Наурызбай Қасымұлы (1822, Көкшетау өңірі – 1847, Қырғызстан, Кекілік тауы, Майтөбе мекені) – батыр. Абылай ханның немересі, Кенесарының туған інісі. 1837 – 47 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысында ерекше ерлігімен көзге түскен. Наурызбай Кенесарының тапсырмасымен .....
Нағи Ілиясов (6.11.1920, Қызылорда облысы Тереңөзек ауданы "Қызыл коммуна" ауылы - 6.5.1987, - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушылар бөлімшесінің командирі, ефрейтор. Қазақ. 1929-36 жылы Арыс және Ташкенттегі балалар үйінде тәрбиеленген. 1936-39 жылы Орта Азия Мемлекеттік университетінде (Ташкент) оқыды. 1939-41 жылы Ташкент маңы Жоғары Шыршық ауданындағы мектепте мұғалім болды. 1941 жылы туған еліне оралып, 37-Жәдігер мектебінде неміс тілі мен тарих пәнінен сабақ берді. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың қаңтарында шақырылып, 2- Украина майданына қарасты 46-армия 99-атқыштар .....
Шарабарин Николай Александрович (23.3.1907, Өскемен қаласы – өлген жылы белгісіз ) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, барлаушы. Орыс. Кен шебері курсын бітіріп, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданындағы Құлынжон (Құлажон) кеніштерінде кен шебері болып жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарында 1928-30 жылы өз борышын орындады. 1942 жылдың шілдесінен майданда 529- атқыштар полкінде (Воронеж майданы, 38-армия, 163-атқыштар дивизиясы) болып, Сталинград қаласынан Берлинге дейін жетті. Орел - Курск доғасындағы ұрыстарға, Днепр өзенінен өту және Киев қаласын азат ету операцияларына қатысты. Соғыс кезінде Шарабарин 4 рет жараланды. Кустарево державасы үшін болған ұрыста жаудың окопына бірінші болып жетіп, граната лақтырды. Кеңес әскері бөлімшелерінің біріне жақын жерден танкіге қарсы .....
Турченко Николай Архипович (16.6.1921, Алматы облысы Кербұлақ ауданы Шаган ауылы - 1972, Ресей, Ставрополь өлкесі, Минеральные Воды қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға сержант, бөлімше командирі. 1940 жылы Кеңес әскері қатарына алынып, Ульянов жаяу әскер училищесін бітірді. 1942 жылы шілде айында майданға келді (161- атқыштар дивизиясы 565-атқыштар полкі). Турченко 1943 жылы қыркүйекте Черкассы .....
Николай Власович Черненко (25.12.1924 жылы туылған, Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданы Келте ауылы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, пулемет расчетінің командирі. Украин. Кеңее әскері қатарына 1942 жылы 10 тамызда шақырылып, 1942 жылдың желтоқсанынан 1-Беларусь майданы 7-гвардиялық атты әскер к .....
Николай Иванович Ященко (31.10.1919, Ресей, Новосібір қаласы - 8.1.2001, Ресей, Челябі қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, генерал, полк командирі. Орыс. 1941 жылы Қазақтау-кен металлургия институтын (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Кеңес әскері қатарына Алматы әскери комиссариатынан шақырылған. Алматы жаяу әскер училищесін бітіргеннен кейін (1942) 3-Украина майданы 57-армия 73-гвардиялық .....
Николай Степанович Чуриков (23.12.1910, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жұмат ауылы - 4.6.1997, Орал қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, кіші лейтенант, взвод командирі. Орыс. Ата- анасынан ерте айырылып, балалар үйінде тәрбиеленген. Жұмысшы факультетінде оқыды. Соғысқа дейін Ч. Осоавиахимнің Орал қаласы кеңесінің төрағасы қызметін аткарды. Соғыс басталысымен майданға аттанған. Сталинград шайқасында зеңбірек нысанашысы, сержант Чуриков жаудың 79 әскерін жойды. Осы ұрыстарда ауыр жараланып, госпитальда болды. Кейін офицерлік курсты бітіріп, .....
Шелихов Николай Степанович (6.12.1920, Шығыс Қазақстан облысы Глубоков ауданы Уварове селосы - 23.2.1945, Германия, Берлин қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант, 66- гвардиялық атқыштар полкінің рота командирі. Орыс. 8- сыныпты бітірген соң Үлбі МТС-ында трактор жүргізуші болып жұмыс істеді. 1939 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1941 жылдың шілдесінде Ұлы Отан соғысына қатысты. Шелихов Мәскеу түбінде, Тула қаласын жаудан қорғау шайқастарында .....
Олжабай Толыбайұлы (Төлебайұлы) (1709 – 1785, Ақмола облысы Ерейментаудағы Сілеті өзен бойы) – батыр.[1]Орта жүздің Сүйіндік руынан. Әкесі Толыбай Тәуке ханның билерінің бірі, шешесі Есенбике Төле бидің туысқаны Қаратайдың қызы. Толыбай 1723 жылы Жоңғар шапқыншылығы кезінде оққа ұшып, Олжабай нағашы атасы Қаратай батырдың тәрбиесінде болған. Олжабайдың ерлігі жайлы қазақ аңыздары мен деректі әңгімелер орыс ғалымдары Ф.А. Шербиннің, Н.Я. Коншиннің, Н.С. Смирнова мен Д.Примактың еңбектерінде баяндалған. Аңыз бойынша ол ең алғаш рет Қаратай батырдың туын ұстап, ұрысқа кірген. Олжабай батыр атты халық жырында оны қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына .....
Олжашы батыр (16 ғ. аяғы — 17 ғ. басы) Олжашы Орта жүз Арғын тайпасының ішінде Қаракесек руынан шыққан азамат еді. Қаракесектің Ақша деген баласы болған. Оның баласы Бошан. Оның баласы Бәйбөрі. Бәйбөрінің екінші баласы Олжашы батыр еді. Есім ханның тұсында 1627 ж.: «Хан Тұрсынды ант ұрсын», деп Қатаған Тұрсын ханға қарсы жорыққа баруға қол жиналған. Соңда қолбасшылардың бірі Арғын Олжашы еді. Тұрсын ханның әскері Сайрамның атырабында жеңілді. Өзінің ордасы Ташкент қаласы еді. Тұрсын хан .....