Мұхтар Шаханов (Сейхундария)

Кірпігіне ел мұңын ұялатқан,
Сен куәсің бәріне, зиялы ақ таң.
Ох, қызарып ақтым мен қаншама рет
Адам қолы тудырған қиянаттан.
(Сейхун жыры)
Сексеуілді дала жатты секем алып үдеріп,
Сүйіктісін күтті жігіт атын отқа жіберіп.
Сүйіктісін күтті жігіт тоңдырса да түнгі ызғар,
Түнгі ызғардан жаурағандай дірілдейді жұлдыздар.
Өмір мынау, сенім, күдік алма-кезек жарысқан.....
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Жаңғырық немесе Ақсақ Темір қалай басталды)

Әр мұзбалақ өз әнін айта келер,
Айта білу ежелден байтақ өнер.
Тауға шығып ән салсаң
(О, керемет!)
Жаңғырық боп дауысың қайта келер.
Жауап беріп жататын сан қылыққа,
Бір заңдылық жатыр сол жаңғырықта.
Иә, оған күмән жоқ, сондықтан да
Басымды ием сол ұлы заңдылыққа. .....
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Күрескерлік рухыңды өлтірме)

Ұлтымыздың қайсар рухын иемденген қара қыз,
Махамбеттің қарындасы, дарындысы - қара қыз,
Сеніменен молыққандай, толыққандай санамыз,
Қатпар-қатпар әйел жанын түсінуге талпынсақ
Алдыменен сөзіңді еске, өзіңді еске аламыз,
Ұлтымыздың қайсар рухын иемденген қара қыз. .....
Өлеңдер
Толық