Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған ортаны қорғау Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның экологиялық мәселелері Осы сабақта қол еткізілетін оқу мақсаттары:(оқубағдарламасынасілтеме) Қазақстан аумағын экологиялық аймақтарға бөлу негізінде экологиялық мәселелердің шешу жолдарын ұсыну. Сабақ мақсаттары: Қазақстан аумағын экологиялық аймақтарға бөлу негізінде экологиялық мәселелердің шешу жолдарын ұсыну.....
Пәні: География Бөлімі: Демография Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы урбандалу мәселесі мен оған баға беру Сабақтың мақсаты: 9.4.1.11 - урбандалу үдерісінің себеп-салдарын түсіндіру арқылы байланысты проблемалардың шешу жолдарын ұсынады; 9.4.1.12 - Қазақстандағы урбандалу үдерісіне баға береді......
Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география Сабақтың тақырыбы: Құрлық суларының экологиялық мәселелерінің шешу жолдары Оқыту мақсаты: Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі Құрлық суларының пайда болу жолдарын анықтау. Құрлық суларының шаруашылықтағы тәжірибелік маңызын анықтау Сабақтың мақсаты: Құрлық суларының пайда болу жолдарын анықтау. Құрлық суларының шаруашылықтағы тәжірибелік маңызын анықтау....
Пән: қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Махаббат және абырой Сабақтың тақырыбы: Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Адамзаттың мәңгілік мәселесі Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С3. Әдеби эссе Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу Сабақ мақсаты: Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.....
ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІ Бөлім атауы: Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер Сабақ тақырыбы: Биоалуантүрлілік мәселесі Сабақ қамтитын оқу мақсаттары: 8.2.4.1 - тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау; 8.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала құрастырып жазу Сабақ мақсаты: Ғылыми стиль ерекшелігін түсінеді; Публицистикалық стиль ерекшелігін түсінеді; .....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері Сабақтың тақырыбы: Қазнеттегі қазақ тілін дамыту мәселесі Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру Сабақтың мақсаты: Оқушылар: мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыра алады....
Дипломатияда және тарихи әдебиеттердiрде XVIII аяғы мен XX басындағы халықаралық қайшылықтарды белгiлеу шарты Балкан хандықтарының түрiк басымдығымен күресi, Осман Империясының құлдырауы мен ұлы державалардың түрiк иелiктерiн бөлу мақсатында күрестерiн айқындады:( Австрия (1867-Австро-Венгриямен)Ұлыбритания, Пруссия, (1871-Германиямен) Ресеймен, Италиямен, Франциямен, соңынан АҚШ-пен). XVIII ғасырдығ аяғына таман Осман Империясының iшкi ыдырауының нәтижесiнде оның Еуропадағы иелiктерiн бөлу үшiн батыстың iрi-iрi державаларының арасындағы бiтiспес күресi басталды . Әр iрi держава өзiнiң талаптарын орындау үшiн барлық мүмкiндiктердi пайдаланды . Олардың әрқайсысы бiр-бiрiнiң Осман Империясында саяси және экономикалық ықпалын көбiрек болуына жол бермеуге тырысты . Ең өткiр қарама қайшылықтарды Түркия мемлекетiнiң Еуропалық иелiктерi туғызды . Патшалық Ресей Империясы Константинополь қаласын иемденiп, Қара теңiзде және оған шығу үшiн бұғаздарда еркiн жүзу құқығын қамтамасыз ету үшiн қатыгез күрес жүргiздi . Оған қарсы бiрiншi кезекте Англия мен Франция мемлекеттерi қарсы шықты . Себебi бұл мемлекеттердiң бұғаздарға қатысты өздерiнiң жеке мақсаттары болды . Ресей Империясы мен батыс державаларының арасындағы қарама – қайшылықтарды Балкан халықтары да туғызды . Ресей Империясы Балкан халықтарындағы Түркия мемлекетiндегi үстемдiгiне қарсы ұлт-азаттық күресiн әрқашанда қолдап отырды. Ал Англия мен Франция мемлекеттерi керсiнше сұлтан үкiметiн ұлт-азаттық қозғалыстарға қарсы күресте қолдады. Себебi , Түркия мемлекеттерiнiң Балкан түбегi елдерiндегi үстемдiгi батыс державалар үшiн жергiлiктi халықты шексiз сауда қанауының келiсiм-шартта бекiтiлген капитуляциялық режим мен төменгi төменгi кедендiк төлемдердiң кепiлi болды. Сонымен бiрге Еуропалық капиталдың айналымында ең тиiмдi жағдайларды жасады. Ал егер Балкан халықтары Түркия мемлекттерiнiң үстемдiгiнен босап, дербес мемлекеттердi құратын болса, онда батыстың ұлы державаларының мұндай артықшылықтары жойылатын едi. Сондықтан да Англия мен Франция мемлекеттерi «Осман Империясының мызғымастығы мен бiртұтастығы» лозунгiн ұстануға тырысты. Бiрақ шын мәнiнде батыс державалары Түркияны Еуропалық капиталға экономикалық және саяси тәуелдi ету, мемлекетте феодалдық құрылысты сақтау, балкан халықтарының босатылуына кедергi жасау, сонымен қатар, Ресей Империясының Константинопольге қарай қозғалуын тоқтату үшiн барлық күшiн салды, бүкiл мүмкiндiктерi жасады.....
Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді. Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді. 1987жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан). ....
Қазақстан Республикасы үшін экономикалық дамудың қазіргі жағдайларында болашақ дамудың: көші-қонның теріс ықпалы үнемі өсіп отырған дамушы елдің шаруашылық жүйесінен бастап, көші-қон үдерістері жалпы дамуға жағымсыз әсерін тигізе алмайтын қуатты жаңа мемлекетке айналуға дейінгі кең спектрі бар. Оның үстіне мұндай таңдау — республика халқының саны ұлттық экономикалық қауіпсіздікке қауіп төндіретін шекке дейін азаятындай дәрежеге дейін төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар, қазіргі заманғы экономиканың жоғары қарқынмен өзгерулері жағдайында болып жатқан оқиғаларда бірқатар елдердің түпкілікті емес халықтың саны басым болған мемлекетке айналу қаупінің шындыққа айналып келе жатқанын байқауға болады. Соған орай көші-қон үдерістеріне байланысты мәселелерді жүйелі тұғырнамалық талдап-зерделеудің қажеттігі мәселесі алға шығады. Әрине, көші-қон үдерістерін зерттеулер жүргізілуде, алайда олардың ауқымы жеткіліксіз және өзара байланыстырылмаған. Олар негізінен көші-қонның ең кең тараған көріністерін зерттеуге бағытталған. Көші-қонның осындай аспектілерінің бірі еңбек миграциясы болып табылады, оның үстіне көп жағдайда мұндай зерттеулердің нәтижесі дамыған индустриялық дәуірден соңғы елдер үшін дұрыс болып табылатын тұжырымдамаларды қайталайды. Бұл жағдайда әңгіме осы құбылыстың себептері жөнінде болып отыр — басты себеп ретінде жалақының төмен болуы көрсетілуде. Мұндай көзқарас мәселені тым қарабайырландырып жібереді, себебі, бұл жағдайда өндірістің типтері мен қозғаушы күштерінің модельдерінен бастап экономикалық дамудың мақсаты мен құралдарына дейінгі экономиканың барлық құрам бөліктерінің іс жүзіндегі өзгерулеріне байланысты туындайтын өтпелі экономиканың заңдылықтары есепке алынбайды. Бұл жағдайларда өздігінен алғанда жалақы деңгейінің көші-
Біз халықтың миграциясын еңбек бөлінісінің ең алдымен өндіріс саласына, иелену, меншікке алу салаларына қатысты екенін басшылыққа ала отырып, әлеуметтік-экономикалық категория ретінде қарастырамыз. Адамдардың өндірістік өзара әрекеттесуімен байланысты болған миграциялық үдерістердің нәтижесінде меншік мәселелері басшылыққа алынады — адамдардың еңбек бөлінісімен шартталған іс-әрекетінің нәтижесінде жасалатын қоғамдық байлықты иелену көзделеді. Әрине, адамдардың мұндай қозғалыстарында әрдайым экономикалық және әлеуметтік мүдделердің қатысы болады, бұның өзі халықтың көшіп-қонуға ниеттенуінің негізгі өзегі болып табылады. Егер, тіпті көшіп-қонудың себебі отбасылық жағдайлар немесе кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асырудың үлкен мүмкіндіктері, я болмаса қолайлырақ табиғи-климаттық жағдайлар, әлде ұлтаралық қақтығыстар болған күннің өзінде миграциялық үдерістердің қалыптасуының түпкілікті себептерін талдап-зерделейтін болсақ, оның негізінде ең алдымен әлеуметтік-экономикалық мүдделер жатқанын көрер едік. ....
Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді. Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді. Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.....