Мұқағали Мақатаев (Ажалға)

Менің досым, болсаңшы кешірімді,
Сабыр етші, тауысайын несібімді.
Басталмаған ісім көп. Аялдашы!
Қақпашы тым ертерек есігімді.

(Алам десең, пендеңнін жаны дайын)
Тоқташы, тіршіліктен....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Шаршадым білем)

Шаршадым білем.
Жантая кеткім келеді.
Миыңды жеген, кұрысын бүйткен өлеңі!
Күйзеліп тапқан көңілімдегі көрікті ой,
Аузымнан түссе адыра қала береді.

Өлеңі құрысын,
Таппадым одан миятты,
Жазбай-ақ....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Кешіріңдер)

Кешіріңдер, туыстар,
Кешіріңдер, ағайын,
Өр көкірек бейбаққа өкпеледің талайың.
Кірсіз көңіл ақ туын
Жоғары ұстап, ағайын,
Ақ киімге оранып, алдарына барайын.
Кешіріңдер, жарандар,
Қошаканың....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Пенделік)

Арылайын десем де пенделіктен,
Арылатын болмадым - ол неліктен?
Жүгіріп те көрдім ғой, жығылып та,
Ұрынып та жүрмін ғой, бұғынып та.
Жаныма өгей жасанды....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Жүрек арызы)

Оу, ием менің,
Өзіңнен бұрын жаралғам.
Алдымен — менмін,
Сонан соң — сенсің жаралған.
Басың мен миың, ақылың, есің, кимылың,
Аяқ пен колың —
Барлығы менен....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Соқ, жүрек)

Қалай-қалай соғасың, қан жүрегім?!
Соғасың, әлі өмірің бар білемін.
Дем ала ғой, байғұсым, дем ала ғой,
Бұл тірлікте құмарым қанды менің.

Мазалама кеудемді, ойнақ салып,
Хал жоқ менде....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Жанашырға)

Білем...
Білем...
Сендерді, туыстарым!
Өзімсініп дұрыс қой ұрысқаның.
Көкпар тартсаң өзімді — өздерің біл,
Жырларымда болмасын жұмыстарың!

Жырым менің - өзімнің асау жаным,
Іздемей-ақ қой оның....
Өлеңдер
Толық