Осы аптада Қазақстанның орталық атқарушы және жергілікті органдарында ауыс-түйістер орын алды. ҚазАқпарат апта ішіндегі кадрлық тағайындауларға шолу жасайды.
Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған арнайы комиссия Ұлттық бірыңғай тест қорытындысы бойынша мемлекеттік білім гранттарын бөлу мәселесін қарауды аяқтады. Ол грант алатын түлектердің.....
Табыстарының еселеп артқаны соншалық, танымал әнші, ақын, сазгерлер авторлық құқық үшін жылына 800 миллион теңге сыйақы алады екен. Жұлдыздардың кірісін есептеген Әділет министрлігі олардың еңбегі заңмен қорғалған деп отыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Бескүндік білім жүйесіне көшетін болсақ, оқу жылын жаздың ортасына дейін ұзартуға тура келеді. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті деп жазады Қазақпарат.
Жүргізушілерден тығылып, таса жерден радармен тұратын айлакер жол полицейлері жұмыстан шығарылады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Игорь Лепеха мәлім етті деп хабарлайды Қазақпарат.
Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қолданыстағы жиіліктер және қосымша жиіліктер бөлудің «технологиялық бейтараптылық» тұжырымдамасы бойынша ұялы байланыс операторларына 4G қызметін көрсету құқығын беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің баспасөз қызметі.
Бүгін Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовті мүлкін тәркілеп, 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды nur.kz тілшісі.