі және сабақ арасында ұрлана кіріп мұнда шұғылдануға келетіндердің бірі тоғыз жасар Нұржан Жолдыбалинов болатын. Балалық қызығушылық оның мамандығын ақпараттық технологиямен байланысты айқындап бергендей. Бұл оқиғаның әсерін толықтай бағалау үшін Нұрлан Нұржанұлы қазіргі таңда Қазақстандық кітапхана алаңындағы түрлендірілген ақпараттық «брендті» - Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы жасаушылардың бірі, сондай-ақ ҚР ҰАК ақпараттық ресурстар бойынша жетекшісінің орынбасары болып табылады.....
Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы –«Оқитын ұлт» қоғамдық қозғалысын негіздеген. «Оқитын ұлт» өз жұмысын 2016 жылы қазанда бастаған болатын.
Әлтаевтың сөзінше, «ұзақ уақыт кәсіпкерлікті дамыту саласында жұмыс жасаған кезде ол бизне үшін сыртқы жағдай маңызды ғана емес, оған қатысатын адамдардың бастамаларға деген дайындығы, оқуға деген қабілеті, жаңаны қабылдай білуі де қажет деген ойлармен бетпе-бет келген. Сондықтан да бізге өз азаматтарымыздың жалпы деңгейін көтеру өте қажет. Оқу – ұлт жетістігінің кепілі». Оқуды танымал етіп ілгері жылжытудағы проблеманың бірі – кітапханалардың жағдайы. Бұл – қорлардың толықтырылмауы, балалармен жұмыстың жеткіліксіздігі еді. Аудандық кітапханалардың проблемаларын шешу бұл жерде аса маңызды. Қазір кітапханалар көбінесе тек қалаларда ғана бар. Олардан өзге жерлерде әлде жоқ, әлде кітапхана қоры өте жұтаң, әрі ескірген болуы керек.....
Ернұр Рысмағамбетов – физик, жаттықтырушы, мұғалім, Халықаралық қарды орталығы бюросының басшысы.
ҚР Ұлттық командасын мектепаралық ғылыми жарыстарының дайындығына белсенді қатысушыларының бірі. 5 жыл бойы жаттықтырушы ретінде Ернұрдың жетекшілігімен оқушылар 25 мүмкін медальдің ішінен 24 медальді жеңіп алды, оның ішінде 6 алтын, 15 күміс және 3 қола.
Ернұр 11 сынып оқып жүрген кезінде Кембридж университетіне оқуға шақыру алды. Физика пәні бойынша халықаралық олимпиадалардың (IPhO) алтын және күміс медальдарының иегері - Бали, Индонезия, 2002 және Тайбэй, Тайвань 2003; 2000-2004 ж.ж. физика бойынша республикалық олимпиаданың төрт мәрте жеңімпазы және 2003 жылы республикалық мектеп олимпиадасының абсолютті чемпионы.....
Дина Байтасова, өнертанушы және куратор, Сорбонна университетінің заманауи өнер факультетін және Марангони институтының интерьер дизайны факультетін бітірген. Қазіргі заманғы өнер саласындағы куратор және сарапшы Дина Парижде орналасқан IADA Халықаралық өнерді дамыту қауымдастығының негізін қалаушылардың бірі.
IADA-ның негізгі мақсаты - шетелдегі Қазақстанның заманауи өнерін қолдау және Еуропа мен Орталық Азия арасындағы мәдени тәжірибе алмасу.
Париж, Лондон, Вена, Венеция және Дубайдағы көптеген көрмелер осы ұйымның есебінде. Венада өткен 5-ші Венециялық биеннале, Наполеон және Франция маржандары көрмесінде «Бір қадам алға» көрмесі, RMN Grand Palais-пен бірлесіп, Кастеев мұражайында ультремемори көрмесі, «АаҺ Жас!» Вена жәрмеңкесінде және Arter Дубайдағы «Маркер».....