Қаржы | Нарық қатынастарының даму кезеңіндегі жер салығының жетілдіру

Жер өте ерте кезден адамзат қоғамының өмір сүру және өміріне қажетті заттарды өндіру ортасы болып келеді. Жер ауданы, әсірісе өндіріске қолайлы, құнарлы жерлер шектеулі болып келеді. Сондықтан да жер үшін күрес ешқашан тоқтаған емес. Бір қоғамның, мемлекеттің өз ішінде жерге меншік, иелік ету арқасында байып отырса, екіншілері-жері жоқтар кедейленеді. Осы қатынастар және жердің шектеулігі, жерді экономикалық бағалау, тиімді пайдалану, жерге меншік қатынасын және соның негізінде салық төлемдерін тудырады. Жер салығы жер иеленушілердің тұрақты табыс көзі болып келеді.
Жер жалпы халықтың меншік деп жарияланған социалистік қоғамда да жер салығы болды. Өйткені, жер пайдаланушылар жер иеленушілерден шаруашылық есеп бойынша оқшауланған. Сонымен қатар, жердің табиғи өнімдеріне және орналасу тиімділігіен байланысты дифференциалдық рента әрқашан болады. Сапасы біркелкі тәуір жермен барлық жер пайдаланушыларды қамтамасыз ету, мүмкін емес. Сапалы әртүрлі жерді пайдаланушылар бірдей еңбек жұмсай отырып, әртүрлі нәтиже алады.Сондықтан жер иелену құқығы қоғамның барлық мүшесіне бірдей болған күннің өзінде жақсы жерді пайдаланушылар ондай мүмкіндігі жоқтармен өзінің табысымен бөлісуі керек .Бұл жер салығы арқылы жүзеге асырылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Валюталық бағам және валюталық нарық

Валюталық жүйенің маңызды элементі – валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің хадықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттігінен; дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді.
Валюталық бағам – басқа елдің ақша бірлігіне қатысты сол елдің ақша бірлігінің бағасы. Ол заңды түрде бекітілген валюталық паритет шеңберінде ауытқып отырады.Валюталық баға белгілеу түрі валютаның жағдайына, оның бағамының деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюта бағамының мәні қалады,ал оның формасы өзгереді. Валюталық бағам, валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.
Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар:
1) Саяси – саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат.
1) экономикалық – халықаралық тәжірибеде анықтелатын экономикалық тікбұрыштың шыңы ияқты; экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10% дейін), жұмыссыздықтың, төменгі деңгейі (8% дейін),дүниежүзілік нарықтағы тепетеңдік.
2) Психологиялық жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен қазіргі дүниежүзілік шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді.
Валюталық бағам валюталық паритет шеңберінде ауытқиды. ХВҚ – ның Жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап, валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ – да валюталық “қоржын” базасында бакітілген.....
Курстық жұмыстар
Толық

Нарықтық экономика | Бағалы қағаздар нарығы және қор биржалары

Кіріспе
Курстық жобада мыналар қарастырылады: бағалы қағздардың түсінігі, оның түрлері, белгілері, қор биржалары, бағалы қағаздардың нарығы және бағалы қағаздардың құқықтық негіздері.
Бағалы қағаздар - иеленушілеріне мүліктік құқықтар мен белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлық құжаттар.
Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын айтуға болады.Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушының қалайда бір мүлікке құқылы екендігін куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілеулердің жиынтығы. Бұл белгілі бір тауар немесе нақты акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бағалы қағаздар белгілі бір қоғамның, фирманың, кәсіпорынның, ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға құқық береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Нарықтық экономика | Баға құралуы

Қазіргі кезде экономкалық ғылымда баға құралуы экономикалық теория, маркетинг және менеджмент ғылымдарының бір тарауы ретінде қарастырылады. Дегенменде, оны, өзіндік құралы мен әдісі бар ғылым ретінде жеке қарастыруымыз тиіс. Баға құралудың құрамы төмендегідей жайлардан құралады.
• Баға теориясы;
• Баға жүйесі;
• Баға саясаты;
Баға құрылу тәсілдері:
• Индуктивті;
• Дедуктивті;
• Диалектикалық
Баға құралу ғылымы – баға қозғалысы мен оны қолдануды зерттеуші ғылым.
Баға құралудың оқыту құралы-баға теориясы мен оның тәжірибеде қолданылуы болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Нарықтық экономиа | Баға белгілеу саясаты


Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында қоғамдық өндірістің әр саласында қызмет ететін экономикалық субъектілердің баға қою ең алдымен көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатына, яғни экономикалық деңгейі, өсу қарқыны сияқты жағдайларға тікелей байланысты. Ал Қазақстанның нарықтық экономикаға өту кезеңінде бағаны тағайындау жұмыстары дұрыс жүргізілмегендіктен, елді инфляция мен гиперинфляцияға әкеп соқтырды.Соның әсерінен баға өндірістің өсуіне кедергі келтіріп, бәсекеге қабілетті өнім өндіруді ынталандырмады.Бұл дегеніміз баға өзінің экономикалық міндеттерін дұрыс атқармағандығында деген ұғымды береді. Сол кезден бастап отандық кәсіпорындардың көпшілігінде бағалар құру саясатын ұйымдастырды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Нарықтық экономика | «Болат» өндірістік кооперативінің қаржы нәтижелерін талдау


Кіріспе
Қоғамда қаржылық жоспарлау және талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындадыды: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шыгыиды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы

Мұнай қырық-елу жылда сарқылатын байлық. Ал жер бетінен алынатын өнім әлімсақтан бері халықты асырап келеді. Жейтін тамақ пен киетін киім жер астында емес, жер бетінде. Синтетикалық киімге қазір сұғына қоятын ешкім жоқ. Сондықтан, табиғи өнімдерге деген сұраным өсе түседі. Демек, Қазақстанның бір жағынан аграрлық ел болғанының болашақта пайдасы тиеді.
Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы – бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы дегенде еріксіз ойымызға кең байтақ жеріміз, төрт-түлік малымыз, егінді алқаптарымыз оралады. Осы табиғаттың берген сыйын жоғалтпау үшін ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартатын бір әдіс-тәсілдер керек сияқты.
Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы жаңа туған нәресте тәрізді нәзік те, әлсіз. Сол нәрестені құшағына қысып, аялап, мәпелеп, аяққа тұрғызатын ананың рөлін атқаратын бұл – мемлекет болып табылады. Мемлекет барынша ауыл шаруашылығына көмегін аямау керек.
Менің осы тақырыпты таңдауымның себебі мені ауыл шаруашылығының жағдайы мен тағдыры алаңдатады және қазіргі таңда нарықтық экономикада бұл өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы талдауда ауыл шаруашылығының проблемалары түгелдей дерлік шешіледі деп ойлау қате болар, бірақ қайтсе де шешу жолдарын іздестіру артық болмас.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | АҚШАНЫҢ НАРЫҚТАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Ақша – бұл тарихи даму үрдiсi барысында қалыптасқан экономикалық категория болып саналады. Ол қоғам дамуының әрбiр кезеңiндегi өндiрiс және айырбас процестерiнде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды көрсетедi. Қоғамның экономикалық дамуы күрделенген сайын, ақшаның маңызы арта түседi. Ақша – тауарлы өндiрiстiң өнiмi. Ақша- кез-келген тауар айналысының құрамдас бөлiгi және оның нәтижесi. Тауар және ақша бiр-бiрiнен ажырамайды, себебi ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкiн емес /1, 23б/.
Ақша тауардан дами отырып тауар болып қала бердi, бiрақ тауардың жалпылама эквивалентi ретiнде. Расында да, ақша адамдарға ежелден-ақ таныс. Бiрақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зерттей келiп, көптеген ғалымдар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан- жақты ашып, жауап бердi.
Ақшаның қажеттiлiгi туралы әр уақытта әр түрлi ойлар айтылған. Мысалы, рационалистiк концепцияны ақыл-ой талабына ғана енгiзілген көзқарас жақтаушылар ақша адамдар арасындағы келiсiм құралы, ол айырбас кезiнде құндардың қозғалысына қажеттi арнаулы құрал деп түсiндiрдi. Бұл ойды жақтаушы Аристотель өзiнiң Никомахова этика деген кiтабында Айырбасқа қатысатындардың барлығы өзара салыстырмалы болу үшiн шарттылыққа негiзделген әлдебiр өлшем болуы қажет деп жазған /2,24б/. Бұл ой көне Рим қоғамындағы заңға енгiзiлiп, оның қағидасы бойынша император ақшаның құнын заңмен бекiткен.
Ал, XVI ғасырдың бас кезiнде 1516 ж. утопиялық социализмнiң негiзiн қалаушы Томас Моор өзiнiң Золотая книга о наилучшем устройстве государства и новом острове Утопия деген еңбегiнде барлығын ақшамен өлшегенде мемлекеттiк iстердiң табысты және дұрыс шешiлуi мүмкiн болар ма екен деп жазған /2, 24б/.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | АҚШАНЫҢ РОЛІ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА

Ақша айналысы «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына сәйкес реттеледі. Ұлттық банкі тұтынылатын банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, оларды сақтаудың, жоюдың тәртібін және қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын белгілейді.
Қазакстан Республикасы ақшалай банкнот өндірісі және екінші деңгейдегі банктердің инкассациясына лицензия беру бойынша өз күшімен енгізген жаңалығына байланысты қолма-қол ақша ахуалы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырып қараганда түбегейлі өзгеріске ұшырады. Коммерциялық банктер корреспонденттік шоттардағы каражат калдығының шегінде қолма-қол ақшамен нығайтылып отырды, онда операциялық кассадағы қолма-кол ақша қалдығының лимиті белгіленбейді.
Осыған қарай Ұлттык банк акша базасының шамасын Ұлттык банктің корреспонденттік шотындагы екінші деңгейдегі банктердің каражат мөлшерін реттеу арқылы, яғни баиктердің өтіміділігін реттеу арқылы реттеп отырады.
Бұл ақша-несие саясатының аспаптары арқылы жүзеге асырылады. Бұл аспаптар ақша базасыныц ұлғайган шегін көрсететін әрі ақша массасының ақша базасына катынасы ретінде есепте-летін акша мультипликаторының шамасына өз әсерін тигізед....
Курстық жұмыстар
Толық