Рамазан – 1 ай береке,4 апта толассыз тілектер, 30 кун кешірім, 720 сағат шынайы мүмкіндік, 43200 минут мейірім шуағы, 2592000 секунд тогілген нұр.Талайды көптен күттірген өзімен бірге мол сауап арқалап келе жатқан берекелі Рамазан айы жақындады.Осы жылғы Оразаның тиімділігі қыстың қақаған суығына не шілденің шіліңгір ыстығына емес мамырдың мамыржай күніне келіп тұр.Яғни қасиетті ай мамырдың 6-нан бастау алады. Рамазан айы – Ұлы Алла Тағаланың ерекше ықыласы түскен,сауабы көп, айлардың ең қайырлысы.Жаратушы Алла адам баласына 5 парызды жүктеген.Солардың бірі Ораза ұстау. Құран Кәрiмде: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретiнде Құран түсiрiле бастаған ай. Сендерден ....
Тәуекел Мүслім (1988 жылы желтоқсанның 9 жұлдызында Алматы қаласында дүниеге келген.) – әнші, тележүргізуші және актер. Кішкентай кезінен Тәуекел спортқа жақын болған. Әрқашан футбол ойнағанды жақсы көрген, тіпті футболист болу оның бала кезгі арманы болған. Сонымен қатар жүзумен және күреспен айналысқан. Әртурлі спорттармен айналыса Тәуекел өзінің формасын сақтауға тырысқан. Алматы қаласындағы №140 мектеп-гимназиясын бітірген соң анасы Тәуекелге шарт қойды: өз күшімен грантқа түсу немесе әскерге бару. Тәуекел түндерін кітаптармен өткізіп, нәтижесінде емтиханды жақсы тапсырып институтқа түсті. Тәуекел Мүслім машина жасау мамандығын бітіріп «инженер-механик» мамандығын алған. Студенттік жылдары тек қызықты кездер ғана емес, өмірінің маңызды кезеңі болған. Себебі,Тәуекел өнер саласында өзін сынап көргісі келді. Бастапқыда модель болып, кейіннен жарнамаларға түсті. «Махаббатым жүрегімде» телесериалында басты рөлді сомдап, қазір Хабар телеарнасындағы «Жаңа күн» бағдарламасының жүргізушісі. Сонымен қатар,Тәукелді әншілік жағынан тануға болады. Өкінішке орай, әкесі оның өнер саласындағы жетістіктерін көре алмады. Тәуекел Мүслім әкесінен 22 жасында айырылды. Түсірілімнен қолы босамай жүретін сері биылғы жазды демалысқа, жеке өміріне арнаған сыңайлы. “Шынымды айтсам, дəл қазір алдыңғы маусымдағыдай қыруар жұмыс жоқ. Түсірілімдер азайып, өзіме, отбасыма, достарыма көңіл бөлудемін. Жуырда жаңа отандық комедияға түстім. Бірақ, басты рөлде емес, қосалқы кейіпкер образын сомдадым. “Сырт келбеті үшін басты рөлді сомдаған” деп кінə артқыш жандарға бұл үлкен жаңалық болмақ»,-дейді актер.....
Дұға қабыл болатын мезгілдер, мекендер мен жағдайлар қандай? Алла Тағала – әрдайым сырлар мен сыбдырларды Естуші, жасырын мен әшкерені Көруші, жүректер мен жағдайлардан Хабардар. Дей тұрғанмен, Жаратушымыз кейбір уақыттарды ардақты етті әрі сол уақыттарда жасалатын құлшылықтар, дұғалар Алла үшін басқа уақыттарға қарағанда артығырақ әрі сүйіктірек.