Табиғат тарихында бірінші рет, Түннің қара қылшықты түгі түлеп, Түн күндізге айналып, қалғытпады Түн болса тынығымпаз миды жүрек. Көлемі жұмыртқадай болса-дағы, Маған жүрек бейне бір....
Бар тәнін жұлдыз жапқан барқыт түнде, Комбайнға күзетші шалмен бірге Далада отырдым мен, Кұлағымды Бірдей сап шал сөзіне, басқа үнге. Шалымның аты Кенбай - сөз ұясы, Басы, бір жалғанның кең дүниясы; Ертегі, өлең, жырдың, шежіренің Миы бай, көркем, сұлу антологиясы. Сарқылмас сөзі таудың.....
Жаз күні жайнаған гүл жан-жақ кілең, Жердің беті масаты жайған кілем. Көкте көлбей қалқыған сирек бұлт Бір түстес жерде, көкте шаттық рең. Күн шырқап шыққан биік түстің кезі, Өң беріп жер жүзіне нұрлы көзі, Самалдың жұмсақ қана есіп өткен Мұрныңды қытықтайды бал лебізі. Бәрі де адамзаттың.....
Мал!- Сен менің серігім едің жастан, Сенің даусың - азаным құлақ ашқан, Мен бесікте жатқанда, лақ пенен Қозының арасында маңырасқан. Әкем малшы, сорлы анам сауыншы да, Зар болып, қолға әлдилеп алушыға, Жанында маңыраған......
Есіңде ғой, қазақта әйел күң де, Бәсі келсе сататын малмен бірде Сол күңдіктің ішінен көзіңді ашып, Съезге ермен тең болып келдің бірге. Не айтылды съезде.....
Күн көзі тұтылғандай түрде болды, Жел зарлы қайғыланған үнде болды, Барлығы - жаратылыс басын иіп, «Біз де ортақпыз» дегендей тілде болды. Көше үсті желбіреген....