Математика | Нақты сандар тізбегі және оның шегі

1.Анықтама: Шексіз көп эмементке ие болған Х топтың элементтерін нөмерлеп оларды номерлері өсуі бойынша бір қатарға жазғандағы өрнекке тізбек дейіледі. Тізбектің элементері тұрақты сандар болса оған санды тізбек, ал айнымалы болса функцияналдық тізбек дейіледі. Тізбек мен белгіленеді.
Мысалдар. 1)


1,2–сандық тізбектер, 3,4, функционалдық тізбектер.
Анықтама: Егер бірар n>NE ден бастап тізбектің барлық мүшелері үшін теңсіздігі орындалса онда а санына тізбектің шегі деп аталады.Ол немесе арқылы белгіленеді.
Мысал. теңсіздігін қанағаттандырушы барлық Х тер үшін f(x)=5x-2 нің мәні нен кіші болады.
n артып барған сайын x тің мәндері a ның (a-E,a+E) маңайы ішінде a ға ұмтылады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Кассадағы нақты ақшаның есебі

Барлық шаруашылық жүргізші субъектілер өз ақша қаражатта¬рын банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемелер жөніндегі басқа субъектілерге төлемдер, әдетте, ақша аудару арқылы есеп айырысу тәртібімен банктердің осы мекемелері арқылы жүргізіледі. Нақты ақшасыз есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нормативтік құжаттармен белгіленген жағдайлар мен шегінен шығып кетпейтіндей етіп жүргізіледі.
Елдің экономикасында банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын нақты ақшасыз есеп айырысудың айрықша басымдылғы байқалады. Нақты ақшамен субьектілер персоналмен еңбекақы төлеу бойынша, есеп беруге тиісті адамдармен, депоненттермен, дебиторлармен жөне кредиторлармен қолданылып жүрген заң ережелеріне сәйкес банк мекемелері арқылы өтпейтін төлемдер бой¬ынша есеп айырысады.
Республикада банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын ақша аудару арқылы есеп айырысудың бірыңғай жүйесі қолданылады. Салыстырмалы түрде ұсақ төлемдерді субъектілер кассадан қолма-қол ақшамен, почта аударылымымен немесе байланыс кәсіпорындары арқылы үстеме төлем жасау арқылы төлеуге құқылы.
Ақша қаражаты субъектілердің шоттарынан олардың иелерінің өкімі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатгы есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген баска жағдайларда ғана жол беріледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Жаман-Айбат мыс кен орнын тиянақты барлау мақсатымен бұрғылау жұмыстарын жобалау

Кіріспе
Энергетика, машинақұрастыру, құрылыс сияқты халық шаруашылығының алдыңғы қатардағы салалары негізделетін минералды – шикізат базасын кеңейтусіз Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының алға басуы мүмкін емес.
Мемлекет дамуының барлық сатыларында осы өзекті мәселелерді шешу геологиялық және барлау жұмыстарының нәтижелігінде аса маңызды орын атқарады, үкімет ғылым мен техниканың басты жетістіктерін жүзеге асыруға ерекше назар аударады.
Дүниежүзі бойынша Қазақстан Республикасы қазба байлықтарының мөлшері жағынан алдыңғы орындардың біріне ие, сондықтан қазіргі таңда іске қосылып тұрған тау - кен өндіру кәсіпорындарының минералды – шикізат базасын кеңейту қажет.
Осы мақсатта қара және түсті металлургия тау – кен кешені үшін, минералды тыңайтқыштарды, құрылыс материалдарын өндіру үшін пайдалы қазбаларының кен орындарында барлау жұмыстарын жүргізуге аса үлкен назар аудару қажет.
Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу мен барлау жұмыстарына прогрессивті әдістерді енгізу, геологиялық және барлау кәсіпорындарын техникалық жабдықтармен, көлікпен қамсыздандыру қазіргі таңда өзектіі мәселелер болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келгенде, бар байлығымызды еселеу үшін әрқайсымыз осы жобаларды жүзеге асыруда ат салысуымыз қажет.
1 Жалпы бөлім
1.1. Жұмыстарды жүргізудің географиялық және экономикалық жағдайлары
Жаман-Айбат кен орны “Жезказганцветмет” АҚ –ның әсер ету сферасы аймағында орналасқан. Әкімшілік тұрғыдан алғанда ол Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданында Қорғаныс Министрлігінің территориясында орналасқан.
Кен орнынан солтүстік – батыс жағында 140 шақырым қашықтықта “Жезказганцветмет” НПО орналасқан, оның Жезқазған олыстық орталығында және Сәтпаев қаласында металлургиялық зауыты бар және мыс кенін жер бетінен және жерастынан өндіретін іске қосылып тұрған 4 кені бар.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Сыныптас қыздарыма

Жас ұлғайды,бірталай белең астым
Көрдім өмір-сынақтың үстін-астын
Бәрін айтта-бірін айт, бала кезден
Орны бөлек қашанда сыныптастың

Бүгін міне аялап,қолға алып
Қарап тұрмын суретке....
Өлеңдер
Толық

Әйелдердің күйзеліске түсу себебі

30 жастағы қыз-келіншектер күйзеліске жақын болады. Жас кезде көңіл бөлетін, айналысатын қызықты істер көбірек болады. Ал 30 жастан асқанда әйелдер күндіз жұмыстан бас алмай, жеке бастың қамы мен өз еңбегінің жемісін көруді ұмытады. Назарларыңызға әйелдерде орын алатын бұл күйзелістің нақты.......
Аналарға және әйелдерге кеңестер | Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Қол мен тырнақ күтімі. Ерлер білуге тиіс 7 жағдай

Ерлердің тырнақ күтімі дегенде, әрине, біз тырнақ өсіру немесе оны бояп жүруді айтпаймыз. Саусақтың шымырлығын арттыра отырып, оның терісінің саулығын бақылаудың өзі бізге жетіп артылады. Егер қарапайым (саусақпен асылып, турникке тартылу, «груша» ұру сияқты) жатығулар саусақтарымызды шынықтырса, саусақтың саулығын күнделікті күтім ғана қамтамасыз етеді. Барыңызды базар етіп, «нан табатын» саусақтарыңызды күте білу заманауи жігітке қажетті қабілет. Сонымен, бастайық:

1) Егер осы мақаланы оқып отырған болсаңыз, қолмен қоқыс тазалап, кетпенмен арық қазуды кәсіп қылмағаныңызға шүкірлік етіңіз. Шүкір етіп ғана қоймай, табиғат ананың бізді жануарлардан ерекшелеп, епті қылған сыйлығына, яғни айналдырған он саусағыңызға мұқият көңіл бөлмеген болсаңыз, бүгіннен бастауға еш кедергі жоқ. Өйткені заман талабына сәйкес.....
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер
Толық