Ұялған кезде бір ойдың өзінен бұлшық еттердің дірілдеп, қалтырап жатқандығын сезінесіз. Барлығынан аз сөйлеп жатқандығыңызды да аңғарасыз. Не айтарыңызды білмей мазасызданасыз. Осындай аз сөйлеу немесе мүлдем жақ ашпаудан кейін өзіңіздің пікіріңізді қызықсыз санайды деп ойлайсыз.
Кез келген әдетті 30 күнде, яғни 1 айда қалыптастыра аламыз. Бүгінгі тақырыбымыз жақсы әдеттерді қалыптастыру туралы болмақ. Ол үшін ең алдымен алға қойған мақсатқа ұмтылуға көмектесетін ерік-жігер қажет. Осы ерік-жігердің көмегімен өзімізді 30 күн бойы қайрап отыратын боламыз. Иә, оңай емес. Іске кіріспес бұрын өзімізге «5 жылдан кейін кім болғым келеді?», - деп сұрақ қояйық. Бұл үшін бізге қандай әдеттер көмектеседі? Өзгерісті бүгінгі күннен бастасақ, өміріміз де өзімізбен бірге өзгереді. Ештен кеш жақсы! Сол себепті өмірімізді өзгертетін бір емес бірнеше әдетті таңдайық. Және өзіміздің прогрессіміз туралы жазбалар жазып, достарымызбен бөлісіп отырайық.
1. Күн сайын өзіңізге жақын адамға қошемет сөздер айтып отырыңыз. Оны сөзбен де, хат арқылы да жеткізуіңізге болады. Бұл ол адамның сіз үшін маңызды екендігін білдіреді. Осылайша өзге біреуге көтеріңкі көңіл-күй.....