Педагогика | ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Егемен еліміздің қай заңын алсақ та, білім беру барысында жасөспірімдердің жеке бас қасиетін, тұлға ретінде қалыптасуын және оның танымдық әрекетімен, ой-санасын дамытуға баса көңіл бөледі. Себебі, жасөспірім – бұл болашақ маман. Осы тұрыдан алғанда, бастауыш сыныптарда білім беретін маман дайындау мәселесі қай кезде де өзекті істің бірі болып табылады.
Адамның жекебас болып қалыптасуындағы бүкіл болмысының ұйтқысы, мәйегі осы бастауышта құрылатыны педагоктердің де, психологтардың да еңбектерінде атап айтылып келеді. Оқушы бойында білім негізін қалайтын, баланың жеке басының дамуын қамтамасыз ететін тұлға – мұғалім.
Педагогикалық үрдіде орын алып отырған өзекті мәселелерді тиімді жолмен шеше алатын, өз ісінің шебері деуге болатын, мұғалім дайындау жоғары оқу орындарының міндеті. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіне ізгіліктендіру, демократияландыру бағыттарының енуімен байланысты болашақ ұстаздың психологиялық, педагогикалық тұрғыдағы дайындықтарын, яғни оқушымен дұрыс қатынасқа түсу икемдігін қалыптастыру, оны әдістемелік және теорилық жағынан дайындаумен қатар орындайтын мақсаттардың негізгілерінің біріне айналып отыр.
Педагогикалық институттарда териялық білім берумен қатар педагогикалық практиканы қазіргі заман талабына сай, мемлекеттік құжаттар негізінде, педагогикалық, психологиялық зерттеу жетістіктермен, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелермен сабақтастыра отырып жүргізудің мүмкіндігі мол. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Пәкістанның сыртқы саясатындағы қауіпсіздік және аймақтық жанжалдар мәселелері (ХХ ғ. 90-жж. мен ХХІ ғ. басы)

Мыңжылдықтар тоғысында, индустриялы қоғамның постиндустриялы қоғамға айналып, барлық халықтар мен өркениетті елдер өздерін шырмауықша орап ғаламдастырудың құшағында қалып қойған бұлтарысы көп тарихи кезеңде ғалымдар мен мемлекеттік қызметкерлер алдында бұрын соңды болмаған күрделі де аумақты мәселелер туындады. Бұл түбегейлі өзгерістің мәнін түсіну, әрі қарай дамудың үрдісін көре білу, оңдаған, жүздеген миллион адамдардың мүддесіне сай келетіндей ең тиімді қайта құру стратегиясын таңдай білу өмірдің өзекті талабына айналды.
Дүниежүзілік қауымдастықтың мүшелері арасында өзінің лайықты орнын алу үшін әрбір мемлекет өз әлінше алға ұмтылып жатқан кезеңде Оңтүстік Азия субконтинентінің кеңістігіне орналасқан Пәкістан сияқты мемлекеті де әлемдік және аймақтық істерге белсене қатысты.
Пәкістан Ислам Республикасы – Оңтүстік Азия субконтинентінің солтүстік-батысында орналасқан. Оңтүстік батысында Иранмен, батысында және солтүстік батысында Ауғанстанмен, солтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен, шығысында Үндістанмен шектеседі. Территориясы – 803 943 мың кв. км, халқының саны – 140,7 млн (2001 ж.). Астанасы – Исламабад қаласы. Әкімшілік жағынан: Пенджаб, Синд, Белуджстан, Солтүстік-Батыс Шекаралық провинцияларға бөлінеді. Халқының 97%-ы – мұсылмандар.
Тақырыптың өзектілігі. Пәкістан Еуразия континентінің Азия бөлігіндегі маңызды мемлекеттердің бірі болып табылады. Бұл осы елдің географиялық жағдайы мен экономикалық потенциялына ғана емес, сонымен бірге оның геосаяси процестерге әсер ету дәрежесімен де байланысты. Соңғы кездері Пәкістан аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелеріне көптеп көңіл бөлуде. 1998 жылы Пәкістан үндістан ядролық сынағына жауап ретінде өзінің ядролық қаруларын пайдаланды,

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Пәкістанның сыртқы саясатындағы ұстанған бағыттары мен принциптерінің әлемдік деңгейдегі қызығушылықтарын ғылыми жағынан ашу; елдегі ішкі және сыртқы саяси жағдайлардың шиеленісуі, мемлекет арасындағы қайшылықтарды реттеу, елдің саяси және әлеуметтік өмірін, халықаралық жағдайды және ұлттық аймақтардағы халықтардың жалпы жағдайын негізге ала отырып, жан-жақиы зерттеп, Пәкістан мен Үндістанға қатысты Кашмир мәселесі, және де Ауғаныстан қатынасындағы қайшылықтардың себептерін, оның аймақтық мәселеге қатысы, сыртқы саясатқа әсерін анықтау.
Аталған мәселелерді жүзеге асыру үшін жұмыстың алдына төмендегідей нақты міндеттер қойдық:
- қарастырып отырған кезеңдегі Пәкістан мемлекетінің сыртқы саясатына қатысты қауіпсіздік мәселелеріне талдау жасау;
- Пәкістан, Үндістан ұстанған факторларын салыстыра отырып талдау жасау ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының ең басты мәселелерінің бірі

Педагогика әуел бастан – ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесінде сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным – мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары заман ағына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырады. Адамзат қоғамының, ғылым-білімнің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түмсіндірудің қажеттігі туды. Осындай өмір, ғылым елегінен өткен мәліметтерді пайдаланып педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндірудің ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Кейінгі кезде педагогиканы тек қана мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды зерттейтін пән деген ұғым шеңберінен шыға алмаушылық та бар. Оның себебі, педагогика орта және жоғарғы дәрежелі білім беретін кәсіптік оқу орындарының жұмысымен жұртшылық арасындағы тәрбие мәселелермен зерттеумен айналысқан жоқ. Ал педагогика пәні жайындағы талас пікірлер, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында болмай, тек қана терминологиялық тұрғыда айтылып келеді. Өйткені, оқулықтар мен оқу құралдарында педагогика пәніне берілген әр түрлі аңықтамалардың өзі авторлар арасында бірыңғай көзқарастың жоқ екенін көрсетеді. Әрине, термин жөніндегі мұндай талас пікірлер педагогика ғылымның дамуына игі әсерін тигізбейді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР-дағы жұмысшы күші миграциясының негізгі және өзекті мәселелері

Кіріспе.
Қазіргі кезде халық санының көбеюіне байланысты жұмысшы күші де көбеюде. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғалы бері көп уақыт өткен жоқ.Мүмкін сол жайтқа байланысты болар, біздің елде жұмысшы күші миграциясы өзге елдермен салыстырғанда қатты дамымаған. Осы курсты таңдауымның себебі, осы Қазақстандағы жұмысшы күші миграциясының мәселелерін, өзекті проблемаларын кішкене ғана болса да шешу. Оның Қазақстандағы жағдайын, өзге елдердегі миграция жағдайын және осы мәліметерді салыстыру арқылы Қазақстандағы жұмысшы күші миграциясын дамыту. Курстық жұмысты жазу кезінде тек қана жұмысшы күші миграциясын қарастырып қана қоймай, онымен байланысты (мысалы: халық саны, білім деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, және т.б.) көрсеткіштерді қарастыру. Халықаралық миграцияның жұмыс бабындағы, отбасылық, рекреациондық (үзіліс, дем алу мерзімі) және туристік т.б. нысандары бар.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Қазіргі таңдағы дидактиканың оқыту және дамыту мәселелері

Кіріспе
Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі: Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі - оқу поцесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тәрбие және даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарым қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.
Кейінгі жылдары «оқу» ұғымы оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-әрекетін де мұғалімдер мен оқушылардың бірлікті іс-әрекетін де андататын болды. Мұгалім мен оқушының бірлікті іс-әрекеті болған оқу процесінің мәні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті әрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) біртұтастық және бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік.
Оқу және білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстанның салық жүйесі қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері

Кіріспе
Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.
Салық мәлімдемесі төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.
Табыс салығын алу белгілі бір төменгі деңгейден басталады. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын өсірудің базасы жасалады, салық төлеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді. Салық салудың нормасы – салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экология | Қоқыс ғасыр мәселесі

Жұмыр жерді мекендейтін сан - мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер - анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, саналы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»- тің күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл - қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып барады. Қасиетті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қасіреті қалың қазақ даласында бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл - қоқыс алаңдарына төгілгені. Ұлы даламыз - дағы күл - қоқыс «қоры» жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал ұлы даланың жер - жерінде есепке алынбаған тау - тау күл - қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) мен күл - қоқыстың 97 пайызын арнаулы күл - қоқыс алаңдарына төгумен ғана айналысады. Табиғат - бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.....
Ғылыми жобалар
Толық

Экология | Арал теңізінің ғаламдық мәселелерін қарастыру шаралары

І. Кіріспе
Қазіргі таңда табиғатқа түсіп отырған ауыртпашылықтың дәрежесі орасан екендігі соншалық, егер оны қорғауға тиісінше шұғыл көңіл бөленбесе, мұның ақыры апатқа әкелуі әбден мүмкін. Өйткені қоршаған ортаның ластануы ауқымы халықтың денсаулығы мен еңбек қабілетіне қатер төндіретіндей дәрежеге жеткендігі анық.
Арал - Қазақстан жеріндегі Қызылорда және Ақтөбе облыстары мен Өзбекстан жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогондік әрекеттерге дейін ( 1960 – 70 ж. ) дүние жүзілік теңіз деңгейінен 53, 0 м биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдынының ауданы аралдарымен қосқанда 66, 1 мың км кв, орташа тереңдігі 16, 1 м, ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69 000 мың км кв. болған. Сол кездерде жылына 50 - 150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м - ге төмендеді. Аралдың ауыр ахуалын Кеңес үкіметі кезіндегі ең жоғарғы лауазымды мемлекет және партия қайраткерлері білді. Бірақ, біле тұра тақап келе жатқан апат туралы ащы шындықты халықтан жасырды. 1988 жылы Көкарал аралы Оңтүстік құлықпен қосылып кетті. Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға – Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. Суы тайыз, тартылуы да қарқынды Кіші теңіз – Қазақстан жағында, ал Үлкен теңіз - Өзбекстан жағында қалды......
Ғылыми жобалар
Толық

Экономика | Қытай халқының демографиялық мәселелері

Жұмыстың өзектілігі: Қытай Халық Республикасының халқы және ұлттық құрамы қандай? Қытай халқының жас және жыныстық құрамындағы ерекшелігі қандай? Қытай халқының өсуі мен кемуі туралы не білеміз? Қытай халқының тұрмыс салты мен мәдениеті қандай? Қытай халқының қазіргі демографиялық мәселелерін қарастыру? Қытай халқының өсуі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсері?
Қытай халқы 1949 жылы революцияға дейін Қытайда халықтың тууы мен өлім-жітімі жоғары дәрежеже болып отыр. Жыл сайын миллиондаған адам аштықтан, эпидемиядан, ауру-сырқаудан, кездейсоқ апаттардан қаза болатын. Халықтың өсуіне жаппай эмиграция, көбіне жарлы-жақыбайлардың Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне кетуі кедергі келтірді.
1949 жылғы санақ бойынша Қытайдың құрлық бөлігінде халық саны 541 млн 670 мың адам болды. Елде қалыптасқан тіршіліктің тұрақтылығы мен өндірістің дамуына байланысты демографиялық бақылау бойынша халықтың өсуі артты. 1969 жылы халық санағы бойынша елдегі халықтың саны 806 млн 710 мыңға жетті. Демографиялық жарылыс қаупінің алдында тұрған Қытай үкіметі ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап халықтың санын шектеу мақсатында тууды жоспарлауға кірісті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде туу коэффициенті біртіндеп төмендей бастады. Егер бұл көрсеткіш 1969 жылы мың адамға шаққанда 34℅-ға тең болса, 1995 жылы 17,2℅-ға төмендеп, халықтың табиғ-ға төмендеп, халықтың табиғи өсімі мың адамға шаққанда 36℅-дан 11℅-ға дейін азайды.
Қытай тілінің көптеген диалектілері бар, ресми тіл мандарин диалектісі, өзге ең танымал диалектілер – юаухакка, ган, минь, цзян. Өзге тілдер арасында ең көп тарағандары тай, ұйғыр, мяо және қазақ тілдері.
Қытайдың қазіргі демографиялық саясаты. Қытайдың Қазақстанға байланысты саясаты Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн қарқын ала бастады. Өйткенi, әлемнiң алып күштерi үшiн «бос кеңiстiк» саналатын жерден өз үлесiн алып қалу керек болды. Бұл үшiн Қытайдың көптеген себептерi бар: 1) Экономикасының қарқынды дамуы шикiзат пен отын-энергетикаға деген сұранысын күрт арттырып жiбердi; 2) Мамандардың болжамдарына қарағанда Қытайдың территориясы 2 млрд. адамның ғана өмiр сүруiн қамтамасыз ете алады екен. Ал 2015 жылы Қытай халқы 2 млрд.-тан асады деп күтiлуде. Сонымен бiрге бұған «бiр жанұяға – бiр бала» саясатына қарсы санақта жоқ 2-3 баласы бар ауыл қытайларын қоссаңыз ресми санақтан да асып түсетiнi анық. Қытайдан келетiн қауiптiң iшiнен, әсiресе, Қытайдағы ерлер мен әйелдердiң арасындағы табиғаттың өзi реттеп отыратын сандық тепе-теңдiктiң бұзылу процесiне жұрт назарын баса аударғым келедi. Әулеттiң мұрагерлерiн ерлер жағынан қуалайтын дәстүрге берiк қытайлар бiр баланың ұл бала болуына айрықша мүдделiлiк танытуда. Нәтижесiнде, ұл бала көбейiп, қыз бала азайып барады. Зәрулiк туылған жерде адамдар тәсiлқой, амалшыл келедi ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Абай қара сөздеріндегі ар ұят және адамгершілік мәселесі

Осы зерттеу жоба Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі адамгершілік пен ар – ұят мәселесін қазіргі жас ұрпақ бойында қалай қалыптасқанын, оны қалай түсінетіндіктерін, қандай жерлерде қолдану керек екендігін табуға байланысты.
Мақсаты:
Абай Құнанбайұлының айтып өткен ақыл өсиеттерін айта отырып, қазіргі жастардан адамгершілік және ар – ұят мәселесін іздеу.
Міндеттері:
1. Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау.
2. Ұлы ойшылдың қара сөзіндегі ар – ұят, адамгершілік туралы мәселені ашып көрсету.
3. Ойшылдың ойын жас ұрпаққа насихаттау.
Гипотеза: Егер аға буын және отбасы жас буынның тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса, қазіргі жастардың адамгершілік рухы жоғары болады.
Зерттеу әдістері: сауалнама жүргізу, жағдаяттарды шешу және қорытынды шығару, ар – ұятты суреттеу, ұят туралы ұрпақтар сабақтастығы.
Объектісі: Абайдың отыз алтыншы қара сөзі
Зертеу пәні: Адамгершілік пен ар – ұят.....
Ғылыми жобалар
Толық