Парламент сенатының алқа мәжілісінен кейін тілшілерге берген сұxбатында сенат депутаты Дариға Назарбаева биліктегі мұрагерлік туралы болжамдарға пікір білдірді деп хабарлайды Қазақпарат.
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар!
Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді. Заманның беталысын өздеріңіз көріп отырсыздар. Аса күрделі, қиын кезеңге аяқ бастық. Жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасу дүниені тұйыққа қарай бастауда. Біздің басты экспорттық өнімдеріміздің дүниежүзілік нарықтағы бағасы......
Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып....
Қазақстан – егемен ел. Қазақстан - ең әдемі мемлекет. Менің елімде үлкен-үлкен ғимараттар өте көп. Атап айтсам, «Бәйтерек», «Ханшатыры», «Бейбітшілік пен келісім сарайы». Қазақстан - әлем таныған дара ел. Елімді әлемге танытқан біздің спорт жеңімпаздарымыз. Олар: Илья Ильин, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло және т.б. Бұл жетістіктеріміздің бәрі - Елбасымыздың.....
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті халық алдында өзінің президенттік антын қабылдады. Елбасы Қазақстанның көк байрағын желбіретіп, тұғырлы елтаңбасын көкке көтерген кісі.Тәуелсіздігімізді жариялағанда, тәуелсіздік туын биікке көтерген де тұңғыш Президент. Президент-халық мақтанышы. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – бүгінгі заманның көрнекті саясаткері....
Сеңім де талай түсті-ау сергелдеңге, Сын аз ба халыққа серт берген Ерге «Елім»-деп шырқыраған Өзіңізді
Ұқсатам Күлтегіндей кемеңгерге-деп белгілі ақын Жадыра Дәрібаева жырлағандай, әлем картасынан орын алған Қазақстан атты жас мемлекеттің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - артынан ерген қалың елінің сеніміне ие болған, әлемге өзінің сындарлы саясатымен танымал болған тұлға. «Атаның баласы болма, Адамның баласы бол» - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, қарапайым қазақ отбасында туып-өсіп, тәрбиеленіп, ата өсиетін, ана ғибратын өмірлік азық еткен Елбасының ғажайып парасатты мен пайымы, ұлтжандылығы жас ұрпақ біздер үшін өнеге. Адамзат басына, күллі әлемге танымал болған осындай Елбасымыздың барына қуанышы да, мақтанышы да! Қазақ халқының қаншама жылдар....
Қашанда қарыздармын, елім, саған, Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған. Жүректің арнап ыстық махабатын, Туғанел, берерім көп менің саған.
Менің туып, өскен жерім – Қазақстан Республикасы. Қазақ халқында «Туғанелдей ел болмас, туған жердей жер болмас» деген дана сөз бар. Ұлтым өзбек болса да, мен өзімді қазақ қызындай сезінемін. Менің жаным да, тәнім де Қазақстан елінде. Қазақстан көп ұлтты, тәуелсіз мемлекет. «Бұтағы көп ағашқа құс қонар» - деген сөз менің еліме арнайы айтылғандай. Себебі Қазақстан жерінде қаншама ұлт өкілдері бір-бірін бауырлас біліп тату – тәтті өмір сүреді. Бір-біріміздің салт – дәстүріміз, әдет – ғұрпымызды құрметтеп, шын бақыттың дәмін тартудамыз. Бұл жерді менің ата-бабаларым да мекендеген. Олар бастарына қандай қиындық туса да мойымай, өз елін қорғап қалуға ат салысқан. Еліміздің қай жерін....
Президент дегенде – адам баласының ойында бай, текті отбасыдан шыққан деген ой туындайды. Ал қазақ елінің президенті 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында қарапайым Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген.
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары оқу орнын, 1967 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне....