Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы "Аудандық көркемсурет лицейі" МКҚК-нің кескіндеме пәні мұғалімі Құндақбаева Тамара Төлепбергенқызы
Ашық сабақтың тақырыбы: «Үш заттан құралған натюрморт» Ашық сабақтың мақсаты: а)білімділік: Оқушыларды бейнелеу өнері пәнінде заттың өзіне қарап бейнелеуге баулу. Затты бір-бірімен салыстыра отырып бейнелеуге үйрету. б)дамытушылық: живопись өнерінің натюрморт жанры туралы білімдерін тереңдету. в)тәрбиелік: Оқушыларды өнер танушылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ашық сабақтың түрі: жаңа сабақ, жазықтықта (қағаз бетінде) бейнелеу. Ашық сабақтың әдісі: баяндау, үйрету, практикалық. Пәнаралық байланыс: математика, композиция, сурет. Ашық сабақтың көрнекілігі: 4 кезеңдік сурет салу үлгісі, қойылым, түрлі суреттер, натюрморттар, т.б. Ашық сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: ақ қағаз, акварель бояу, қылқалам, су құятын ыдыс, карандаш бояулар езуге араластыруға қажетті палитра.