Ұлыбритания қазақстандық бизнесмендерге виза беруді жеңілдетті

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін Ұлыбританияға бизнес-виза алу процедурасы жеңілдетілді.

Фото: newskaz.ru
Фото: newskaz.ru

ҚР Премьер-Министрі ресми сайтының хабарлауынша, бұл жайында Ұлыбритания Премьер-Министрінің сауда елшісі Чарльз Хэндри қазақстандық-британдық сауда-өнеркәсіптік кеңестің 17 отырысында мәлім еткен.

"Біз енді ілкі негізде виза берудің арнайы бағдарламасын жүргіземіз. Оның аясында Қазақстан азаматтарына бизнес-виза беруге бар-жоғы 2-3 күн қажет болады", - деді Чарльз Хэндри.

Бүгінде 16 қазақстандық компания осы бағдарлама бойынша визаға құжаттарын тапсырып, олардың 10-ы визаларын алған.

"Бұл бағдарламаны әрі қарай жалғастыруға ниеттіміз, мерзімдер шектелмеген. Менің білуімше, осы бағдарлама бойынша 150-ге жуық виза берілген. Тағы бір жағымды жаңалық - қазан айынан бастап Астана мен Лондон арасында тікелей әуе рейстері ашылады, оны Air Astana компаниясы жүзеге асырады. Көптеген бағыттар бойынша өрлеу жүріп жатқанын көріп отырмыз", - деді британдық Үкімет басшысының өкілі.

Жаңалықтар
Толық

Биология | Дәрумен (Витамин)

Дәрумен (Витамин)– адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол....
Рефераттар
Толық

Кедейлікке апаратын 7 әдет

Бай боламын десеңіз төмендегі жеті әдеттен арылғаныңыз абзал.

1. Жанаярлық
Кедей адамдардың кһбісі жанаярлар екенін білесіз бе? Өз тағдырына өзі налып, «менің тағдырыма баю жазылмаған» деп айтудан еш жалықпайды. Қажырлы еңбек ешқашан сізді аш.....
Кеңестер
Толық